Мақала

Теңіз кен орнында болған жағдайға қатысты жаңартылған ақпарат

30 маусым 2019

29 маусымда ҮБЗ құрылыс аумағында жұмыскерлер арасында тұлғааралық қақтығыс орын алып, нәтижесінде мердігер мекемесінің қызметкерлері бірнеше жарақат алған. ТШО клиникаларында өмірге қауіп төндірмейтін жарақаттары бар 40-тан астам жұмыскерлерге медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі таңда жағдай тұрақты және ТШО Теңіздегі жұмысшылардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарымен, өкілетті органдармен және мердігер мекемелермен тығыз жұмыс істеуді жалғастыруда.

Жергілікті полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде және оқиға орнына қажетінше қалатын болады.

ҮБЗ құрылыс аймағында жұмыстар уақытша тоқтатылды және ТШО жұмыстарды қайта бастау үшін қолайлы уақыт анықтауда. Басқа ТШО нысандары қалыпты тәртіппен жұмыс істеуде.