«ӘИБ» аясында құрылған жобалар

ТШО-ның үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмысының нәтижесі көптеген әлеуметтік мәселелерді шешіп, облыстың әлеуметтік өміріне оң әсерін тигізуде.

production-icon

01

«Талаптан» ҚҚ

02

«Жүректен жүрекке» ҚҚ

03

«АЯЛА» жеке қайырымдылық қоры

04

«АЯЛА» жеке қайырымдылық қоры

05

«Біз де адамбыз» ҚҚ

06

ОО «Атырау. Шағын ел» ҚҚ

07

«БолашақK» ҚҚ

08

«ҚазРоботикс» ҚҚ

09

«Біз де адамбыз» ҚҚ

10

«Shyraq Education» жеке қоры

11

«Жаңа білім беру бастамалары» ҚҚ

12

«Біз де адамбыз» ҚҚ

13

«Жүректен жүрекке» ҚҚ

14

«Qabilet» ҚҚ

15

«Фонд Еуразия Орталық Азия» ҚФ

16

«Janasha» ҚҚ

17

«Әлеуметтік бағдарламалар мен инновациялар қоры»

18

«Shyraq Education» жеке қоры

19

«Zeyin-Atyrau» ҚҚ

20

«Талаптан» ҚҚ

21

«Qazaqiya» ҚҚ

«Саялы бақ - саясында»

Project Goals:

  • Ауылды көгалдандыру арқылы экологиялық жағдайды жақсарту.
  • Ауыл тұрғындары арасында еріктілікті дамыту, оларды бір-біріне көмектесуге тарту және оқыту, тұрғындардың бірлігін арттыра отырып, ауыл проблемаларын бірге шешу.

Эко ағарту

Project Goal: Әлеуметтік маңызы бар экологиялық жобаларды іске асыру арқылы жастар арасында экологиялық сананы дамыту.

«Өмірге дем берейік»

Project Goal: Атырау облыстық перинаталдық орталығына азот оксидімен емдеуге арналған аппарат орнату арқылы жаңа туған нәрестелердегі неонаталдық өлім-жітім көрсеткішін төмендету.

«Неонатальды хирургия»

Project Goal: Атырау облыстық перинаталдық орталығының «Неонаталдық хирургия» бөлімшесін мамандандырылған медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы жаңа туған нәрестелердегі неонаталдық өлім-жітім көрсеткішін төмендету.

«Мүгедектігі бар адамдарды тиімді оңалту»

Project Goal:

  • Атырау облысының аумағында тұратын және арбаға таңылған жандардың өмір сүру сапасын жақсарту.
  • Олардың қоғамға бейімделуіне көмектесу , психологиялық және эмоционалдық көңіл-күйлерін бақылауларына қолдау көрсету, жалпы оңалту процесін тез және тиімді жүзеге асыру.

«Шағын ел» қоғамдық-ғылыми қалашығы

Project Goal:Тірек-қимыл мүшелерінде ақауы бар адамдардың физикалық және психологиялық дербестікке қол жеткізуіне көмектесу, оларды жаңа, өзгермелі жағдайларға бейімделуге қабілетті ету, диализбен ауыратын науқастардың жағдайын жақсарту

Атырау облысында «Ерте араласу» бағдарламасы бойынша балаларды ерте оңалту

Project Goal:Бала дамуындағы ақаулар мен артта қалушылықтарды ерте анықтау және жобаның тиімді компоненті ретінде ата-аналарды неғұрлым көбірек тарта отырып, анықталған кемшіліктерді түзетуді мүмкіндігінше ерте бастау мақсатында Атырау облысында «Ерте араласу» бағдарламасы бойынша балаларды ерте оңалтуды одан әрі жетілдіру.

«Күн сәулесі»

Project Goal:Халықаралық оқыту мен тәжірибе негізінде иерархиялық модель бойынша Атырау қаласы мен Жылыой ауданы мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру арқылы инклюзивті білім берудің мүмкіндіктері мен сапасын арттыру, мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім берудің қолжетімділігін арттыру.

