Бос жұмыс орындары

Кешірім сұраймыз, бұл парақша әзірше қарастырылу барысында. 

Сонымен қатар, сіз біздің ағылшын немесе орыс тіліндегі парақшаларды қарай аласыз.

ККЖ-ҰЕҚБ бос жұмыс орындары

Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының бос қызмет орындарын іздеу және оларға өтінім беру үшін ENBEK.KZ электронды порталын пайдалануға болады. ТШО ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының мердігерлері мен қосалқы мердігерлері ашылған бос жұмыс орындарын жариялау үшін аталған ресурсты пайдаланады.

ENBEK.KZ порталына көшіңіз

Қызметке алу алаяқтығы

Қызметке алу алаяқтығы электронды хаттар, SMS хаттар немесе хат арқылы әр түрлі ақпарат қорларынан "Теңізшевройл" компаниясының өкілі ретіндегі тұлғалардан/топтардан болуы мүмкін.

Теңізшевройл компаниясына жұмысқа алуды ұсынған тұлғаларға ақша бермеуіңізді және жеке мәліметтеріңізбен бөліспеуіңізді сұраймыз. Егер сіз бос жұмыс орнына ТШО сайты арқылы өтініш берген болсаңыз, барлық қажетті ақпараттыбіз аламыз.

Егер сіз алған хатыңыздың дұрыстығына күмәндансаңыз, төменде берілген нұсқауды қолданыңыз

  1. ТШО ешқашан қызмет ұсынысын ресми сұхбаттасу өткізбейінше жібермейді
  2. Теңізшевройл компаниясы ешқашан қызметке алу процесінің бөлігі ретінде кез-келген ақша немесе төлемді талап етпейді
  3. Теңізшевройл компаниясының веб парақшасы әрдайым келесіден тұрады  http://www.tengizchevroil.com
  4. Әрдайым электронды пошта мекенжайын тексеріңіз. Теңізшевройл компаниясының электронды пошта мекенжайы келесідей аяқталуы тиіс "@tengizchevroil.com"

Алаяқтық хабарлама алған жағдайда ТШО сенім телефонының веб парақшасына хабарласуыңызды сұраймыз.