«Теңізшевройл» ЖШС шикі мұнаймен қатар, табиғи газ, күкірт және сұйытылған көмірсутек газды (СКГ) да өндіреді.
ТШО сатып алушылармен ұзақ мерзімге жасалған шарттарға қол қойып өнімнің сенімді сатылымдарын қамтамасыз ететіндей географиясы кең және сенімді алармандар базасын қалыптастырды.
ТШО өнімнің темір жол мен теңіз арқылы жеткізілімдерін атқара отырып, СКГ Қазақстан және экспорт рыноктарына сатады. Экспорт сатылымдары Инкотермс 2000 ережелеріне негізделеді, әдетте бұл алдын-ала саралаудан өткен сатып алушылараға DAF немесе FOB шарттарымен атқарылатын сатылымдар.
ТШО атқаратын СКГ сатылымдары еліміздің көптеген аймақтарына бағытталады. Сатылымдар жыл ішінде тоқсан сайын өтетін тендер нәтижелеріне қарай жүзеге асырылады. ТШО өнім сапасын басқару мен өнімді жеткізуге қатысты өзінің міндеттемелерін орындау мақсаттарында СКГ- ды қазақстандық сатып алушылар белгілеген орындарға жеткізіп береді. ТШО өткізетін тендерге ТШО өзі ұйымдастыратын алдын-ала саралау критерийлеріне сәйкес келетін барлық сатып алушылар қатыса алады.
Сатып алушылар ТШО тендерін ұтуы төменде көрсетілген, бірақ олармен шектелмейтін талаптарға негізделеді:
ТШО СКГ сатылымдарын
ТШО нарық бағалар негізінде энергетикалық өнеркәсіп саласындағы дүниежүзілік сараптау агенттіліктері болып танылатын Аргус және/немесе Платтс жариялаған белгіленімдерді қолданып СКГ сатып өткізеді. ТШО СКГ сату бағаларын талқылап келіссөз өткізген кезде әр нарықтағы сұраныстың бәсекелестігі мен жағдайын да қарайды.
ТШО өзінің әлеуетті сатып алушыларын коммерциялық, қаржылық, логистикалық және техникалық жақтарынан бағалап саралайды. Барлық әлеуетті сатып алушылар ТШО тарапынан өтетін жан-жақты тексерістің барлық талаптарын қанағаттандыратын деңгейде болуға тиіс. ТШО коммерциялық іскерлік қарым қатынасты басқаларына қарағанда ақырғы тұтынушылармен құруды қалайды. Барлық үміткер сатып алушылар өздерінің ұйымдастыру қабілетін көрсетіп төменде тізілген критерийлерге сәйкес болуы сұралады:
ТШО табиғи газды орта және ұзақ мерзімге жасасқан шарттар негізінде осы өнімді өзінің меншігіндегі нысандарында пайдалануға немесе газдың жеке сатылымдарын қолданатын тарату құбыр жүйелердің иелеріне сатуға басымдылық береді.
ТШО табиғи газды құбыр жүйелері арқылы ел ішіндегі нарыққа сатады және экспортқа шығарады. Ел ішіндегі нарықтағы сатылымдар мен экспорт сатылымдар Incoterms 2000 негізінде атқарылады. Табиғи газ ел ішіндегі нарыққа «франко тасымалдаушы» (FCA), ал экспортқа «шекараға жеткізу» (DAF) шарттарына сәйкес ТШО-ның алдынала тексеруінен өткен сатып алушы компанияларға жөнелтіледі.
Қазақстан нарығына ТШО табиғи газды Атырау облысына жеткізеді.
ТШО ел ішіндегі нарық пен сондай-ақ экспорт нарыққа да газ сатылымдарына ұзақ мерзімге шарт жасасу жұмысын жалғастыруды жоспарлауда. ТШО қазіргі таңда сатылымдар атқарудағы нарықтарын сақтаумен қатар жаңа нарықтарды әр тараптандыру жұмысын да атқарады.
ТШО өзінің әлеуетті сатып алушыларын коммерциялық, қаржылық, логистикалық және техникалық жақтарынан бағалап саралайды. Барлық әлеуетті сатып алушылар ТШО тарапынан өтетін жан-жақты тексерістің барлық талаптарын қанағаттандыратын деңгейде болуға тиіс. ТШО коммерциялық іскерлік қарым қатынасты басқаларына қарағанда ақтық тұтынушылармен құруды қалайды. Барлық үміткер сатып алушылар ТШО ның сатып алушысы ретінде тіркелуі үшін өздерінің ұйымдастыру қабілетін көрсетуге тиіс.
ТШО өзінің күкірт сату стратегиясын барлық әлеуетті сатып алушылар мен маркетингілік қолдау көрсететін делдалдық компаниялар өтініштерін құрылымды және әділ түрде қарастыруды қамтамасыз ететін ең жақсы өндірістік тәжірибелер негізінде жетілдірді.
ТШО өткізетін жан-жақты заңдық сараптама талаптарына сәйкес, күкірт сату үшін күкірттің ТШО-дан бастап маркетингілік қолдау көрсететін делдалдық компания арқылы, қажет болса ақырғы тұтынушыға дейін, толық жеткізу тізбегіне қатысушылар жөнінде толық мәлімет алуы қажет. Осы жан-жақты заңдық сараптама ТШО күкірт сату стратегиясының ажырағысыз бөлімі болып табылады. ТШО жан-жақты заңдық сараптамасының бөлігі болып келетін күкірт сатылымы жөніндегі сұраунамасы мен іскерлік сұраунамасын берілген сілтемелер арқылы таба аласыз: