Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының 2018 жылғы қортынды есебі

Еуразия Қоры – Орталық Азия

Жоба: Жарқыра – Атырау облысы мен Жылыой ауданында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту

Жоба Атырау облысы мен Жылыой ауданы халқының маңызды әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған.

Жобаның негізгі мақсаттары:

  1. Тұрғындар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті белсенді түрде қолдау арқылы әлеуметтік мәселелерді шешудің инновациялық әдістерін іздеу
  2. Бастамалары қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпкерлерге білім, қаржы және консультациялық тұрғыда қолдау  көрсету.

Нәтижелер:

2018 жылы «Жарқыра» бағдарламасы аясында 8 әлеуметтік және кәсіпкерлік жобаға 12 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді., оның 6 Атырау қаласынан, ал 2 жоба Жылыой және Махамбет аудандарынан.

 

Гүлбарам Ермуханова «Венера» инклюзивті шеберхана» жобасымен. Гүлбарам ең жоғары ұпай санын жинап, 3 миллион теңге көлемінде грант және кәсіби тағылымдама ұтып алды. Ерекше баланың анасы болғандықтан Гүлбарам Атырау қаласындағы осындай балалардың ата-анасы кездестіретін проблемаларды біледі. Жоба психикалық дамуында, сөйлеу қабілетінде кедергілері, сондай-ақ, аутизм диагнозы, Даун синдромы бар мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына көмектеседі.

 

Гүлден Өтебалиева Махамбет ауданындағы «Мүгедектерге арналған спорт клубы» жобасымен 1,5 миллион теңге көлемінде пайызсыз қарыз және кәсіби тағылымдама алды. Клуб спорт мектебіндегі бөлмені алып отыр. Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған үстел ойындары мен үстел теннисі бойынша жаттығулар өткізіледі. Гүлденнің мақсаты көбірек МША-ды спортқа тарту.

 

Ілияс Үсенов «Сенім» МША арналған спорттық-сауықтыру орталығы» жобасымен 1,5 миллион теңге көлемінде пайызсыз қарыз және кәсіби тағылымдама алды. Ілияс өндірістік жарақат нәтижесінде 1-топ мүгедектігін алғаназамат. Бірнеше жылдан бері Алматы мен Астанада түрлі орталықтарда оңалту курстарынан өтіп келеді. Сондықтан ол Атыраудағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық-сауықтыру орталығын ашуға шешім қабылдады. Ілияс орталығына келушілер арнайы жаттығу құрылғыларын пайдаланып, бір-бірімен араласа алады.

 

Алмагүл Шудабаева «FasTracKids: Болашақ көшбасшылар» жобасымен 3 миллион теңге көлемінде қарыз және кәсіби тағылымдама алады. «FasTracKids» – ол балалар оқу орталықтарының халықаралық франшизасы. Орталықтың жұмысы балаларға арналған дамытушы орта құруға, олардың қабілеттерін ашуға, қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Монтессори кабинетінде мүмкіндігі шектеулі балалар оқи алады. Жоба Құлсары қаласындағы мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігі мен балаларды сапалы ерте жетілдіру мәселелерін шешеді.

 

 

Асқар Алдан «Робототехника клубы» жобасымен кәсіби тағылымдама ұтып алды. Робототехника сабақтарында 6 және 16 жас аралығындағы оқушылар роботтарды жинап құрастырады, бергіштермен және моторлармен жұмыс жасайды, роботтарға бағдарлама жазады. Бұл олардың техникалық және инженерлік дағдыларының, логикасының, мәселелерді және шешімі жоқ болып көрінетін тапсырмаларды шешу қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді.

 

Гүлжан Елешова «Туған жер» өлкетану және туризм клубы» жобасымен 500 мың теңге көлемінде пайызсыз қарыз алды. Жоба оқушыларға туған өлкесін зерттеуге, күн көріс дағдыларын үйренуге мүмкіндік береді. Клуб қатысушылары туристік жорықтарда көмектесетін теориялық білім алады.

