Мақала

Қапталған күкірт: Ақтөбелік компания Теңіз күкіртін тасымалдауда

12 маусым 2019

Күн сайын Теңіз кен орнынан темір жолмен кесек және түйіршіктелген күкірт тиелген жүктер әр түрлі бағыттарға жол тартады. Өткізу көлемі жылына 2,4 млн тоннадан асатын осындай өнімді тасымалдау – өте жауапты іс. Ылғал ортада тотығуға бейім, ультрафиолеттің және статикалық электрдің әсеріне сезімтал материал бола отырып, күкірттің, сонымен қатар, бықсу және түтіндеу қасиеті де бар. Оны қауіпсіз тасымалдау шешімі вагондық астарларды пайдалануда болды.

FIBC

Теңіз күкіртін тасымалдау үшін мұндай астарларды қолдану 2017 жылдың қаңтарында басталды. ТШО-ның өткізу және тасымалдау бөлімінің логистика жөніндегі үйлестірушісі Қанат Кенжебаевтың айтуы бойынша, вагондық астарларды немесе өзі айтқандай, конверттерді, пайдалану артықшылықтары тек тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде емес.

«Конверттер қоршаған ортамен химиялық реакцияларды немесе ылғалмен байланысты болдырмай, өнімді сыртқы ортадан оқшаулауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, олар төгілуінен немесе үрленуінен болатын «табиғи» шығынды болдырмауға мүмкіндік береді. Вагон астары жартылай вагонның ашық шанағы жағынан өнімге рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмайтын және қиындататын тасымалдаудың ыдыссыз тәсілі болып табылады» - дейді Қанат Кенжебаев.

Теңіз күкірті бар вагондар белгіленген пунктке жеткенде, астарлары сөгіледі және өнім жартылай вагонның төменгі люктері арқылы түсіріледі. Құрам Теңізге оралғаннан кейін тазалауды талап етпейді, бұл келесі партияны тиеу үшін вагондарды дайындауға кететін уақытты едәуір қысқартады.

ТШО үшін осындай вагондық астарларды жеткізушілердің бірі - Ақтөбе қаласындағы FIBC Kazakhstan компаниясы. Басқа қазақстандық кәсіпорындарымен қатар, FIBC Kazakhstan импорттық өнімді толығымен алмастыра алды.

Егер компания атауындағы аббревиатураны ашып жазатын болсақ, Flexible Intermediate Bulk Container Kazakhstan ұйым жалға алынған цехта құрылған болатын, онда екі машинкада ақтөбелік өндірушілердің сусымалы материалдарына арналған «биг-бегтер» тігілді. Сол кезде компания Теңіз күкіртін тасымалдауға арналған жұмсақ контейнерлердің негізгі жеткізушілерінің бірі болады деп ешкім ойламады. Оны FIBC Kazakhstan компаниясының бас директоры Ботагөз Тайбөкенова да болжаған жоқ. Ал кәсіпорын құрылған сәттен бастап үш жылдан кейін, 2019 жылы 6 маусым күні, ол полипропиленнен жасалған ыдысты тігу фабрикасы есігінің алдында ашылу салтанатына қатысқан қонақтарды қарсы алып тұрды.

Тайбөкенова ханым дамудың негізгі драйвері- кәсіпорын шығаратын барлық өнім көлемінің 70%-ын дейін сатып алатын «Теңізшевройл» кәсіпорнымен ынтымақты жұмыста екендігін жасырмады.

«Біз жұмысты қолға алысымен, барлық мүмкін деген тендерлік алаңдарға қатысуға тырыстық, коммерциялық ұсыныстарымызды, мүмкіндігінше, ойға келген компанияларға жібердік. Өз өнімдерімізді жылжыту үшін кез келген мүмкіндіктерді іздедік», - деді ол.

Мәселен, аталғанкәсіпорын жергілікті нарықтың мүмкіндіктерін анықтау үшін, ТШО басшылығының Ақтөбе облысына сапары кезінде мұнайшылардың назарын өздері шығаратын өнімге аудартты. Олармен қысқаша әңгімеденкейін, ТШО-ның вагондық астарлардың өндірісін жергіліктендіруге мүдделі екені белгілі болды.

FIBC Kazakhstan компаниясының әлеуетті мүмкіндіктері болды, алайда тәжірибесі болмады. Тайбөкенова ханымның айтуынша, олар ресей өндірісінің өнімдерін үлгіге алды, оларды цехқа алып келіп, қиып, пішу және тігу технологиясын зерттей бастады. Алғашқыда қарапайым өнім сияқты көрінді. Бірақ, бірінші конвертті тігуге түгелдей бір күн кетті. Дегенмен, бұл кәсіпорынды ТШО әлеуетті жеткізушілерінің дерекқорына енгізу үшін құжаттарды жіберуге кедергі келтірмеді.

Біраз уақыттан кейін Ақтөбеге «Теңізшевройл» ЖШС-нің бір топ мамандары келіп, FIBC Kazakhstan компаниясының өндірістік алаңына барды. Болашақ тапсырыс берушілер өндіріс орнын қарап шығып, өздерінің ұсыныстарымен бөлісті, соның арқасында FIBC Kazakhstan ТШО ерекшеліктеріне толық сәйкес келетін вагондық астарлардың кәнігі үлгісін тігіп берді. Осылайша, 2018 жылдың басында FIBC Kazakhstan ТШО-ға вагондық астарларды жеткізу үшін тұрақты келісім-шартқа тұрды, ал отыз қазақстандық азамат тұрақты жұмыс орнына ие болды.

FIBC 2

Содан бері екі жыл өтпесе де, FIBC Kazakhstan өз кеңейту жобасының бірінші кезеңін жүзеге асырды – Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық аймағында жеке меншік фабрика салынып, пайдалануға берілді.

Фабриканың ашылу рәсіміне Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мавром Абдуллинмен, «Ақтөбе» ӘКК және «Атамекен» ҰКП өкілдерімен бірге ТШО өкілдері- материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің аға сатып алушысы Зинаида Жарикесова, және сол бөлімнің стратегиялық келісім-шарттар жөніндегі маманы Жазира Сисенбаева, ретінде шақырылды.

Айта кету керек, жаңа фабриканың кіре берісіндегі қызыл лентаны қию құрметі Жазира Сисенбаеваға берілді. FIBC Kazakhstan компаниясының бұл шешіміөзінің негізгі клиентіне деген жоғары құрметті көрсетсе керек. Өз кезегінде, Сисенбаева ханым, ТШО сапалы және экономикалық қолайлы өнімді үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті жеткізушілерімен сенімді серіктестікті де бағалайтынын айтты. Сонымен қатар, ол компания құрылғаннан бері 29 млрд АҚШ долларынан астам қаржыға қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта FIBC Kazakhstan компаниясының өндірістік қуаттарында 40%-қ қор бар және сұраныс болған жағдайда толық түрде жұмыс жасауға қабілетті. Оған қоса, кәсіпорынның алға қойған ауқымды жоспарлары да бар. Кеңейтудің келесі кезеңдері фабриканың өз аумағында полипропилен матасын өндіру үшін қажетті жабдықтарды сатып алуды көздейді, бұл одан да көп жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Өндірісті кеңейту аяқталғаннан кейін, FIBC Kazakhstan компаниясының қазақстандық қамту үлесі 98%-ға дейін өседі деп күтілуде. Әрине, бұл жоспарлар ТШО-да ерекше орын алатын нарықтық конъюктурамен тығыз байланысты.

Related Stories

View all stories