Қазақстандық қамту

Стратегия

ТШО-ның қазақстандық қамтуды дамыту стратегиясының басты аспектісі мұнай-газ индустриясымен ынтымақтастық үшін өздері жауап беруге тиіс халықаралық сапа мен стандарттарды түсіну мақсатында қазіргі және ықтимал жабдықтаушылармен жұмыс жасау болып табылады.

Жоғары халықаралық стандарттарға жауап беретін қазақстандық тауарлар және қызметтер нарығын ұдайы дамыту компанияның үздіксіз даму стратегиясының іргетасы болып табылады және Қазақстан үшін маңызды құндылықтарды туғызады.

ТШО компанияның қазақстандық қамту бойынша міндеттерін орындау үшін, тауарлар және қызметтер жабдықтаушыларына ұзақ мерзімді мүмкіндіктер туғызуға тиіс.

Сол себепті, ТШО инфрақұрылымға, қазақстандық кадрларды оқыту және жұмыс орындарын ашуға қажетті инвестицияны тарту арқылы қазақстандық жабдықтаушыларды тұрақты дамытуды қолдауын жалғастыра бермек.

ТШО жыл сайын тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық үлесті арттырып келеді.

Қазақстандық тауарлар мен қызметтерге жұмсалған қаражат

1993 жылдан бастап
(АҚШ доллар)
>28 млрд

2017 жылы 
(АҚШ доллар)
2,5 млрд

2018 жылдың үш тоқсанында
(АҚШ доллар)
3,5 млрд

«Теңізшевройл» ЖШС-мен ынтымақтастық

ТШО-мен табысты ынтымақтастық құру

ТШО-ның материалдық-техникалық қамту бөлімі компанияны сапа және тұтастық қағидаларына ұдайы сай келетін және бәсекеге қабілетті бағалары бар тауарлармен және қызметтермен сенімді түрде қамтамасыз ету үшін компанияның жабдықтау көздерін стратегиялық басқаруды жүзеге асырады.

ТШО қауіпсіздік мәдениеті тұрақты, жұмысы сенімді, сапалы тауарлары мен қызметтері бар, бағалалары бәсекеге қабілетті, шығындарды басқару дағдысы дамыған, инновациялық бизнес-шешімдері бар, әрі тапсырыс берушіге және қазақстандық қамтуды дамытуға тұрақты бейімделген жабдықтаушылармен ынтымақтастыққа ұмтылады.

ТШО үшін іскерлік нәтижеге қол жеткізу ғана емес, сондай-ақ, «ТШО-ның сара жолы» қағидаларына сәйкес жүзеге асуы да маңызды. Біз өз жабдықтаушыларымыздан осындай талап пен құндылықтарды ұдайы ұстанады деп күтеміз.

Жабдықтаушыларға қойылатын талаптар

ТШО-ға сапалы тауарлар мен қызметтер ұсынатын жабдықтаушылар төмендегідей талаптарға сай болуы керек:

  • Қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша жоғары көрсеткіштер;
  • Халықаралық деңгейде мойындалған сапа стандарттары мен басқару жүйелері;
  • Қазақстандық қамтуды дамыту мен тұрақты өсіруге бейімділік;
  • Баға бойынша бәсекеге қабілеттілік;
  • Қаржылық тұрақтылық;
  • Тапсырыс берушіге бейімделу;
  • Инновациялық бизнес-шешімдер.

ТШО-мен жұмыс жасауға қызығушылық танытқан жабдықтаушы өз қызығушылығын төменгі сілтеме арқылы білдірмек:

Жабдықтаушылардың қызығушылық танытуы (SEOI, орыс және ағылшын тілінде)

Ескерту: Келешегі мол жабдықтаушыларды анықтау үшін ТШО «Алаш» (www.alash-kz.com) атты мұнай-газ өнеркәсібінің дерекқорын да қолданады.

Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасындағы қазақстандық қамту

2013 жылы ТШО мен Қазақстан Республикасының Үкіметі ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберінде қазақстандық қамтудың мақсатты көрсеткіштері бойынша Өзара түсіністік жайлы Меморандумға (ӨТМ) қол қойды. Бұл көрсеткішті құрамына мемлекеттік органдар және қазақстандық бизнес өкілдері кірген сараптамалық тобы бірлесе отырып үйлестіреді. Сондай-ақ, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшіліктерімен ӨТМ-ға қол қойылды. ККЖ-ҰЕҚБЖ-да жоба мен қатар Қазақстан Республикасының халқының игілігі үшін қазақстандық кадрларды, тауарлар мен қызметтерді кең ауқымда жұмылдыруға бағытталған тиімді және тұрақты мүмкіндіктерді анықтап, дамыту үшін мамандар тобы құрылды.