JasUP - Атырау облысының жастары үшін STEM, инженерия, робототехника және техникалық дағдыларды дамыту

Project Goal:Атырау қаласы мен Жылыой ауданы жастарын, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар жастарды жұмысқа орналастыру үшін техникалық дағдылар деңгейі мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Shyraq Zhylyoi development

Project Goal:

  • Жылыой ауданындағы ауылдық мектеп оқушыларының графикалық дизайн және фронтенд-әзірлеу саласындағы негізгі техникалық дағдыларын дамыта отырып, оларға сапалы IT-білім бер
  • Икемді дағдылар бойынша тұрақты семинарлар өткізу арқылы жан-жақты дамуларына ықпал ету.

Жылыой ауданының білім беру ұйымдары оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

Project Goal:Адами қызметтің, қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастардың әртүрлі салаларындағы кең ауқымды өмірлік мәселелерді шешу үшін өмір бойы жиған білімі мен білігін, дағдыларын пайдалануға дайын,әрі қабілетті функционалды сауатты тұлғаны қалыптастыру.

Атырау қаласы мен Жылыой ауданындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Шексіз шығармашылық» атты шығармашылық алаңы

Project Goal:Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік интеграциясына, эмоционалдық көңіл-күйі мен тұлғалық дамуына ықпал ететін шығармашылық іс-шараларға қатыстыру арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсарту.

«Корпоротивті волонтерлікті дамыту «Теңіз жүрегі»

Project Goal:Теңізшевройлдың корпоративтік волонтерлік және әлеуметтік жауапкершілігін дамыту және жүзеге асыру.

«Qabilet» КЕҰ мектебі

Project Goal:Атырау және Құлсары қалаларындағы жергілікті КЕҰ (коммерциялық емес ұйымдар)мен белсенділердің қауымдастыққа арналған әлеуметтік жобаларын жүзеге асырудағы әлеуетін нығайту.

Жылыой ауданының 6 ауылындағы қоғамдық орындар

Project Goal:Жергілікті белсенді азаматтар билік органдарымен бірлесе отырып, 6 ауылдық округте қоғамдық орындар құру және жақсарту.

«+50 ешқашан кеш емес»

Project Goal:50 жастан асқан адамдардың өздеріне деген сүйіспеншілігі мен сенімін ояту, олардың қоғам өміріне белсенді қатысуына ықпал ету, қоғамның маңызды бөлігі ретінде сезінуіне, жаңа дағдыларды меңгеруіне, қарттықты тиімді өткізулеріне мүмкіндік беру.

«Жарқыра» - Атырау облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

Project Goal:Атырау қаласы мен Атырау облысындағы қоғамдастықтың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерін бизнес тұрғысынан тұрақты шешуді қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық әлеуметтік бастамаларды ілгерілету.

«Шектелме»

Project Goal:Aтырау және Құлсары қалаларындағы жас кәсіпкерлерге, жұмыссыз жастарға, бала күтіміндегі аналар мен жастарға еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделуге, заманауи мамандықтарға тегін оқытуға және жұмыс табуға көмектесу.

«Қадам» әйелдерді және олардың іскерлік бағытын қолдау жобасы»

Project Goal:Жылыой ауданындағы қоғамның әлеуметтік осал топтарындағы 50 әйелді әлеуметтендіруге ықпал ету, сондай-ақ өз кәсіптерін ашу үшін, 10 әйелді құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

«Кәсіп ет – кәсібіңді нәсіп ет»

Project Goal:

  • Балық аулау мектебінде оқып, балық өсірумен айналысқысы келетін,үйренуге құштар ауыл тұрғындарын оқытып, оларға қолдау көрсету.
  • Өңірде бұрын болмаған шағын және орта балық аулауды ашуды қолдау.
  • Бақшаны күтіп-баптауда тамшылатып суару әдісін пайдалана отырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалай жақсартуға болатынын көрсетіп, келешекте халықты осы әдісті қолдануға шақыру.

«Асыл мұра»

Project Goal:Дәстүрлі білім мен дағдыларды өскелең ұрпаққа және басқа да әлеуметтік топтарға беру арқылы Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және дамыту, сондай-ақ қатысушылардың әлеуметтік тартымдылығын арттыру және ұлттық бірегейлігін қалыптастыру.