 

Татьяна Циммерман «Бақытты ана» босануға дайындау орталығы» жобасымен 3 миллион теңге көлемінде пайызсыз қарыз және кәсіби тағылымдама алды. Орталық әйелдерге дүниеге дені сау бала әкелуге және отбасын біріктіруге көмектеседі. Ол үшін орталықта арнайы дене шынықтыру сабақтары, отбасы психологымен консультациялар мен дәрістер өткізіледі.

 

Марина Канцева «Всплеск» шығармашылық студиясы» жобасымен кәсіби тағылымдамадан өтеді. Марина студияны 2016 жылы ашқан болатын. Студияда музыкалық театр, фотостудия жұмыс істеуде, вокал, хореография, көркем сурет және қолөнер сабақтары өтуде. Студияда «Біз өмір сүреміз» атты жасөспірімдер клубы жұмыс істейді. Оның әлеуметтік міндеті - аз қамтылған отбасыларынан шыққан жасөспірімдерді гуманитарлық және шығармашылық қызмет саласында бастапқы кәсіби бағдарлау, жұмыс орындарын құру және болашақ кадрларды даярлау.

 

2016-2018 жылдар аралығындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің нәтижелері мен жетістіктері:

  • 2018 жылы Айгүл Мақтаубаева (2016 жылы) Құлсары қаласындағы керең-мылқау әйелдерге арналған тігін шеберханасын ашу үшін 1 млн теңге көлемінде грант алды.
  • Эльвира Айтуева (2016 жылы) 2018 жылы Жылыой ауданының «Жыл кәсіпкері» болды
  • Шарбат Бисалиева 2018 жылы «Қазақстан бизнес ледиі» атанды.
  • Гүлжан Елешова 2018 жылы Атырау қаласының «Жыл кәсіпкері» болды
  • Гүлбарам Ермұханова, Гүлден Өтебалиева, Ілияс Үсенов өз жобаларын дамыту үшін Әлеуметтік жобаларды дамыту қорынан 500 мың теңге көлемінде қосымша грант ұтып алды.
  • Гүлбарам Ермұханова Атырау облысы әкімдігінен ақысыз негізде үй-жай алды.
  • Ілияс Үсенов Атырау облысы әкімдігінен ақысыз негізде үй-жай алды.

«Ғылыми бастамаларды қолдау орталығы» қоғамдық қоры

Жоба: Атырауда топырақты, суды және өсімдіктерді сынау зертханасын ашу (SWAPTEL)  

Жүзеге асырылатын жоба - топырақты, суды және өсімдіктерді сынау зертханасы - SWAPTEL. Бұл Қазақстандағы осы бағыттағы алғашқы зертхана болмақшы және ол аймақтың экологиялық ахуалы туралы құнды білім көзін ұсынады.  
Қазақстанның тұрақты дамуды және «жасыл» технологияларға негізделген салаларды құруды қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық мақсаты контекстінде жоба кең спектрлі қызметтер ұсына отырып және осылайша ауылшаруашылығын және агроөнеркәсіп кешендерін дамытуды қолдау арқылы кәсіпорындармен және жеке тұлғалармен жұмыс істеуді жоспарлап отыр. SWAPTEL зерттеуші топтарға аймақтардағы табиғи ресурстардың сапасын арттыру үшін экологиялық әдістердің пайдаланылуымен қоршаған ортамен өзара байланыс құрудың үздік тәсілдерін зерттеуге базалық деректер ұсынады. Топырақ, су және өсімдіктерді талдаудың кешенді әдісі ауылшаруашылығы өнімін шығарумен және тыңайтқыштарды, пестицидтерді уақытылы және экологиялық жарамды түрде қолдану және басқа да шаралар арқылы жер ресурстарын басқарумен байланысты шығындарды азайту мәселелерін белсенді түрде шешуді ұсынатын болады.   

