Қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау

Қауіпсіздік техникасы

ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

Өндірісте тіркелетін оқиғалардың жалпы коэффициенті – бұл жұмыс уақытын жоғалтуға ұласпаған, алайда, жұмыс уақытын жоғалтуға соқтыру ықтималдығы жоғары аурулар мен жарақаттану оқиғаларының өлшем көрсеткіші.

«Тіркелетін оқиғалардың жалпы коэффициенті» көрсеткіші - бұл озыңқы көрсеткіш және ТШО ішінде қатаң қадағаланады.

Жұмысты қауіпсіз орындау - ТШО-ның басты құндылығы және әрбір қызметкердің міндеті

2017 жылы ТШО және оның мердігер ұйымдарының қызметкерлері жұмыс күнін жоғалтқан төрт оқиғамен 94,5 млн адам-сағаттан астам жұмыс істеді. Аталған жетістік әлемдік деңгейдегі көрсеткіш болса да, ТШО ешбір оқиғасыз және жарақатсыз жұмыс ортасын қалыптастыруға ұмтылып, бұл саланы жақсарту бағытында үздіксіз жұмыс жүргізуде. Егер біз осы қағиданы ұстануға міндеттенсек, құрылыс жұмыстары мен өндірістік қызметті қауіпсіз жүзеге асырудың екі негізі - адам өліміне соқтыратын оқиғалардың алдын алуда және технологиялық процестің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жетістікке жетеміз.

Мердігер ұйымдардағы еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару процесі (CHESM)

Мердігер ұйымдардағы еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару процесі (CHESM) жауапкершіліктерді нақты белгілейді, мердігерлермен белсенді өзара іс-әрекет етуге мүмкіндік береді. CHESM мердігер ұйымдардағы қауіпсіздік техникасын бұзу салдарынан болатын және жұмысшылар мен қоршаған ортаға зақым келтіретін оқиғаларды алдын алуға бағытталған жүйелі процесс.

Қолданылу аясы


CHESM мердігер ұйымдардағы еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару құрылымын анықтайды. Бұл процесс «Теңізшевройл» ЖШС−нің оперативті бақылауындағы нысандарда жұмыс істейтін барлық мердігер ұйымдарға қатысты қолданылады.

Ескерту: ТШО−ның оперативті бақылауындағы аймақтар – бұл нысандар, өндірістік аймақтар, жабдықтар немесе ТШО басқаратын, иеленетін, пайдаланатын немесе ТШО−ға жалға берілген жобалар.

CHESM ТШО−ның оперативті басқаруындағы аумақта жұмыс істейтін барлық мердігер ұйымдарға қатысты қолданылады. Алайда, осы процесті жүзеге асыру мен басқаруға арналған ресурстар ең алдымен қауіп−қатер деңгейі орташа және жоғары жұмыстарды орындайтын ұйымдарға бөлінеді.


Экологиялық көрсеткіштер

ТШО компаниясының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі өзінің экологиялық көрсеткіштерін үнемі арттыру арқылы қоршаған ортаны қорғауға ұстанымдылығын қамтып көрсетеді. 2000 жылдан бері ТШО табиғат қорғау шараларын іске асыруға 451 млрд теңгеден (немесе 3 млрд АҚШ долларынан) астам қаржы салған. Бұл шараларды іске асыру нәтижесінде алауда газды өртеу және атмосфералық шығарындылар көлемі қысқартылды, ағын суды тазартудың тиімділігі жақсартылды, сондай-ақ қайта пайдаланылатын су көлемі артты.

Газды алауда жағуды азайту

ТШО-ның 2000 жылдан бергі  қоршаған ортаны қорғауға және зауыттық қондырғыларды жаңартуға арналған іс-шараларын қаржыландыруы ТШО алауларда жағылатын жалпы газ көлемін 79%-ға азайтуға мүмкіндік берді. ТШО жыл сайын көнерген жабдықты ауыстыру және қолданыстағы жабдықтардың сенімділігін арттыру мақсатында елеулі күрделі жөндеулерді ойдағыдай жүзеге асырып отырды; ал жабдықтарды ауыстыру жұмыстары қауіпсіздік мақсатында газдың алауда жағылуын талап етеді.  

