2018 жылдың қорытындылары

Басшылықтың жолдауы

Сіздердің назарларыңызға «Теңізшевройл» ЖШС-нің (ТШО) мерейтойлық 2018 жылдағы қызметінің қорытындылары бойынша шолуды ұсынамыз. 

ТШО – Қазақстандағы мұнай-газ саласының көшбасшысы болып табылады. Білікті қызметкерлеріміздің күш-жігерлері арқасында 2018 жылы біз қауіпсіздік техникасы, өндіріс және жобаларды жүзеге асыру бойынша алдымызға қойған мақсаттарға табысты қол жеткізе отырып, әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз кенішін эксплуатациялауда жоғары тиімділікті көрсетуді жалғастырудамыз. Біз әрдайым да өз өндірістік қызметімізді және құрылыс жұмыстарын жоғары әлеуметтік және экологиялық стандарттарды сақтай отырып, әрі жарақаттар мен тосын оқиғаларсыз жүзеге асыру арқылы өз міндеттемелерімізді орындауды жалғастырудамыз.

Біздің қызметкерлеріміздің қауіпсіздігіне және технологиялық сенімділікке, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға ұстанымымыз «ТШО-ның сара жолы» құжатында көрсетілген құндылықтарға негізделген. Аталмыш құндылықтар біздің кім екенімізді және жұмысымызды қалай жүргізетінімізді анықтайды. ТШО әрдайым да қызметкерлері мен активтерінің жоғары өнімділігіне ұмтылады. Біз алдымызға өзіміз жұмыс істеп жатқан жердің тұрғындарымен және мүдделі тараптарымен байланыста адалдық пен сенімнің ең жоғары деңгейіне сай болу міндетін қойдық. 

2018 жылғы ТШО қызметінің төменде көрсетілген нәтижелері кәсіпорнымыздың Қазақстанның экономикалық өсуіне өз үлесін қосып келе жатқан сенімді және беделді компания мәртебесін одан әрі нығайтты:

  • ТШО мен мердігер ұйымдар қызметкерлері жұмыс күнін жоғалтқан тоғыз оқиғамен 115 млн. астам адам-сағат атқару арқылы қауіпсіздік техникасы бойынша әлемдік деңгейдегі көрсеткішке қол жеткізді.
  • Екі жоғары сапалы күрделі жөндеу уақытынан бұрын, бюджет шеңберінде, жұмыс күнін жоғалтқан оқиғаларсыз қауіпсіз, әрі тиімді түрде аяқталды.
  • Қазақстан Республикасына төленген тікелей қаржы көлемі 10,1 млрд. АҚШ долларынан асты.
  • КТЖ және ШГА/ЕБЗ нысандарының жалпы сенімділігі рекордтық көрсеткішке - 98,5 пайызға жетті.
  • Мұнай өндіру көлемі 28,6 млн. тоннаға (228,2 миллион баррель) жетті.
  • 1,3 млн. тонна сұйытылған көмірсутек газы, 9,2 млрд. текше метр құрғақ газ және 2,5 млн. тонна күкірт сатылды.
  • ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 3,5 млрд. АҚШ долларын жұмсады, бұның 2,3 млрд. АҚШ долларынан астамы Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) жүзеге асыруға бағытталды.
  • ТШО Атырау облысында екі маңызды әлеуметтік инфрақұрылым жобасын аяқтап, алты жобаны жүзеге асыра бастады. Сонымен бірге, Атырау және Маңғыстау облыстарында әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы сәтті түрде жалғасын тапты.