Топырақ, су және өсімдіктердің жергілікті ресурстарын жоғары сапалы талдаудан бөлек, зертхана экологиялық зерттеулер саласында және жергілікті қауымдастықты топырақты өңдеу және басқару, ауыз су және өсімдік өсіру бойынша оқыту саласында мықты кадрлық база құру платформасы ретінде қызмет ететін болады (тәжірибелік зерттеушілер мен сарапшылар топтары).

Нәтижелер:

Есеп беру кезеңінде зертхана зертханалық жиһазбен, су, топырақ және өсімдік талдауларын жүргізуге арналған жабдықтармен толық жабдықталды. Сатып алынған жабдық толығымен ретке келтірілді және оларға тексеру жүргізілді, «SWAPTEL» зертханасын аккредиттеуге арналған құжаттар дайындалды.


Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясы

Жоба: Инновациялық, сараланған және пациентке негізделген әдіс шығара отырып, Жылыой ауданының денсаулық сақтау саласын Атырау облысындағы  сала көшбасшысыдеңгейіне көтеру.

Міндеттері:

  1. Құлсары  емханаларында денсаулық сақтау көрсеткіштерін жақсарту
  2. Құлсары қаласының дәрігерлері үшін үздіксіз білім алу және ынталандыруға ыңғайлы жағдайлар тудыру
  3. Құлсары қаласы жұртшылығының / пациенттердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін ақпарат пен таңдауды көбірек ұсыну

Нәтижелер:

  • 11 309 жобаның тікелей бенефициары
  • профилактикалық білім немесе күтім алатын 2 171 бенефициар
  • 79 адам ем алды
  • 30 жергілікті денсаулық сақтау қызметкерлері оқытылды
  • Жергілікті денсаулық сақтау қызметкерлерін оқытуға 2 146 сағат жұмсалды
  • Дәрігерлер, медбикелер, акушерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер (барлығы 24 адам) дәрігерлерді оқытуда тәжірибесі бар жезқазғандық қазақ тіліндегі нұсқаушы әрі дәрігер ұйымдастырған тиімді қарым-қатынас бойынша 3 күндік клиникалық дайындықтан өтті
  • 19 ноутбукпен, 2 wifi роутермен, 2 принтермен, 16 тақтамен, жеке лотоктары бар 2 шкафпен, 4 кондиционермен, 6 желдеткішпен, 10 пневматикалық манжеттермен жабдықталған, 6 қарайтын бөлме мен 2 кеңсесі бар эксперименттік нысан орнатылды
  • Атырау және Құлсары қалаларындағы 5  аға буын дәрігер  Алматы қаласында  өткен отбасылық медицина бойынша II Халықаралық конференцияға қатысты
  • Атырау облысы мен ауылдық жерлердегі  медициналық мекемелерге мониторинг және бағалау өткізу үшін 12 рет сапар  ұйымдастырылды
  • Жалпы асқынулары бар 22 науқас  Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясы мамандарының кеңесін алды
  • 70 736 адамды қамтыған 165 тақырыптық посттар қазақ және орыс тілдерінде Фэйсбук (11 402 оқырман), Телеграм (142 оқырман) және Инстаграм (1 634 оқырман) беттерінде жарияланды.


«Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар қоғамдық бірлестігі 

Жоба: Жалпыға арналған психология 

Әлеуметтік жоба жалпы білім беру мекемелері қызметкерлерінің психологиялық білім саласындағы кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында психологтарды, ата-аналарды, қала мектебі оқушыларын оқытуға, ата-аналарға балалармен тиімді қарым-қатынас құруды үйретуге, сондай-ақ, балаларға өздерінің тұлғалық әлеуетін ашуға, кәсіби жолын таңдауды және отбасы мен мектепте жанжалсыз өмір сүруді үйретуге бағытталған.

Мақсаты:

Психологтар мен ата-аналардың біліктілігін арттыру және қоғамдағы болашақ кәсіп иелерінің  әлеуетін дамыту.  

Міндеттер:

  • Психологтар мен педагогтардың оқушы тұлғасының құрылымын, тұлғалық әлеуетінің жетілуін, өмірлік қажетті дағдыларды зерттеуі;
  • Балаларда өз-өзін тану дағдыларының қалыптасуы және өздерінің психикалық-эмоционалдық жағдайын түсіну және басты мақсаттарын орындау машықтарының қалыптасуы;
  • Ата-аналарда балалары үшін өмірлік стратегиялар құру дағдыларын қалыптастыру және қоғам үшін болашақ кәсіби маман тәрбиелеу.

Нәтижелер:

  • жобаның 2 166 тікелей бенефициары.
  • жобаға 1 654 студент қатысты
  • оқытудан 264 мұғалім өтті
  • ұстаздарды дайындауға 180 сағат  жұмсалды
  • 361 ата-ана / жұртшылық өкілдері тартылды

Жұмыс орны: №2, №11, №12 мектептер, Жамбыл атындағы орта мектеп, Кіші өнер академиясы және 2 интернат (есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернат, көру және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп - интернат).

Қатысушылар: 5 орта мектептің 14-18 жас аралығындағы балалары; қалауынша Атырау қаласының ата-аналары мен олардың балалары; Атырау қаласының педагогтары мен психологтары

  1. Тренинг – ата-аналар мен балаларға арналған демалыс күндер орталығы – Атырау қаласында барлық тілек білдірушілер үшін ашылды – барлығы 100-ден астам ата-ана мен 289 бала оқудан өтті.
  2. Тренинг – педагогтар мен психологтарға арналған әдістемелік күндер орталығы – Атырау мен Құлсары қалаларында жұмыс істеді – барлығы 264 адам оқудан өтті.
  3. Кәсіптік бағдар беру тренингтері мен тестілеуден 363 бала өтті.
  4. Жазғы лагерь негізінде ағаш өңдеу, электроника және көркем дизайн бойынша үйірмелер өткізілді, 900-ден астам бала оқудан өтті.


Мүгедек Әлемі 

Жоба: «Қолтаңба» шеберханасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік маңыздылығын арттыратын шараларды қамту, олардың көңілдерін жалғыздықтанарылту мақсатында қарым-қатынас шеңберін кеңейту, қолданбалы шығармашылық және ағаш ұсталығы машықтарын үйрету.  

Жоба мақсаты:

Кәдесый бұйымдарын дайындауды интенсивті, жүйелі және практикалық түрде үйрету арқылы Атырау қаласы мен ауылдық округтердегі мүмкіндігі шектеулі жастардың өмір сапасын арттыру.

Нәтижелер:

Жоба есеп беру кезеңінде Атырау қаласында және Атырау облысы  аудандарда тұратын мүмкіндігі шектеулі адамдарды қамтыды.

  • К.Дутбаев атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері;
  • Атырау сервис колледжінің студенттері;
  • Ю.Гагарин атындағы № 4 орта мектептің инклюзивті сынып оқушылары;
  • Атырау облысының Мақат, Махамбет және Исатай аудандарында тұратын мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 10 күндік көшпелі мастер-класс ұйымдастырылды;
  • «№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар (Лесхоз, Алипов көшесі, 8А, бұрынғы ақыл-есі кем балаларға арналған арнайы интернат)
  • оқып жатқан 90 бенефициар;
  • қолданбалы шығармашылық және ағашпен жұмыс бойынша 125 күн сабақ  өткізілді;
  • Атырау облысының аудандарында 30 шеберлік сыныбы өткізілді.  

«Ынтымақ Атырау» ҮЕҰ

Жоба: «Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасы 

Жоба мақсаты:

  • Тұрақты экономикалық даму үшін әлеуметтік, білім беру және қайырымдылық жобаларын жүзеге асыра отырып, жергілікті қауымдастықтың әлеуметтік капиталын арттыру болып табылады;
  • «Теңізшевройл» ЖШС еріктілерін жұмылдыру арқылы балалар үйінде, Атырау облысының жоғары және орта оқу орындарында білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
  • ТШО қызметкерлерін ынталандыру, ТШО беделіне үлес қосу және жергілікті қауымдастық әлеуетін арттыру.