ТШО 2009 жылдан бастап газды күнделікті жағуды тоқтатты. Бүгінгі күні, ТШО нысандарындағы алауда газ жағу қызметкерлермен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндіріс сенімділігін арттыру мақсатында жабдықтарды жөндеу немесе ауыстыру кезінде мерзімді түрде жүзеге асырылады.

Вручение награды за снижение сжигания попутного газа

2012 жылы ілеспе мұнай газын жағуды қысқарту бойынша 10-әлемдік форумда «Теңізшевройл» ЖШС-і газды алауда жағуды қысқарту бойынша басымдылығы үшін беделді марапатқа ие болды. Әлемдік банкінің газды алауда жағуды қысқарту жөніндегі жаһандық серіктестік (GGFR) газды алауда жағуды қысқарту бойынша ТШО-ны әлемдік көшбасшы деп таныды. ТШО мұндай жетістікке ТШО-ның газды алауларда дағдылы жағуды қысқарту жөніндегі міндеттемесін орындауға септігін тигізген Газды кәдеге жарату жобасын сәтті жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізді. 

Су ресурстарын тиімді пайдалану

ТШО әлеуметтік, табиғи және экономикалық ресурстардың негізі болып саналатын тұщы судың қаншалықты кұнды екенін жақсы түсінеді, осыған байланысты, суды тиімді пайдалануға аса мән беріп, мүмкіндігінше суды қайта пайдалануға ерекше назар аударады. Теңіз кен орны аймағында тұщы судың жерүсті немесе жерасты қорлары болмағандықтан, Атырау облысының көптеген басқа да су тұтынушылары секілді ТШО-ның өндіріс нысандары Еділ өзені тармағының бірі - Қиғаш өзенінің сол жағасында орналасқан су бөгетінен Астрахань-Маңғышлақ су құбыры желісі арқылы сумен қамтамасыз ету.

Канализационные очистные сооружения в Тенгизе

Кәріз суды тазарту қондырғылары (КСТҚ) мен суды қайта пайдалану қондырғысын (СҚП) пайдалану мақсаты - тұшы су ресурстарын сақтау мен ағынды суларды өңдеуді басқару. ТШО-ның КСТҚ тәулігіне 6000 м3 тұрмыстық ағынды суларды тазарту үшін орнатылған. ҚСТҚ-да тазартылып СҚП қондырғысына жеткілікті деңгейде жіберілетін ағынды су СҚП қондырғысына өндіріс қажеттіліктері үшін жоғары сапалы су шығаруға мүмкіндік береді. СҚП қондырғысын пайдалану тұщы су ресурстарын сақтау мен ағынды суларды өңдеуді басқаруға байланысты ТШО-ның бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетеді. 2016 жылы іске қосылған бұл қондырғы - ТШО-ның су ресурстарын басқару бойынша ұзақ мерзімді кешенді бағдарламасының маңызды құрамдасы.

Ағынды суларды техникалық су сапасына дейін тазартатын ТШО-ның СҚП қондырғысы ТШО-ның өндірістік қажеттіліктері үшін кері осмос арқылы тәулігіне 3600 м3 техникалық сапалы айналма су шығаруға арналған. СҚП қондырғысынан шыққан қайтарылма су айналма судың жылдық көрсеткішін жалпы тұтыну көлемің 30 %-нан артық белгіге дейін өсірді. ТШО-да су ресурстарын қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді басқару стратегиясы бар. ТШО суды қорғау қызметін жетілдіру, хабардарлық деңгейін көтеру және суды қайта пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған түрлі жобаларды зерттеп, белсене жүзеге асыруда.