Келешек кеңею жобасы-Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) дүние жүзі бойынша және Теңізде қарқын алып, нақты нәтижелерге қол жеткізуде. 2018 жылдың соңына қарай жобаның жүзеге асу көлемі 52,5%-ға жетті. ККЖ-ҰЕҚБЖ – мұнай және газ өндіру көлемін арттыру, мұнай кен орнын игерудің жаңа технологиясын енгізу, жергілікті тауарлар мен қызметтерді пайдалану және жұмыс орындарын ашу арқылы Қазақстан Республикасына елеулі пайда әкелетін ұлттық маңызға ие жоба. Қазіргі таңда ККЖ-ҰҚЕБЖ жобасының Қазақстандағы нысандарында 45 000-нан астам қазақстандық еңбек етуде, бұл Қазақстанда істейтін жобадағы жұмыс күшінің 91%-ын құрайды.

Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау

ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша көшбасшылық позицияны сақтап келеді. Жұмысты қауіпсіз орындау - ТШО-ның басты құндылығы және әрбір қызметкердің міндеті. 2018 жылы ТШО және оның мердігер ұйымдарының қызметкерлері жұмыс күнін жоғалтқан тоғыз оқиғамен 115 млн. адам-сағаттан астам жұмыс істеді. Аталған жетістік әлі де әлемдік деңгейдегі көрсеткіш болса да,


ТШО ешбір оқиғасыз және жарақатсыз жұмыс ортасын қалыптастыруға ұмтылып, бұл саланы жақсарту бағытында үздіксіз жұмыс жүргізуде.


Егер біз осы қағиданы ұстануға міндеттенсек, құрылыс жұмыстары мен өндірістік қызметті қауіпсіз жүзеге асырудың екі негізі - адам өліміне соқтыратын оқиғалардың алдын алуда және технологиялық процестің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жетістікке жетеміз.


Қоршаған ортаны қорғау

Негізгі деректер


3.1 млрд

АҚШ доллар - 2000 жылдан бері қоршаған ортаны қорғау жобаларына жұмсалған қаражаттың көлемі.  

64%

Мамандырылған мекемелерге қайта өндеуге немесе қайта пайдалануға жіберілген Теңізде жиналған қалдықтарының көлемі. 

48 га

ТШО қалашығының булану алаңының топырағын қоса есептегенде, қалпына келтірілген жердің ауданы.

27%

Судың қайта өңдеудің жалпы деңгейі.

 


Seagull at Tengiz evaporation pond

2000 жылдан бері ТШО газды алауда жағу көлемін және атмосфералық шығарындыларды қысқартуға, сонымен бірге ағынды суларды  тазартуға және  суды қайта қолданудыұлғайтуға мүмкіндік берген қоршаған ортаға әсерді азайту бағытындағы жобаларға 3,1 млрд АҚШ долларын бөлді. ТШО 2009 жылы ілеспе газдың үздіксіз жағуын тоқтатты. ТШО қалдық ұнғыма өнімдерін бүркіп, оларды тиімді және толықтай жағу мақсатында Evergreen заманауи технологиясын пайдаланады. Бұл инновациалық технология бизнес жоспардың өндірістік болжамдарына сәйкес болу мақсатында жаңа ұнғымаларды іске қосуға және зауыттың толық жүктелуіне мүмкіндік береді. 2018 жылы ТШО қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жалпы қызметтің бөлігі ретінде парник газының шығарындыларын анықтау және жою бойынша шектеулі бағдарламаны жүзеге асырды.

2018 жылы Теңізде жиналған қалдықтардың 64% мамандырылған мекемелерге қайта өндеуге немесе қайта пайдалануға жіберілді. 2018 жылы ТШО қайта өндеуге жарамды, алайда көмуге тыйым салынған қалдықтарды пайдалануды  азайту, қайта пайдалану және қайта өндеуге арналған бағдарламаны (3R бағдарламасы) жүзеге асырып, Теңіз «Эко Орталығындағы» қайтадан пайдалану мен өңдеуге арналған материалдарды уақытша сақтау алаңын кеңейтуді бастады.

2018 жылы ТШО қалашығының булану алаңының топырағын қалпына жобасын қоса есептегенде, 48 гектар жер қалпына келтірілді. 

Аймақтағы су жетіспеушілігіне байланысты  ТШО су ресурстарын үнемдеудің маңыздылығын түсінеді. 

