ӘИБ серіктестерінің 2017 жылы бойынша есеп

Британдық кеңес 

Жоба: Табысқа ағылшын тілімен 

Британдық кеңестің «Табысқа ағылшын тілімен» жобасы сабақ берудің сапасын, оқуды  және ағылшын тілін меңгеруді бағалауды жақсартуға бағытталған, бұл өз кезегінде бенефициарлар үшін кәсіби және академиялық мүмкіндіктер ашады. 

Жобаның негізгі мақсаттары:  

  • Атырау облысында ағылшын тілін оқыту әдістерін зерттеу, бағалау және оны жақсарту бойынша кеңес дайындау;
  • Кейіннен аймақ бойынша өз әріптестерін оқыту үшін тұрақты инфрақұрылым ашатын нұсқаушы-ұстаздар тобынқалыптастыру;
  • Таңдаған мамандыққа тұрақты даярлау арқылы студенттер арасында ұстаздық қызметтің тартымдылығын арттыру.

2017 жылдың  қорытындылары

  • 2017 жылы Лестер университеті (Ұлыбритания) Атырау облысындағы түрлі оқу орындарында ағылшын тілін үйрету әдістемесі бойынша жан-жақты талдау жұмысын жүргізді.  Зерттеу форматы негізінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің, білім және ғылым  департаменттерінің мамандары, жоғарғы оқу орындары мен мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ, оқушылар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамадан бөлек, Лестер университетінің мамандары тікелей сабақтарға қатысу арқылы және фокус-топтар көмегімен сабақ беру әдістемесін зерттеді. 369 адам сауалнамаға тартылып, 14 фокус-топ отырыстары өтті және мамандар 16 сабаққа қатысты; 
  • 2017 жылы 160 мұғалім Британдық кеңес ұйымдастырған ағылшын тілі курстарынан өтті, сондай-ақ, оларға 29 STEM (ғылым, технология және математика) мұғалімі қатысты;  
  • Атырау мемлекеттік университеті базасында “English only space” ресурстық орталығы ұйымдастырылды. Орталық ағылшын тілін меңгеруді одан әрмен дамыту хабы рөлін ойнайды және ол университет студенттерінен бөлек қала мектептерінің оқушылары мен мұғалімдеріне де ашық;
  • Пилоттық жоба ретінде Атырау мемлекеттік университеті жанынан болашақ ағылшын тілі оқытушыларынкәсіби даярлайтын курс ашылды. 25 қатысушы осы курстан өтіп, Cambridge ESOL TKT сынағынан өтіп, тиісінше  халықаралық сертификатқа ие болды. Аталған курс барлық қатысушылар көңілінен шығып,  ағылшын тілін оқыту бойынша халықаралық сертификат алғылары келетін өзге  де студенттердің қызығушылығын оятты Британдық кеңес ашқан ағылшын тілінде сөйлеу клубтары мен драма үйірмелері арқылы;
  • «Табысқа ағылшын тілімен» жобасына қатысу мүкіндігіне ие  қатысушылар саны артты. Аталған екі клуб шамамен 70 адамды қамтыды және олардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі айтарлықтай артты. 

Орталық Азияның Еуразия Қоры  

Жоба: Атырау облысы мен Жылыой ауданында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту  

Жоба Атырау облысы мен Жылыой ауданындағы халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған.      

Жобаның негізгі мақсаттары:

  • Тұрғындар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті белсенді түрде насихаттай отырып, әлеуметтік мәселелерді шешудің инновациялық жолдарын қарастыру;  
  • Бастамалары қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпкерлерге тиісті білім беру, қаржылық және консультациялық қолдау көрсету.

2017 жылдың қорытындылары 

  • Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Жарқыра» әлеуметтік жобалар байқауын ұйымдастырды. Байқау нәтижесінде 6 қатысушы өз бастамаларын жүзеге асыру үшін пайызсыз несие алды. Жалпы бөлінген қаржы 19 млн. теңгеден асты. Сонымен бірге, ОАЕҚ жоба аясында байқау жеңімпаздарына консультативтік қолдау көрсетеді; 
  • ОАЕҚ семинарлар, дөңгелек үстелдер және жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастыру арқылы әлеуметтік кәсіпкерлікті тұрғындар арасында насихаттауды жалғастырды. Аталған шараларға облыстың жеті ауданынан 218 кәсіпкер қатысты; 
  • Өткен жылы «Жарқыра» бағдарламасы, оның нәтижелері мен артықшылықтары туралы республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 25 мақала жарияланып, жұртшылық назарына ұсынылды;
  • “Жарқыра” «Атамекен» ҰКП жанындағы іскер әйелдер Кеңесінің қолдауына ие болды. Әлеуметтік кәсіпкерлік идеясы кеңінен қабылданып, ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қойылды; 
  • Әлеуметтік кәсіпкерлік жөнінде екінші құрылтай ұйымдастырылып, оған әр аймақтан 100 делегат қатысты. Құрылтайда «Жарқыра» байқауының қорытындысы шығарылды. Ал жеңімпаздар өздерінің табыс тарихымен лекция және видео-презентация түрінде бөлісті. 

Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясы

Жоба: Атырау облысы тұрғындары арасында жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу

Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясының жобасы алғашқы медициналық көмек мекемелеріндегі гипертензия мен жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын арттыруға бағытталған.  

Жобаның негізгі мақсаттары:

  • Жобаны дамыту үшін қолайлы жағдайлар тудыру, соның ішінде денсаулық сақтау органдары тарапынан қолдауды қамтамасыз ету;
  • Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, уақытында анықтау және емдеу үшін алғашқы медициналық көмек көрсету мекемелеріндегі медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға жұртшылықты кеңінен жұмылдыру.

2017 жылдың қорытындылары 

  • Жобаның өткен жылғы басты жетістігі - Атырау облысы денсаулық сақтау басқарамасының қызметкерлері тарапынан қолдаудың қамтамасыз етілуі және алғашқы медициналық көмек көрсету мекемелеріндегі дәрігерлер мен медбикелерге, сондай-ақ, медициналық колледж студенттеріне арналған KAFPSelect кәсіби жетілу бағдарламасын енгізу болды;
  • KAFPSelect бағдарламасы бойынша 14 дәрігер мен 14 медбике даярлықтан өтті;
  • 79 пациент жеке емдеуден өтті, қазір дәрігерлер бақылауында;
  • 79 пациенттің жағдайын жан-жақты қамтыған онлайн тренингтер ұйымдастырылды
  • 79 пациенттен бөлек, ассоциация мамандары түрлі деңгейдегі 53 науқасқа консультация берді;
  • KAFPConnect онлайн тобының аудиториясы 426 дәрігерге жетті, олар 100 түрлі жағдайды талқылаудан өткізді;
  • Медициналық колледж студенттері арасынан шыққан 14 еріктіге арнайы тренингтер өткізілді;
  • Қоғамдық орындарда 38 рет қан қысымын өлшеу ұйымдастырылып, оған 3272 адам қатысты. Олардың 1322-нің қан қысымы жоғары екені анықталды.  

Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы 

Жоба: Менің кәсіби таңдауым 

«Менің кәсіби таңдауым» әлеуметтік жобасы үш бағыттан тұрады:  

  • Балаларды оқыту, 
  • Білім беру мекемелеріндегі мамандармен ынтымақтастық және  
  • Ата-аналармен жұмыс.

Жобаның негізгі мақсаты: Оқу профилі мен болашақ кәсіпті таңдау процесінде оқушыларға кәсіби бағдар қолдауын көрсету арқылы кәсіби тұрғыда өз келешегін анықтау мәдениетін қалыптастыру.

2017 жылдың қорытындылары

IGK (5)
  • Кәсіби бағдар тренингтері және мамандық таңдау кеңесі берілетін кәсіби тестілеу 5 мектепте өткізіліп, 249 астам бала қамтылды;
  • Тестілеу нәтижелері бойынша ата-аналар жиналысына 208 ата-ана қатысты. Жиналыстарда олар өз балаларының жеке қарым-қабілетіне қарай мамандық таңдау бойынша кеңестер алды;
  • 211 педагог үшін мектепте кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру жөнінде тренинг ұйымдастырылды. Талдау көрсеткеніндей, мектеп психологтары үшін тренингтер қажет, ал жылдық жоспарда жан-жақты кәсіби бағдар шаралары қамтылуы тиіс;
  • Кәсіби бағдар экскурсиясына 250 оқушы қатысты; 
  • Атырау қаласы мен Жылыой ауданы интернаттарының, сондай-ақ мектептерінің 118 оқушысы арт-терапия және ағаш ұсталығы үйірмелеріне қатысты; 
  • Жазғы шеберхана 195 баланы қабылдады

Мүгедек Әлемі 

Жоба: «Қолтаңба» шеберханасы

«Қолтаңба» шеберханасы жобасы мүмкіндігі шектеулі жандарды жалғыздықтан бой сергітіп, араласатын адамдарын көбейтіп, қолданбалы өнер мен ағаш ұсталығын үйренулері үшін олардың әлеуметтік маңыздылығын арттыратын шараларды қамтыды.  

