Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы 2019 жылға жоспарланған әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының жобалары

2019 жылы Атырау облысында жоспарланған жобалар

Орталық Азияның Еуразия Қоры

“Жарқыра” әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы 

Міндеті: Атырау қаласы мен облыс жұртшылығының әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларын тұрақты кәсіпкерлік шешімдермен қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық әлеуметтік бастамаларды қолдау.

Мақсат 1: әлеуметтік кәсіпкерлік туралы ақпараттандыру науқаны арқылы жұртшылыққа әлеуметтік-экономикалық проблемалардың инновациялық шешімдерін іздеу мүмкіндіктерін ұсыну

Мақсат 2: жаңа бастаған әлеуметтік кәсіпкерлерге қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған жаңа бастамаларын жүзеге асыруда білім беру , қаржы және консультациялық қолдау көрсету.

 

 

Қазақстанның отбасылық дәрігерлер Ассоциациясы  

Атырау облысындағы көшбасшы ретінде инновациялық, дифференциалданған және науқасқа бағдарланған тәжірибе жасау арқылы Жылыой ауданы денсаулық сақтау жүйесін дамыту

Мақсаттары:

  • Ерекше шарттарда және кешенді қызмет көрсету сәттерінде науқастарға және денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлеріне нұсқау беру және қолдау көрсетуге бағытталған жоспар жасау.
  • Ұдайы білім алу және кәсіби жетілу мақсатында Жылыой ауданының дәрігерлері мен медбикелеріне жағдай жасау.
  • Ақпарат қолжетімділігін арттыру және денсаулық сақтау саласындағы таңдау мүмкіндіктерін көбейту мақсатында пациенттер/жұртшылық үшін мүмкіндіктерді ұлғайту.

2019 жылы Ассоциация үш негізгі басым бағыт бойынша жұмыс істейтін болады:

  • Медициналық мекемелерді оңтайландыру және дамыту (медициналық қызметтерді жоспарлау/Құлсары қ. емханаларын қайта құру, тұрғындарды тарту механизмін жасау және енгізу).
  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді дамыту (практикалық коучинг, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді қайта даярлау, оқу материалдарын шығару, аурулар хаттамаларын және методикалық кеңестер дайындау және т.б.).
  • Тұрғындарды денсаулыққа төнетін негізгі қатер түрлері мен профилактикалық іс-шаралар (ауруларды скринингтік әдіспен тексеру, денсаулық мәселелері бойынша консультация алу және т.б.) туралы ақпараттандыру.

 

 

“Адамдар - Адамдарға”, Инк. Денсаулық сақтау қоры / “Үміт” жобасы

Атырау қаласы мен Атырау облысының Жылыой ауданында балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез (ТБ) профилактикасы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру


Атырау қаласы мен Жылыой ауданында балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез (ТБ) профилактикасы бойынша іс-шаралар күшейтілді.

Негізгі міндеттер:

  • Ведомствоаралық ынтымақтастықты жақсарту арқылы жобаға кең ауқымды саяси және ұйымдастырушылық қолдау көрсету.
  • ТБ профилактикасында балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты қамту үшін денсаулық сақтау жүйесі, мектепке дейінгі білім беру және жалпы білім беру салалары аясында кадрлық потенциалмен қамтамасыз ету.
  • ТБ профилактикалық шараларын, соның ішінде вакцинация жасауға ынталандыру мақсатында тұрғындар арасында, әсіресе отбасыларда ТБ туралы хабардарлылықты арттыру.

“Мүгедек әлемі” қоғамдық бірлестігі 

“Қолтаңба” шеберханасы” әлеуметтік жобасы

Терең бойлау және жобаның Атырау облысындағы географиясын әрмен қарай кеңейту жолымен мультипликациялық тәжірибені енгізу арқылы мүмкіндігі шектеулік жандардың өмір сапасын жақсарту:

  1. Жылыой ауданы, Құлсары қ.;
  2. Қызылқоға ауданы;
  3. Құрманғазы ауданы;
  4. Индер ауданы;

Жоба әрмен қарай жұмысқа орналасу, ағаштан, киізден және басқа да материалдарды пайдаланып, кәдесый өнімдерін дайындау процесінде білім алу және дағдыларды меңгерулері үшін зағип жандарды оқыту және олардың мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағытталған.

 

 

“Ынтымақ Атырау” ҮЕҰ

Ынтымақ

Тұрақты экономикалық даму үшін әлеуметтік, білім беру және қайырымдылық жобаларын жүзеге асыра отырып, жергілікті қауымдастықтың әлеуметтік капиталын арттыру; ТШО еріктілерін тартуу, ТШО қызметкерлерін ынталандыру, ТШО репутациясын көтеруге үлес қосу және жергілікті қауымдастықтың әлеуетін арттыру арқылы Атырау облысының балалар үйлеріндегі, жоғарғы және орта оқу орындарындағы білім қолжетімділігін және сапасын арттыру.