ТШО мүмкін болған жерде технологиялық процестерде техникалық суды қайтадан қолдану және тұрмыстық ағынды суларды өңдеу арқылы су ресурстарын сақтап қалу бойынша бастаманы қолға алды. 2018 жылы суды қайта өңдеудің жалпы деңгейі 27%-ды құрады.

2018 жылы ТШО Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытына сыйлық ретінде аэратор, экскаватор секілді жабдықтармен қоса балықтарға арнайы жем тапсырған болатын. Жаңа жабдық балықтардың денсаулығын жақсартып, уылдырық шашу тоғанында олардың тіршілікке жоғары қабілеттілік деңгейін сақтауға мүмкіндік берді.

Мазмұнына оралыңыз

Өндіріс және өнімдерді сату

production

2018 жылы шикі мұнай өндіру көлемі 28,6 млн. тоннаны (228,2 млн баррель) құрады. 

ТШО шамамен 1,3 миллион метрикалық тонна сұйытылған көмірсутегі газын, 9,2 млрд. текше метр құрғақ газ және 2,5 миллион метрикалық тонна күкірт сатты.


Back to List of Contents

Қазақстан Республикасы үшін қаржылай тиімділіктер

ТШО 1993 жылы құрылғаннан бастап Қазақстан Республикасына 135 млрд АҚШ долларынан астам төлем жасады. Оған қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ үлесіне тиесілі пайданы бөлу, мемлекеттік бюджетке тиесілі салықтар мен роялти төлемдері, мемлекеттік компаниялардың тарифтері мен қызмет құны және қызметкерлердің жалақысы кіреді. 

2018 жылы Қазақстан Республикасына төленген тікелей төлемдер көлемі жалпы алғанда, 10,1 млрд АҚШ долларын құрады.

ТШО 1993 жылдан бері қазақстандық тауарлар мен қызметтерге жұмсалған қаржы 28 млрд АҚШ долларынан асты.


Мазмұынына оралыңыз

Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы 

ТШО ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасы Теңіз кен орнының өндірістік қуатын кезекті ауқымды кеңейтуді  көздейді. Бұл атаулы жоба аясында жылдық мұнай өндірісі 12 миллион тоннаға артып, Теңіздегі қолданыстағы нысандардың толық өндірістік қуаттылығы сақталады. 

2016 жылдың шілдесінде ТШО серіктестері ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын қаржыландыру туралы ақырғы шешімді қабылдады.


Бұл — болашақ ұрпақ игілігі үшін Теңіз кен орнының сенімді және тұрақты өндірісін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасымен ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынас орнатуда ТШО қол жеткізген ірі меже болды.


ККЖ-ҰЕҚБЖ — әлемдік деңгейдегі жоба, оны жүзеге асыруға11 мемлекеттің 19 аймағы қатысуда. 

Қазақстандық қамту ТШО және ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасы қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ел аумағында ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында 45 000-нан астам қазақстандық азаматтар еңбек етеді, бұл Қазақстандағы жоба қызметкерлері жалпы санының 91%-ын құрайды.

ТШО қазақстандық компанияларды ККЖ-ҰЕҚБЖ аясындағы жобалау, сатып алу, құрастыру жұмыстарына жұмылдырды және осы күнге дейін 2 100-ден астам қазақстандық компанияны алдын ала іріктеуден өткізді.АлҚазақстан Республикасында тіркелген   400-ден астам компания ККЖ-ҰЕҚБЖ – да контракт бойынша жұмыс істеуде. Жоба өкілдері  компаниялардың техникалық және кадрмен қамтылу мүмкіндігін   бағалау үшін, 160-тан астам қазақстандық кәсіпорынға іс сапармен барып қайтты. Жоба басталғалы   қазақстандық қамтуға жұмсалған қаржы  5,2 млрд АҚШ долларынан асты.