Ол үшін:

  • Еріктілер қызметі мен корпоративтік еріктілікті дамытуғаықпал ету;
  • Компанияға корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамытуғаықпал ету;
  • Қоғамдық коммерциялық емес және мемлекеттік ұйымдарға білім беру жүйесін дамытуға  ықпал ету;
  • Еріктілік, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, білім беру және ұлттық мәдениеттерді өзара байыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • Білім беру саласында жобалар мен бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру мен үйлестіруді қамтамасыз ету;
  • Аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жетімдерге және жалғызбасты қарияларға көмек көрсету;
  • Жергілікті әлеуметтік сала мекемелеріне көмек көрсету;
  • Балалар үйінде, жоғары және орта білім беру мекемелерінде білім беру қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
  • Кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамытуға көмек көрсету;
  • Қоршаған ортаны қорғау және орны толмайтын ресурстарды үнемдеу.

 

2018 жылы еріктілер саны - 397

2018 жылы ерікті сағаттардың жалпы саны - 2 629

2018 жылы жиналған ақша көлемі - 25 571 168 теңге

Атырау қаласындағы жобалар:

Ағылшын клубтары. Еріктілердің көмегімен Атырау мұнай және газ университеті мен Атырау мемлекеттік университетінде студенттермен кездесу ұйымдастырылды.

  • барлығы 120 кездесу өткізілді;
  • 12 ерікті тартылды;
  • 350 студент қатысты.

Қонақ дәрістері. Жоғары оқу орындары арасында сауалнама жүргізілгеннен кейін студенттерге арналған кәсіби және техникалық дәрістердің тақырыптары анықталды. «Ынтымақ» бағдарламасының командасы мүдделі еріктілерді тарту үшін «Теңізшевройл» ЖШС қызметкерлері арасында ақпараттық науқанды іске қосты. 

  • оқытуды 8 ерікті өткізді;
  • 150-ден астам студент қатысты

Есту аппараттары. Есту қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істеуге мамандандырылған Алматыдан арнайы шақырылған дәрігер Сүйіндік Нүсіпбеков әр баланы алдын ала қарап шығып, жеке есту аппаратын таңдады. ТШО мен ТШО қызметкерлерінің XYZ қоғамдастығының қолдауымен №3 облыстық мектеп-интернатының балаларына 15 есту аппараты сатып алынды.

Жастар үйі. «Ынтымақ» бағдарламасының еріктілері өз баспанасын алу үшін кезекте тұрған 17-23 жас аралығындағы Атырау балалар үйі түлектері тұратын Жастар үйінің тұрғындарымен тұрақты түрде кездесулер өткізді. Барлығы 25 кездесу ұйымдастырылды.

Балаларды бейімдеу орталығы. Орталық олардың болашағына қатысты сот шешімдерін күтіп отырған 3 жастан 17 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерді уақытша орналастырады. «Ынтымақ» бағдарламасының еріктілері орталықтағы балалармен тұрақты кездесулер өткізді. Барлығы 35 кездесу ұйымдастырылды.

«Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы. Еріктілер кездесулер, ойындар, ағылшын тілі клубтары мен балаларға арналған концерттер ұйымдастырды.

Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған интернат үйі. «Ынтымақ» бағдарламасының еріктілері қарттар үйіне барып, сыйлықтар беріп, концерт ұйымдастырды.

Ағаш отырғызу. ТШО еріктілері №3 облыстық мектеп-интернаттың ауласына қарағаш, шаған, үйеңкі сияқты 30 түп ағаш отырғызды.