 

 

Ғылыми бастамаларды қолдау орталығы ҚҚ  

Атырау қаласында топырақ, су және өсімдіктерді сынақтан өткізу зертханасын (SWAPTEL) ашу

Топырақ, су және өсімдіктерді сынақтан өткізу зертханасын (SWAPTEL) ашу процесін аяқтау және Атырау облысында су, топырақ және өсімдіктер бойынша инновациялық зерттеулер өткізу. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, жоғары сапалы зертханалық қызметтермен қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  1. Топырақ, су және өсімдіктер бойынша зерттеулер жүргізу.
  2. Мемлекеттің аймақтағы экологиялық ахуалдан хабардарлығын арттыру мақсатында мемлекетке ақпарат беріп отыру.
  3. Аймақта ауылшаруашылығын дамыту шараларын орындау.
  4. Жергілікті климаттың ерекшеліктерін қаперге ала отырып, өсіруге жарамды өсімдіктер мен дақылдарды зерттеу.

 

 

Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы 

Жалпыға арналған психология

Ата-ананың психолог-біліктілігін және қоғамның болашақ кәсіби мамандарының әлеуетін арттыру.

Міндеттері:

  • Психологтар мен педагогтардың оқушылардың тұлғалық құрылымын зерттеп білуі, олардың тұлғалық потенциалын және өмірдегі керекті дағдыларын дамытуы;
  • Балалардың бойында өз-өзін және өзінің психо-эмоционалдық күйін түсіну және өздерінің негізгі міндеттерін шешу дағдыларын қалыптастыру;
  • Ата-аналарда балалар үшін өмірлік стратегияларды құру дағдыларын қалыптастыру және қоғам үшін келешек кәсіби маман даярлау.

Жұмыстарды өткізу орны: 2019 жылы жұмыстар атқарылатын жерлер: Атырау қаласы - 5 мектеп (№1, №6, №16, №18 және Ломоносов атындағы орта мектеп) және Жылыой ауданы мектептері.

Қатысушылар: 14-18 жас аралығындағы балалар; ата-аналар; педагогтар мен психологтар.

Маңғыстау облысында жоспарланған жобалар

“Эко Маңғыстау” ҮЕМ 

Маңғыстау облысындағы туристік орындардың рекреациялық әлеуетін қалпына келтіру


Жұртшылықтың қатысуымен алдын алуға бағытталған табиғат қорғау шаралары және экологиялық мәдениеттің қалыптасуы арқылы Маңғыстау облысының рекреациялық орындарының туристік тартымдылығын арттыру.

Міндеттері:

  1. Еріктілердің қатысуымен рекреациялық орындарда санитарлық тазалау шараларын жүзеге асыру;
  2. Рекреациялық орындарда ақпараттық тақталар орнату;
  3. Рекреациялық орындарда қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған қораптар орнату;
  4. Қалдық жинау орындарына әрмен қарай қызмет көрсету және қалдықтарды шығару үшін шағын бизнес субъектілерімен және аудан әкімдіктерімен меморандум жасау;
  5. Мектептерде табиғат ортасында өз-өзін ұстау туралы ақпараттық стенділер орнату;
  6. Мектептерде “Табиғат дәрістерін” өткізу.

 

 

«Жастар Жетістіктері» ҚҚ

Болашаққа бағдар

Ақтау қаласының 25 мектебінде және Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылының 3 мектебінде “Кәсіби бағдар”, “Кәсіби тұрғыда өз өмірін анықтау” кешенді бағдарламаларын енгізу, пән мұғалімдерін кәсіби бағдардың коммуникативтік әдістері саласында оқыту және біліктілігін арттыру және сәйкес тәжірибе алу мүмкіндігін ұсыну арқылы оқушылардың мамандықты саналы түрде таңдауларына ықпал ету.

Міндеттері:

  1. Жобаға қатысатын білім беру мекемелерінде кәсіби бағдар бойынша атқарылатын жұмысты бағалау (фокус-топтарда талқылаулар, сауалнамалар өткізу);
  2. Мекемелердің, оқу орындарының, ата-аналардың қажеттіліктерін анықтау;
  3. Мектептермен кәсіби бағдар бағдарламасын енгізу туралы келісім жасасу;
  4. Білім беру мекемелерін қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
  5. Мұғалімдердің “Кәсіби тұрғыда өз өмірін анықтау”, “Кәсіби оқу негіздері” бағдарламаларын оқыту саласында әлеуетін арттыру;
  6. 2018-2019 оқу жылында 200 сыныпта “Кәсіби бағдар” қосымша пәнін енгізуге ықпал ету;
  7. “Кәсіби тұрғыда өз өмірін анықтау”, “Кәсіби оқу негіздері” бағдарламаларын мектептерде жүзеге асыруды қадағалау;
  8. Білім беру мекемелерінің кәсіпорындарға экскурсия ұйымдастыруларына, сондай-ақ, кәсіпорын өкілдерінің оқушылармен кездесулеріне ықпал ету;
  9. Кәсіби бағдар бағдарламасы аясында “Үздік мектеп”, “Үздік мұғалім” конкурсын ұйымдастыру.