Жоба шеңберіндегіинженерлік-техникалық жұмыстар Атырау және Алматы қалаларында, сондай-ақ АҚШ, Ұлыбритания және Үндістан елдерінде жүргізілуде. 2018 жылы жобалау жұмыстары модуль жасау және құрылыс топтарына тиісті қолдау көрсету үшін жеткілікті деңгейде ілгеріледі.

ККЖ-ҰЕҚБЖ өндірістік нысандары модульдерден құрастырылып салынады. Модульдер Қазақстан, Оңтүстік Корея және Италияның өндіріс алаңдарында жасалып, ақырғы орнатылуы үшін Теңіз кен орнына тасымалданады. Құрастырмалы модульдік эстакадалар (ҚМЭ) Қазақстандағы «ЕРСАЙ» өндірістік алаңында жасалып, жиналуда. Былтыр Қазақстандағы «ЕРСАЙ» өндірістік алаңынан үшінші буын зауыты (ҮБЗ) мен шикі газ айдаудың үшінші буын (ШГАҮБ) нысандарына 28 модуль жеткізілді. Италияның Авенца қаласындағы алаңда «Фрейм 9» газ турбиналы генераторлардың (ГТГ) модульдерін жасау және жабдықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. 2018 жылдың ішінде, осыдан бірнеше ай бұрын Авенца қаласынан алғашқы ГТГ жеткізілді және ҮБЗ-да алғашқы ГТГ  қайта құрастырылды. Оған қоса, Оңтүстік Кореядан 12 модульді су жолдарымен жөнелту ойдағыдай жүзеге асты.

Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі Прорва түбегі мен Теңіз кен орнын жалғайтын жүк тасымалдау бағдарының (ЖТБ) құрамына ұзындығы 71 км теңізге шығу каналы, жүк түсіру терминалы, қойма нысандары және жүк тасымалдау жолы кіреді. Пайдалануға берілген ЖТБ модульдік жүктерді түсіру, сақтау және Теңіздегі алаңдарға жеткізу үшін қолданылуда. 

Теңіз - жалпы мақсаттағы қызметтер мен құрылысқа арналған инфрақұрылым нысандары, басқару жүйелері және энергожүйе, мұнай мен газды жинау жүйесі, ҮБЗ және ШГАҮБ қондырғысын қамтитын болашақтағы жоба нысандарының салынатын орны. 

2018 жылы жалпы мақсаттағы қызметтер тобы инфрақұрылым, тұрақты нысандар және біріккен өндірісті басқару орталығы бойынша жұмыстарды орындай отырып, аса маңызды қызметтердің барлығын толықтай атқарды. 2018 жылдың желтоқсанында басқару және электрмен жабдықтау тобы ҮБЗ-де негізгі қосалқы станцияны іргетасына орнатты. Мұнай жинау жүйесі тобы кеніш нысандары мен құбыр желілері бойынша жұмыс көлемін орындау ойдағыдай  жүзеге асыруда. Үшінші буын зауытында (ҮБЗ) бетон құю және жер асты құбырларды салу жұмыстары жалғасуда. Қараша айында алғашқы газ турбиналы генератор қайта құрастырылды. ШГАҮБ-де жалпы құрылыс және жер асты жұмыстары жалғасуда. Сол айда алғашқы құрастырмалы модульдік эстакада іргетасына орнатылды.

Қазақстандық қамту

ТШО жыл сайын қазақстандық тауарлар мен қызметтерге арналған шығындарды арттыруды жалғастыруда. 2018 жылы ТШО отандық қазақстандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтеріне 3,5 млрд АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады. 1993 жылдан бері ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерге 28 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салды. ТШО Теңіздегі жұмыстың аса күрделі шарттарына сәйкес келетін сапалы қазақстандық тауарларды сатып алуды көбейту әдістерін анықтау бойынша жұмыстарды жалғастырады.


ТШО қазақстандық қамту бойынша, мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін, тауар және қызмет түрлерімен қамтушыларға ұзақ мерзімді мүмкіндіктер туғызылуы тиіс деп санайды.