Жобаның негізгі  мақсаты: Кәдесый бұйымдарын дайындау бойынша интенсивтік, жүйелі және практикалық оқуды ұйымдастыру арқылы Атырау қаласы мен ауылдық округтердегі мүмкіндігі шектеулі жастардың өмір сапасын арттыру.

2017 жылдың  қорытындылары

  • Мүмкіндігі шектеулі 102 адам жобаға қатысты, оның 50-і бала;
  • Қолданбалы өнер мен ағаш ұсталығы бойынша 5 шеберлік дәрісі өткізілді;
  • Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардың 80%-ның өзіндік бағалауы артқан. Бұл мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасының маңызды индикаторы;
  • “Аналар үйі” жоба серіктесіне айналды.
Mugedek Alemi (1)

PYXERA Global 

Жоба: Ынтымақ

PYXERA Global ұйымының «Ынтымақ» қауымдастықты дамыту бағдарламасы еріктілер қызметін және «Теңізшевройл» (ТШО) қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін мен жергілікті еріктілерді тарта отырып, қаражат жинау бастамаларын ұйымдастырумен айналысады.  

Жалпы алғанда ТШО қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінен құралған 264 ерікті жергілікті қауымдастық игілігі үшін 1227 сағат жұмыс атқарды. «Ынтымақ» ұйымының еріктілері ағылшын тілі клубының 46 кездесуін ұйымдастырды. Оған 160 студент, 17 мұғалім қатысты. 52 рет Жастар үйі мен Балалардың бейімделу орталығына барды. Аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін киім-кешек жинап, 31 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны қайырымдылыққа жұмсады.

2017 жылдың қорытындылары

Yntymak
  • Атырау мұнай және газ университеті мен Атырау мемлекеттік университеті еріктілерінің көмегімен жыл бойына ағылшын тілі клубтары жұмыс істеді. 120 студент пен 9 оқытушы клуб шараларына қатысты; 
  • ТШО қызметкерлерінен құрылған еріктілер 90 студентке жеке жетілу және жұмыс өнімділігі туралы бірнеше лекция оқыды;
  • Қараша айында «Достар Атырау» ұйымымен бірге  құлақ мүкісі бар балалар үшін есту аппаратын сатып алу үшін арнайы қаражат жинау шарасыұйымдастырылды. Нәтижесінде 10 мың АҚШ доллары жиналып, 14 бала есту мүмкіндігіне ие болды; 
  • Аз қамтылған отбасылар үшін жылы киім-кешек пен азық-түлік кәрзеңкесін жинау шаралары өткізілді. Барлығы 60 отбасы мен жалғызбасты аналар үшін 500 кг астам киім-кешек жиналды; 181 отбасыға азық-түлік кәрзеңкелері таратылды; 
  • Еріктілер аз қамтылған отбасылардың315 баласына мектеп жабдықтарын алып берді.  

Жаңа ақпараттық серпін

Жоба: Ақпараттық технологиялар дәуірінің қоғамы   

Жоба Атырау облысы мен Жылыой ауданы оқушылары мен ұстаздарына жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануды үйретеді және оларға техникалық қолдау көрсетеді. Жобаға Атырау қаласы мен Жылыой ауданының орта мектептері, бейімделу орталығы, «Шаңырақ» балалар үйі және Жастар үйі қатысты.  

2017 жылдың қорытындылары

  • Ақпараттық технологиялар бойынша жалпы ұзақтығы 468 сағат құрайтын 255 тренинг ұйымдастырылды;
  • Ақпараттық  технологияларды  жұмыста пайдаланудың артықшылықтары көрсетілді / 409 электрондық пошта ашылды;
  • Жұмыс орындарында техникалық қолдау көрсету: 14 компьютер жөнделді;
  • 732 бенефициар АТ базалық дағдылары, Microsoft бағдарламалық қамту, интернет іздеу құралдары, әлеуметтік желілер және Gimp, Audacity сияқты жетілген бағдарламалар жөніндегі оқу курстарына қатысты; 
  • 243 жұмыссыз, жетім балалар, жалғызбасты аналар және кәмелет жасқа толмаған балалар үшін АТ технологиялары бойынша тренингтер өткізілді.