«Игі істерді бірге жасаймыз» сенбілігі – Атырау қаласы әкімдігі бөлген аумақты қоқыстан тазарту. Бір күнде 1 «Камаз» қоқыс жиналды және шығарылды.

Атырау қаласының зағиптар мен нашар көретін тұрғындарына арналған арнайы кітапхана. Арнайы дойбы, шахмат, үстелдік тактильдік глобус, Брайль қаріптері мен жазуға арналған құрылғылар, сондай-ақ оқулықтар мен кітаптар сатып алынды.

Заттарды жинау және тарату.

«Жайық өзеніндегі шабақтарды құтқару». 20 000 астам шабақ құтқарылды.

Мектеп керек-жарақтары. 300 бала мектепке қажетті керек-жарақтары бар сөмкелер алды.

Жылыой ауданындағы (Құлсары қ.) жобалар

Құлсары қаласында ресми кеңсенің ашылуы

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қолөнер клубы. Орталыққа 80-нен астам ауыр церебралды сал ауруы, Даун синдромы, аутизм диагнозы бар балалар келді. Барлығы 25 сабақ ұйымдастырылды

Балаларды қорғау күніне орай, 30 мамыр күні Әлеуметтік орталықтың балалары үшін гала-концерт ұйымдастырылды. Орталықтың 70 оқушысы «Ынтымақ» бағдарламасының еріктілерінен сыйлықтар алды

Әйелдер киімін тігу клубтары. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарынан 20 жұмыссыз әйел бір ай бойы тігу шеберлігін, тігін машиналарында жұмыстың қыр-сырын, киім тігу кезінде әртүрлі шешімдер қабылдауды үйренді

Көшбасшылық курстары. Жылыой ауданынан келген 25 жасөспірім көшбасшылық, мамандық таңдау, уақыт пен қаржыны басқару тренингтерінен өтті

«Гүлдәурен» ерекше балаларға арналған орталық – еріктілер  660 000 теңге жинап, орталыққа арнайы құрал-жабдықтар сатып алды

«Тілектер ағашы» атты жаңа жылдық мерекелік іс-шара.  Еріктілер 720 000 теңге жинап, Жылыой ауданындағы 38 балаға сыйлықтар сатып алды

Қосшағыл ауылындағы мектеп-интернат оқушыларына арналған мектеп керек-жарақтары. 68 бала мектеп формасы мен мектеп керек-жарақтарын алды

Құлсарыдағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің студенттеріне арналған қонақ дәрісі

Ашық аспан астындағы кино

Заттарды жинау және тарату. Жыл бойы «Ынтымақ» бағдарламасының командасы киім-кешек, ойыншықтар, кітаптар жинады. 2018 жылы мұндай қолдау Құлсары қаласында 30 отбасына көрсетілді


Британ кеңесі 

Жоба: Табысқа ағылшын тілімен 

Британдық кеңестің «Табысқа ағылшын тілімен» жобасы ағылшын тілінде сабақ беру, оқу және оны меңгеру сапасын арттыруға бағытталған, бұл өз кезегінде бенефициарлар үшін кәсіби және академиялық мүмкіндіктер ашады.  

Жобаның мақсаттары:

  1. Атырау облысында ағылшын тілін оқыту әдістерін үйрену және бағалау және оны жақсарту кеңестерін әзірлеу    
  2. Кейіннен өз әріптестеріне үйрету үшін аймақ бойынша тұрақты инфрақұрылым құратын нұсқаушы-мұғалімдер тобын қалыптастыру
  3. Студенттерді болашақ кәсіптеріне тұрақты дайындау арқылы олардың ұстаздық қызметке ынтасын арттыру.

Нәтижелер:

Жобаға Атырау қаласының 192  мектебі және Атырау облысындағы  7 аудан мектептері қатысты:

  1. негізгі топ - 15 ағылшын тілі оқытушылары;
  2. негізгі топ - 22 STEM жаттықтырушылары;
  3. 233 мектептің ағылшын тілі мұғалімдері
  4. 297 STEM мектеп мұғалімдері