Осылайша, ТШО инфрақұрылымға тиісті инвестицияларды, қазақстандық жұмыс күшін оқытуды және жұмыс орындарын құруды тұрақты түрде демей отырып, қазақстандық қамтушылардың тұрақты дамуын қолдауды жалғастыратын болады. ТШО қазақстандық қамтуды арттыру, Қазақстан Республикасына инвестиция тарту және жұмыс орындарын ашу үшін өзінің басты мердігерлерімен және қамтушыларымен бірлесе жұмыс істейді. 2018 жылы қамтушылар қазақстандық қамту бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткізді:

  • Мұнай кенішінде қолданылатын құбырлардың халықаралық өндірушісі Ақтау қаласындағы заманауи нысанды қаржыландырып, ресми түрде ашты, сонымен қатар ТШО-ға бұрандалы құбырлар жеткізді
  • Тамақтануды ұйымдастыру және нысандарды басқару бойынша халықаралық компания жергілікті серіктеспен бірге Құлсары қаласында алаңы 25 мың м2-ге тең әйнекпен жабылған заманауи жылыжай ашты, бұл ТШО асханаларына және жақын арадағы тұрғындарға көкөністер жеткізуге мүмкіндік туғызды.
  • Бірқатар қазақстандық мекеме біліктілігін арттырып, күкіртті тасымалдайтын вагондармен қамтамасыз етудебірнеше миллион АҚШ доллары тұратын тендерді ұтып алды.

Бұдан басқа, ТШО тауарлар мен қызметтерді жеткізетін жергілікті қамтушыларды мамандандыру, әрі оларды дамыту үшін жергілікті қамтушылармен тікелей жұмыс жасауда. Бұған төмендегі жарқын мысалдар дәлел:

  • Таттануға қарсы қаптаманың жергілікті өндірушісі ТШО жұмыстарын атқару үшін сынақтан өтті және мақұлданды.
  • Бақылау және өлшеуіш құрылғы кабелінің жергілікті өндірушісі ТШО қолданысына ену үшін сынақтан өтті және мақұлданды.
  • Екі жергілікті компания электр қозғалтқышты жөндеу үшін квалификациядан өтті.

Сонымен бірге, ТШО 27-ден астам компаниямен жұмыс атқарған жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасын іске асыру, техникалық және сапалы сертификаттар мен қызметтерінде басқа да жетілдірулерді ұсыну үшін Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірлесе жұмыстанып келеді. Сонымен қатар, қызметтері мен қауіпсіздік техникасын жақсарту саласында 300-ден астам адам үшін 10-нан астам дәріс ұсынылды. Бұл келесідей нәтижелерге қол жеткізуге себеп болды:

  • Қатысушылардың 73%-ы айналымды 66%-ға дейін арттырды, ал қызметкерлер саны орта есеппен 32% - ға өсті
  • Бағалаудан өткен кәсіпорындардың 73%-ы еңбек өнімділігін 35%-ға және кешенді айналымды ~3,2 млн. евроға арттырды

Қазақстандық қамту ТШО негізгі өндірісінің және ККЖ-ҰЕҚБЖ қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады.


Ел аумағындағы ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберінде 45 000-нан астам қазақстандық азамат еңбек етуде, бұл Қазақстандағы жоба қызметкерлері жалпы санының 91%-ын құрайды.


ТШО қазақстандық компанияларды ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберіндегі жобалау, сатып алу, құрастыру жұмыстарына жұмылдырды және осы күнге дейін 2 100-ден астам қазақстандық компанияны алдын ала іріктеуден өткізді.    Қазақстан Республикасында тіркелген 400-ден астам компания ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмыстарына тартылды. Кәсіпорындардың мүкіндіктерін көзбен көріп, бағалау үшін 160-тан астам қазақстандық компанияға арнайы іс сапар ұйымдастырылды. Жоба басталғалы  қазақстандық қамтуға жұмсалған қаржы көлемі 5,2 млрд АҚШ долларын  құрады.

