ККЖ-ҰЕҚБЖ

ТШО Теңіз кен орнындағы өндірістік қуаттылықтарды арттыратын тағы бір ірі жобаны әзірлеуде. Бұл жоба аясында көптеген жұмыс орны ашылып, қазақстандық тауарлар мен қызметтер кеңінен пайдаланылады.

Шикі мұнайдың жылдық өндірісінің артуы
12 000 000

тонна

Жобадағы қазақстандық қызметкерлерінің саны


45 000

2018-дегі қазақстандық тауарлар мен қызметтерге жұмсалған каржы


2,3 млрд

АҚШ доллар 

ККЖ-ҰЕҚБЖ өндірістік нысандары модульдерден құрастырылып салынады. Модульдер Қазақстан, Оңтүстік Корея және Италияның өндіріс алаңдарында жасалып, ақырғы орнатылуы үшін Теңіз кен орнына тасымалданады.


Құрастырылған модульдер артынша халықаралық өндіріс алаңдарынан ауыстырып-тиеу базаларына, одан әрі Ресей Федерациясының ішкі су жолдары жүйесі (РФ ІСЖЖ) арқылы Каспий теңізіне, Теңіз кен орнына жақын орналасқан Прорва түбегіндегі жүк түсіру терминалына жөнелтіледі. Осыдан кейін модульдер құрлық арқылы кен орнына жеткізіледі. Каспий теңізіндегі жұмыстарға арнап «Қазтеңізкөлікфлоты» тарапынан 3 модуль тасығыш кеме жасалуда. Оған қоса, арнайы жасалған сүйрегіш кемелер флоты да Каспий теңізіне енгізілетін болады.

Солтүстік-шығыс Каспийде орналасқан Прорва түбегі мен Теңіз кен орнын жалғайтын жаңа жүк тасымалдау бағдары салынуда. Оның құрамына ұзындығы 71 км теңізге шығу арнасы, жүк түсіру және сақтау нысандары және жүк тасымалдау жолы кіреді.


Жоба туралы мақалалар

Барлық мақалаларымыз

Теңіз кен орнының келешегі

01 шілде 2018

«Теңізшевройл» кәсіпорнының Келешек кеңею жобасы-Ұңғы ернеуіндегі қысымды арттыру жобасы Теңіз кен орнындағы өндірістік қуаттылықтарды арттырудың келесі сатысы болып табылады. Республикалық маңызға ие осы жобаны жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасына едәуір тиімділіктер қамтамасыз етілмек.  ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны жүзеге асырудың арқасында мұнай өндіру қуаттылығы жылына 12 миллион тоннаға дейін артады деп болжануда. Нәтижесінде ТШО-ның жалпы мұнай өндіру көлемі жылына шамамен 39 миллион тоннаны құрайтын болады.

2016 жылы шілдеде «Теңізшевройл» ЖШС серіктестері ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны қаржыландыру жөнінде түбегейлі шешім қабылдады. Ол өз кезегінде серіктестіріміздің Қазақстан Республикасының қазіргі және келешек ұрпағының игілігі үшін ТШО өндірісін тұрақты әрі сенімді түрде дамытуға қолдау көрсететін ұстанымын тағы да бір рет айқындап берді. 

Қазақстандық қамту ККЖ-ҰЕҚБЖ-ның айнымас бір бөлігін құрайды. ҚҚ бойынша мақсатты көрсеткіш жоба бойынша жалпы шығындардың 32%-ын құрайды. Жоба тауар мен қызмет ұсынатын жергілікті жабдықтаушыларға ұзақ мерзімді мүмкіндіктер беріп, жаңа өндірістік қуаттылықтар түрінде мұра қалыптастырмақ. ТШО 2013 жылдан бері жергілікті және шетелдік компаниялармен өзара ықпалдасуға және ықтимал серіктестік қарым-қатынас орнатуға арналған платформаны ұсынатын, сондай-ақ жоба бойынша толығырақ ақпарат алуға мүмкіндік беретін  бірқатар құрылыс компанияларының форумын және жабдықтаушылар форумын өткізіп келді.

