Әлеуетті жабдықтаушылар

Жабдықтаушылар үшін ақпарат

ТШО-мен табысты ынтымақтастық құру


ТШО-ның материалдық-техникалық қамту бөлімі компанияны сапа және адалдық қағидаларына ұдайы сай келетін және бәсекеге қабілетті бағалары бар тауарлармен және қызметтермен сенімді түрде қамтамасыз ету үшін компанияның жабдықтау базасын стратегиялық басқаруды жүзеге асырады.


ТШО қауіпсіздік мәдениеті тұрақты, жұмысы сенімді, сапалы тауарлары мен қызметтері бар, бағалалары бәсекеге қабілетті, шығындарды басқару дағдысы дамыған, инновациялық бизнес-шешімдері, бар, әрі тапсырыс берушіге және қазақстандық қамтуды дамытуға тұрақты бейімделген жабдықтаушылармен ынтымақтастыққа ұмтылады.


ТШО үшін тек қана іскерлік нәтижеге қол жеткізу мыңызды емес, сонымен қатар, оның «ТШО-ның  сара жолы» қағидаларына сәйкес жүзеге асуы маңызды. Біз жабдықтаушыларымыздың осы үміт пен құндылықтарды ұдайы ұстанғанын қалаймыз.


ТШО- мен жұмыс жасауға қызығушылық танытқан жабдықтаушылар кәсіпорынның сыртқы веб сайтындағы SEOI веб бағдарламасы негізінде SEOI веб формасын беру арқылы өздерінің  қызығушылық танытқанын көрсетуі (SEOI, орыс және ағылшын тілінде) керек.


Жабдықтаушылардан не күтеміз?


ТШО-ға сапалы тауарлар мен қызметтер ұсынатын жабдықтаушылар төмендегідей қасиеттерге ие болуы керек:


  • Қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша жоғары көрсеткіштер
  • Қазақстандық қамтуды дамыту мен тұрақты өсіруге беріктік
  • Баға бәсекелестігі
  • Қаржылық тұрақтылық
  • Тапсырыс берушіге бейімділік
  • Инновациялық бизнес-шешімдер.