ККЖ-ҰЕҚБЖ жобалау, жоғары техникалық деңгейдегі жабдыққа қызмет көрсету, жобаны басқару, құрылыс жүргізу және модуль жасау саласындағы жаңа мүмкіндіктер мұрасын қалыптастырып, жобалау, модуль жасау және бұрғылау жұмыстары саласында қазақстандық және халықаралық компаниялар арасында бірлескен кәсіпорын құруды ынталандыруда.


Мазмұнына оралыңыз

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

1993 жылдан бергі ТШО-ның Атырау облысындағы әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды және жергілікті тұрғындар мен қызметкерлерге көмек көрсетуді қаржыландыруға бөлген қаржысы 1,7 млрд. АҚШ долларынан асты. ТШО өзінің «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы арқылы Атырау облысында 84 жобаны жүзеге асырды.


2018 жылы аталмыш бағдарлама шеңберінде өңір үшін әлеуметтік маңызы жоғары болып табылатын жобаларға (мектептер, балабақшалар, мәдениет үйлері, спорт кешендері және т.б.) 25 млн АҚШ доллары бөлінді.


Сондай-ақ, ТШО Жылыой ауданында екі балабақша құрылысын аяқтап, Атырау облысында маңызды алты әлеуметтік инфрақұрылым жобасын бастады. Оның ішінде Атырау қаласындағы тутұғыр, Майкөмген аулындағы балабақша мен дене шынықтыру және сауықтыру орталығы, сондай-ақ Доссор аулындағы тағы бір балабақша бар.

«Игілік» бағдарламасынан бөлек ТШО өзінің ККЖ-ҰЕҚБЖ әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл аулында екі футбол алаңы құрылысын аяқтап, ауыл тұрғындарының игілігіне тапсырды.  

Жергілікті және халықаралық ұйымдармен серіктестік орната отырып, әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы арқылы ТШО Атырау облысында білім беруге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға арналған жобаларға жалпы жылдық көлемі 1 миллион АҚШ долларын құрайтын қаржы жұмсады. 

2019 жылы ТШО «Игілік» бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыруға 25 млн. АҚШ доллары, ал Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыруға 1 млн АҚШ долларынан астам қаражат бөлді. Қаржының басым бөлігі Атырау облысына жұмсалды.

Қызметкерлерді шыңдау

workforce

 

ТШО-ның қол жеткен табысын білікті қызметкерлерсіз елестету тіптен мүмкін емес. Компания қызметкерлерін шыңдауға ұдайы  инвестиция бөліп келеді, әлі де жалғастыруда.

ТШО-да қызметкерлерді оқыту және дамыту, бәсекеге қабілетті жалақы және тартымды әлеуметтік пакет бойынша кешенді стратегия қабылданды, бұл қызметкерлерімізді тиімді түрде шыңдай түсуге мүмкіндік береді.


ҚР азаматтары негізінен ТШО-дағы барлық жұмыс орындарының 81,6%-ын алып отыр, ал орта және жоғары буын басшыларының арасында қазақстандықтардың саны 62,5%-ды құрайды.


Компанияда қызметкерлерді оқыту және шыңдау бағдарламалары жұмыс істейді, олар қызметкерлердің міндеттер шеңберінің ұлғаюы мен лауазымға ілгерілеуіне ықпал етеді.

ТШО компаниядағы жоғары басшылық лауазымдарын иеленетін кадрларды іздестіруді және дайындауды одан әрі жалғастырады. Біздің қазақстандық қызметкерлерді шетелге жұмысқа жіберу – елден тыс жерде жұмыс істеу тәжірибесін алуға, өз мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін маңызды тәсілдердің бірі.

Қазіргі таңда 41 қызметкер өзінің кәсіби дағдыларын, білімін дамыту және тәжірибе алу мақсатында шет елде және Қазақстанда тағылымдамадан өтуде. ТШО-ның 2008 жылдан бергі қазақстандық қызметкерлерді дамытуға жұмсаған  инвестициясы   71 миллион АҚШ долларынан асып түсті.