ККЖ-ҰЕҚБЖ – әлемнің түкпір-түкпірінде жүзеге асып жатқан ғаламдық жоба. Оны орындау  орталықтары 11 мемлекеттің әртүрлі 19 аумағында орналасқан. 

Жоба бойынша инженерлік-техникалық жұмыстар Фарнборо, Атырау, Алматы, Нью-Дели және Хьюстон қалаларында атқарылуда. ККЖ-ҰЕҚБЖ-ның өндірістік нысандары модульдер арқылы салынады. Аталмыш модульдер Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда және Италияда жасалуда. Маңғыстау облысының «ЕРСАЙ» өндірістік алаңында құрама модуль эстакадалары жасалып жатыр. Италиядағы өндірістік жұмыстардың көлеміне газтурбиндік генераторлардың модульдерін жасау кіреді. Оңтүстік Кореяда болса, құрастырмалы технологиялық модуль блоктары жасалуда. 
moduleFGP
Дайын модульдер шетелдік өндірістік алаңдардан жүк тиеп жөнелту базаларына жеткізіліп, ол жерден әрі қарай тасымалданады. Аталмыш модульдер Ресей Федерациясының ішкі су жолдары жүйесі арқылы Каспий теңізіне жеткізіліп, әрі қарай Қазақстанның Прорва түбегінде орналасқан жүк түсіру терминалына, яғни белгіленген жеріне жөнелтілмек. 

Модульдерді шетелдік өндірістік алаңдардан Қара теңіз/Балтық теңізіндегі базаларға жалға алынған ірі жүк тасымалдау кемелері тасымалдайды. Вьетнам мен Румынияда  модульдер мен құрама модуль эстакадаларын жеткізетін 20 кеме салынып жатыр. Бұған қоса, Каспий теңізі арқылы модульдерді  жеткізуге арнайы салынған буксирлер қолданылады.

ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберінде жаңа жүк тасымалдау бағдары салынуда. Бұл нысан Ресей Федерациясының ішкі су жолдары жүйесі арқылы шетелдік өндірістік алаңдардан жеткізілетін модульдерді түсіріп, Теңіз кен орнына әрі қарай жөнелтуге арналған. Модульдер Провадағы терминалдан Теңіз кен орнына қарай жаңа ауыр жүк тасымалдау жолы арқылы жеткізіледі.

Теңіз кен орнында инфрқұрылым мен өндірістік нысандардың құрылысы толық қарқынмен жүргізілуде. ТШО жаңа «Өркен» кентін салып жатыр. Оның мағынасы «гүлдену мен өркендеуді» білдіреді. Аталмыш кентте 5000-ға жуық адам тұрады.

Теңіз кен орнындағы жинау жүйесін едәуір кеңейту мен жаңарту аясында, тиісті топталған өлшеу қондырғысы және құбыр желісімен бірге, жаңа шоғырланған өндіру және газ айдау ұңғылары пайда болады. Электр тарату жүйесінің инфрақұрылымы электр өндіретін жаңа және қолданыстағы нысандардың арасын байланыстыратын дәнекері болмақ. Оның құрамына кіші станциялар, әуе электр желілері мен электр тарату құрылғылары кіреді. Үшінші буын зауыты негізгі өңдіріс нысандарын, энергоқұралдар жүйесін, электр қуатын өндіру жүйесін, қышқыл суды тазарту қондырғысын, құбыр эстакадаларын, алау оты мен көмірсутектерді дренаждау жүйелерін қамтиды. Сонымен қатар, осы нысанның құрамында қолданыстағы нысандардың кіреберісіндегі қысымды көтеруге арналған қысымды көтеру жүйесі болады. ККЖ-ны пайдалану кезінде күкірт өндіру қарастырылмаған. Құрамында күкіртті сутегі бар ілеспе газ қойнауқаттың мұнай бергіштігін арттыру мақсатында оған  кері айдалады. Шикі газ айдаудың үшінші буын нысаны айдау компрессорларының алаңдарын, тиісті энергоқұралдарды және құбыр эстакадаларын қамтымақ.

ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберінде оқыту-даярлаудан өткен білікті мамандар, жаңа нысандар, технология трансферті мен жаңартылған инфрақұрылым түрінде мұра қалыптаспақ. Бұл еліміздің өскелең ұрпағын әлемдік дәрежедегі көмірсутекті ресурстармен қамтамасыз ететін, Қазақстан үшін жалпыұлттық маңызға ие елеулі жоба.

Кері байланысты басқару үдерісі

Кері байланыс үдерісі жұртшылық өкілдеріне компанияның қызметі жөнінде сұрақтар қойып және оларға тез де оңай жолмен құпиялықты сақтай отырып, жауап алу үшін байланысуға мүмкіндік береді.

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) мемлекеттік, іскерлік және жергілікті қауымдастықтармен жемісті және өзара тиімді қарым-қатынас орнату дәстүріне берік жолдан айнымай келеді. ТШО мен мүдделі тараптар арасындағы ашық диалог - осындай қарым-қатынас құрудың негізгі принципі болып табылады. ТШО-ның кері байланыс үдерісі – алаңдатарлық мәселе жөнінде ой бөлісудің, ұсыныс айтып, ескертпе жасаудың, соған сай жауап алудың сенімді тәсілі.

Сіз ескертпе / ұсынысты жіберген соң, ТШО оны алғандығын 5 жұмыс күні ішінде растайды. ТШО келіп түскен ескертпе / ұсынысқа 20 жұмыс күні ішінде жауап береді.

ТШО келіп түскен ескертпе / ұсыныстарды қарастыру барысында оны компаниядан тыс жарияламайды. Ескертпе / ұсыныстар біздің жауап беруімізге мүмкіндік береді, бұл ТШО-ның жергілікті жұртшылықпен байланысын барынша ашық етеді.

Үдеріс құпиялықты сақтайды. Сауал жолдағанда, кері жауапты тікелей өзіңізге жолдауымыз үшін байланысуға қажетті ақпаратты қалдыруыңызды сұраймыз.

ТШО пікір қалдыруды барынша жеңілдетудің бірқатар әдістерін ұсынады. Жұртшылық өкілдері ТШО-ның кері байланыс сауалнамасын Атырау, Ақтау, Құлсары қалалары мен Теңіз кен орнында келесі мекен-жайлар бойынша толтыра алады:

  • ТШО бас кеңсесі, Атырау қаласы;
  • «Уорли Парсонс» компаниясының ғимаратында орналасқан ККЖ-ҰЕҚБЖ кеңсесі, Атырау қаласы;
  • PSN компаниясының кеңсесі, Атырау қаласы;
  • Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы, Атырау қаласы;
  • «Шаңырақ» вахталық кенті, 1-үй, Теңіз к/о;
  • «Шаңырақ» вахталық кентінің вахта алмасу залы, Теңіз к/о;
  • ТШО вахталық кентінің асханасы, Теңіз к/о;
  • Жылыой ауданы әкімдігі әкімшілігінің ғимараты, вахталық кент, Теңіз к/о;
  • «Ізбасқан» дүкені, вахталық кент, Теңіз к/о;
  • «QAZKOM» банктің кеңсесі, вахталық кент, Теңіз к/о;
  • Жылыой ауданының жұмыспен қамту орталығы, Құлсары қаласы;
  • Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ғимараты, Құлсары қаласы;
  • «Шаңырақ» қонақүйі, Құлсары қаласы;
  • «Интертич» клиникасы, Құлсары қаласы;
  • ККЖ-ҰЕҚБЖ кеңсесі, Ақтау қаласы;
  • Баутино ауылы әкімдігінің ғимараты, Түпқараған ауданы, Маңғыстау облысы.

Сонымен қатар, пікірлер tcofp@tengizchevroil.com электрондық поштасы мен 8-800-080-84-88 тегін желісі арқылы қабылданады.

Кері байланыс үдерісі бойынша құжаттар