2015 жыл перспективалары

 

Өндіріс және еңбек қауіпсіздігі саласында 2015 жылы ТШО-ның басты назары жұмыс күнін жоғалтуға ұласар оқиғалар бойынша көрсеткіштің «нөлдік» деңгейіне қол жеткізіп, жұмыс барысындағы тіркелетін оқиғалардың жалпы коэффициенті бойынша көрсеткіштерді төмендетуге бағытталады. ТШО ірі және кешенді жобаларын, соның ішінде Келешек кеңею жобасы мен Ұңғыма ернеуі қысымын басқару жобасын қауіпсіздік және қаражат құю тиімділігі тұрғысынан сенімді орындалуын жалғастыратын болады. Компания өндірістік жоспарының орындалу барысын және 2015 жылғы жабдықтарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың, бұрғылау жұмыстары мен ұңғымаларды күрделі жөндеу бағдарламасының жүзеге асырылуын қатаң қадағалауға ниетті.