2007 жылдан бері 173 қазақстандық маман негізгі басшылық және техникалық лауазымдарда отырған шетелдік әріптестерін алмастырды.

2019 жылға болжам

Денсаулықты, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасы

Өлім оқиғалары, едәуір жарақаттар мен технологиялық үрдістің қауіпсіздігіне қатысты айтарлықтай оқиғалардың алдын алу үшін ТШО ең ауыр салдары бар тәуекелдерге, сондай-ақ аталмыш тәуекелдерді басқару мақсатында аса маңызды қорғау шараларының бар болғандығына және жұмыс жасап тұрғандығына көбірек назар аударатын болады. Кәсіпорын алауда жоспарсыз жағу оқиғаларын азайтуды, су ресурстарын тиімді пайдалануды және қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыруды жалғастырады.


Адамдар

ТШО-ның мақсаты - лайықты нәтижені қамтамасыз ететін кәсіби біліктілігі жоғары қызметкерлерді шыңдау және қолдау мақсатында адам ресурстарына инвестиция салу арқылы Қазақстандағы ең үздік жұмыс беруші ретінде танылу. 

Өндіріс

ТШО құндылықтардың барлық тізбегі бойынша тұтастық, сенімділік және тиімділікті жақсартуға тұрақты назар аудара отырып, негізгі өндірістің активтерін мінсіз басқаруды жалғастырады.


Технологиялар мен функционалдық тиімділік

ТШО қызметкерлер және өндірістік қауіпсіздігін, өндірісті пайдалану сенімділігін жетілдіру және өндірістің тиімділігін арттыру арқылы, сондай-ақ өндіріс процесінде және қазіргі уақыттағы және келешектегі активтерді дамытуда жаңа әрі дәлелденген технологияларды пайдалану үшін технологияларды цифрландыруды және функционалдық тиімділікті қолдануды жалғастырмақ. Бірқатар келешегі зор цифрлық технология жалпы компания бойынша жандандыру мүмкіндіктерін жасау үшін қарастырылуда. Бұл ТШО үшін жаңа және қызығы мол жұмыс бағыты болып табылады.  


ККЖ-ҰЕҚБЖ

2019 жылы ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасы барлық қызметкерлердің ортақ бағытта жұмыс істеуін және жобаны жүйелі түрде жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында «Біртұтас ұжым» қалыптастыруға уақыт пен ресурс жұмсайтын болады. Күрделі шығындардың тиімділігін барынша арттыра отырып жалпы жобаны іске асыру үшін жоба тобы түйінді жұмыстарды, процестерді және тапсырмаларды табысты орындауы керек. 2019 жылғы басты мақсаттар жобалау, сондай-ақ «ЕРСАЙ», Италия және Оңтүстік Кореяның Шинхан өндірістік алаңдарындағы материалдық-техникалық қамсыздандыру және құрастыру жұмыстарын аяқтауды қамтиды. Теңіздегі қарқыны артып отырған құрылыс жұмыстарына тікелей қолдау көрсету мақсатында 2019 жылы біздің халықаралық жабдықтау жүйемізде ең күрделі теңіз тасымалы науқанын іске асыру үшін жұмыс қарқыны өсетін болады. Жоба тобы Теңіздегі жаппай құрылыс жұмыстарын барынша жылдамдатып, негізгі қосалқы станция мен жоғары қысымды ерте мұнай жүйелерінің ұңғымалары мен нысандарын іске қосуға дайындауы керек. Жобаны басқару, заманауи жабдықтарға қызмет көрсету, жобалау, құрастыру және құрылыс салаларында мүмкіндіктерді арттыру арқылы мұра қалдыру мақсатында ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасы жергілікті қамту көрсеткішін әрі қарай арттыру жолдарын қарастыратын болады.