 

 

Британ кеңесі 

Ағылшын тілімен табысқа жет

Ақтау, Құрық, Баутин және Боранқұл елді мекендерінде ағылшын тілі мен негізгі пәндер мұғалімдерінің әлеуетін арттыру.

Міндеттері:

  1. Жобаның облыс бойынша кеңейіп, қолдауға ие болуы үшін ағылшын тілі мен дәлдік ғылымдар мұғалімдерінің жоғары білікті және тәжірибелі орталық командасын құру.
  2. Елді мекендердегі барлық мектептердің және Есенов атындағы университеттің барлық мұғалімдері мен оқытушыларының педагогикалық әлеуетін дамыту.
  3. Елді мекендердегі барлық мектептердің және Есенов атындағы университеттің барлық мұғалімдері мен оқытушыларының дәлдік ғылымдарды ағылшын тілінде оқыту және өздерінің оқу бағдарламаларында тәжірибеге (зерттеуге) негізделген және проблема шешіміне негізделген оқыту әдісін пайдалану саласында педагогикалық әлеуетті дамыту.

«Жастар Жетістіктері» ҚҚ

«ЖАСАР» жастардың көшбасшылық мектебі


Ақтау қаласы жастары мен жасөспірімдерінің көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілетін дамыту және дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Жастар мен жасөспірімдер үшін көшбасшылық мектебін ашу;
  2. Жасөспірімдер мен 35-40 жас аралығындағы жастардың көшбасшылық әлеуетін дамыту;
  3. Ұйымдастырушылық қабілетті дамыту және алған білім мен үйренген дағдыларды тәжірибеде пайдалану есебінен ынталандыру;
  4. Басқа өңірлер мен Маңғыстау облысы аудандарында жастар мен жасөспірімдер үшін көшбасшылық мектеп тәжірибесін тарату.

 

 

“Риза-Ана” ҚҚ 

Үміт

Түпқараған ауданында 20 жұмыссыз әйелді нарықта сұранысқа ие дағдылар мен білім, сондай-ақ, кәсіпкерлік негіздерін үйрету арқылы жұмыссыздың деңгейін түсіру. 

 

 

«Өркениетті келешек» қоғамдық қоры

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған “Періште” реабилитациялық-дамыту орталығын ашу

Ақтау қаласында йога, жүзу және ата-аналармен жұмыс жүргізу - емдеу әдістерімен кешенді түрде инновациялық жабдықты пайдалану арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды тиімді оңалту әдістерін жақсартуға көмек көрсетуге арналған оңалту орталығын ашу.  Мүмкіндігі шектеулі балалардың рухани және физикалық дамуы және олардың ата-аналарына көмек көрсету. Мемлекеттік оңалту қызметтерінің сапасын арттыруға көмек көрсету.

 

 

Орталық Азияның Еуразия қоры 

“Жарқыра” әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы


Міндеті: Ақтау және Форт-Шевченко қалалары мен Боранқұл және Баутин ауылдары жұртшылығының әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларын тұрақты кәсіпкерлік шешімдермен қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық әлеуметтік бастамаларды қолдау.

Мақсат 1: әлеуметтік кәсіпкерлік туралы ақпараттандыру науқаны арқылы жұртшылыққа әлеуметтік-экономикалық проблемалардың инновациялық шешімдерін іздеу мүмкіндіктерін ұсыну

Мақсат 2: жаңа бастаған әлеуметтік кәсіпкерлерге қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған жаңа бастамаларын жүзеге асыруда білімдік, қаржы және консультациялық қолдау көрсету.

 

 

Орталық Азияның Еуразия қоры 

Қоғамдық орындар

Баутин, Боранқұл ауылы мен және Форт-Шевченко қаласының жергілікті жұртшылығымен белсенді т жұмыс істеу арқылы қоғамдық орындарды абаттандыру.

Міндеттері:

  1. Баутин және Боранқұл ауылы мен Форт-Шевченко қаласы қоғамдың орындарының инфрақұрылымына қатысты негізгі міндеттерді анықтау;
  2. Жергілікті жұртшылыққа қоршаған қоғамдық орындардың инфрақұрылымын жақсартуға көмектесу.