Қалдықтарды басқару

ТШО 2017 жылы қол жеткізген 55 %-ды құрайтын қалдықтарды қайта өңдеу бойынша ағымдағы көрсеткішті сақтауға бағытталған мүмкіндіктерді зерттеуді жалғастырып, қалдықтарды басқару бойынша жергілікті қызметтер көрсету нарығын дамытуға елеулі күш салуда. ТШО қатты қалдықтардың 25-тен аса түрін қайта өңдеуге жібереді. ТШО қағаз, картон және іші бос пластик бөтелкелер бөлек жинап, қайта өңдеу мен қайта пайдалануға сыртқы мекемелерге жіберу секілді қалдықтарды қайта пайдалану жобаларын іске асыру арқылы ҚР Жасыл Экономикаға көшу бастамасын қолдауда, осылайша Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеу бойынша орнықты өнеркәсіп құруға жағдай туғызуда.

Қалдықтарды қайта өңдеу саласында қазақстандық қамтуды өз серіктестерімен бірге дамыту – кәсіпорынның басым мақсаты болып қалуда. ТШО қайта өңделетін материалдар спектрін кеңейту мақсатында сыртқы қызмет жеткізушілердің қатысуымен қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қосымша мүмкіндіктерді табу жұмыстарын жалғастырып келеді.

Экологиялық мониторинг

ТШО өз қызметі аумағында ұдайы экологиялық мониторинг жүргізеді және ол қоршаған ортаның барлық компоненттері – ауа, су және топырақты қамтиды. Бұл ТШО қызметі ҚР нормаларына және

Экология мәселелерін басқару бағдарламасы аясында өндірісті оңтайландыру бойынша болжауларға сай болу мақсатында жүзеге асырылады. Қоршаған ортаны бақылау кешенді бағдарламасын  лицензиясы бар мердігер мекемелер жүзеге асырылып, оның деректерін ТШО-ның тиісті бөлімдері арқылы талданады. Өлшеулердің деректері ТШО-ның ҚР экологиялық талаптарына сәйкес әзірлеген Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес алынады. Алынған сынамалар ҚР-да толық аккредитациядан өткен ТШО-ның өз зертханасында талданады.

Атмосфералық ауа

ТШО аумағында және Теңіздегі санитарлық-қорғау аймағында қоршаған ортаны бақылайтын 12 автоматтандырылған станция (ҚОБС) орналасқан. Сонымен бірге, ТШО-ның мониторинг станциялары ТШО қалашығы мен Теңіз кен орнынан 95 шақырым қашықтықта орналасқан ең таяу елді мекен - Жаңа Қаратонда орнатылған. Бұларға қосымша, жылжымалы лабораториялар алауастына апта cайынғы мониторинг жүргізеді. Зауыттың желсіз жағынан, 16 шақырым қашықтықта зерттелетін компоненттер концентрациясының фондық көрсеткішін білу үшін сынама алынады. Сонымен қатар, сынама зауыттың желді жағынан, зауыттан 0.5 - 15 км шақырым ауқымында және санитарлық-қорғау аймағы шекарасында алынады.

Топырақ

Топырақтың жалпы және жергілікті сапасына жыл сайын жүргізілетін мониторингті құжаттау үшін ТШО аймағында топырақ сынамасын алуға арналған 55 нүкте орнатылып іске қосылған. Ықтимал ластанудың жел арқылы аумақ шегінен тысқары өрістеуін анықтау мақсатында топырақ күйін бақылауға арналған сынама алу нүктелері жел бағытын есепке алумен орнатылған. Сынама алу нүктелерінің орналасуы топырақ жамылсығының құрамы, топырақ күйі және басқа да жағдайларға байланысты болмашы өзгеруі мүмкін.

Жер асты суларын бақылау

Қоршаған ортаның жағдайы туралы мәлімет алу және ТШО-ның қызметінің оған тигізетін әсер деңгейін бағалау мақсатында ТШО жер асты суларына жүйелі және тұрақты мониторинг жүргізеді. Жер асты суларын бақылау бақылау ұңғымаларының торабы арқылы жер бетінен алғашқы екі сулы деңгейжиекте жүргізіледі. Жер асты суларының сапасы бойынша сенімді деректер бере алатын жетік және кешенді мониторинг жүргізу мақсатынды апаттық ұңғымалар пайдаланудан шығарылады, ескі не техникалық шарттарға сәйкес келмейтін ұңғымалар жоспарлы түрде жөнделеді немесе жаңа ұңғымалармен алмастырылады.

Ағынды суларды бақылау

Өнеркәсіптік және санитарлық ағынды суларға мониторинг жүргізу ТШО-ға булану алаңы және жерасты деңгейжиектерге (өнеркәсіптік ағынды сулар айдау ұңғымаларына айдалады) жіберілетін ағынды сулардың сапасын бақылауға мүмкіндік беріп, ҚР-ның белгіленген экологиялық нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді. Ағынды суларға мониторинг булану алаңының қашыртқы нүктесінде және айдау ұңғымаларында жүргізіледі. Сынамаларды алу және оларға талдау жасау ТШО-ның өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес іске асырылады.

Төтенше жағдайлар және мұнай төгілім оқиғаларын алдын алу

«Теңізшевройл» ЖШС өз өнімін өткізу кезінде қауіпсіз тасымалдау мен сапаны бақылау арқылы Өнім сапасын басқару практикасының ең жоғары стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз етеді. Арнайы тағайындалған кәсіпқой мамандар тобы өнімнің бүкіл өміршеңдік кезеңі барысында денсаулық, қоршаған орта, қауіпсіздік және сапаға төнетін ықтимал қатерлерді бағалау және азайту жұмыстарымен айналысады. Бұл топ қауіпсіздікті тексеру және техникалық аудит жүргізу арқылы тапсырысшылар мен қызметтерді жеткізушілердің өнеркәсіптік өнімдердің сапасын басқару бойынша озық практикаларын қолдануын қоштайды.

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) – ТШО-ның мұнай өндіру өнімдерін тасымалдаудың негізгі бағдары. Ұзындығы 1500 шақырым КҚК құбыры ТШО-ның «Теңіз» мұнай кен орнын және Қара теңіздегі «Оңтүстік Озереевка» - КҚК мұнай терминалын біріктіреді. Сонымен қатар, ТШО Балтық құбыр жүйесімен шартты қатынасты және Украина, Одессадағы мұнай терминалынымен қатынасты жалғастыруда. СМГ мен күкірт жеткізілімдерінің бәрі тапсырысшыларға және ТМД аумағындағы терминалдаға теміржол бағдары арқылы жеткізіледі.

Өнім өткізу бағдары бойында төтенше оқиға болған жағдайда, оқиға орнындағы жауапты тараптар мен мекемелермен байланыс жасау үшін ТШО үшінші тараптын бақылаушыларыңың қызметін пайдаланады. Оқиғаның қауіптілік деңгейіне байланысты, оқиға зардаптарын болдырмау бойынша іс-әрекеттерді үйлестіру және сыртқы мүдделі тараптардың қосымша қолдау алу туралы сұрауларын реттеу мақсатында ТШО-ның Дағдарысты ахуалды басқару тобы (ДАБТ) іске қосылуы мүмкін. ТШО-ның ДАБТ Дүниежүзілік төтенше жағдайларға әрекет ету тобының (WWERT) тәжірибелі ресурстарына қол жеткізе алады.  WWERT Әлемдік деңгейдегі оқиғаларды (3-деңгей) басқаруда қолдау көрсетуге машықтанған Шевронның ең тәжірибелі қызметкерлерінен құралған топ түрлі оқиғалар кезінде өз қолдауын бере алады. Топ мүшелері төтенше жағдайларды басқару және Төтенше жағдайда іс-әрекеттер жоспарын әзірлеу саласының сарапшылары болып табылады.

Сонымен қатар, ТШО мұнай төгілім оқиғалары мен төтенше жағдайларды жою бойынша зерттемелер мен озық тәжірибелер жайлы хабардар болу үшін өз акционерлік компаниялары арқылы OSPRI (Мұнай төгілім оқиғаларына әзірлікті қамтамасыз ету бойынша аймақтық бастама) (Каспий теңізі – Қара теңіз – Орталық Евразия) өнеркәсіптік қауымдастықтың мүшесі болып қалуда.