Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард тонна (11,5 миллиард баррель) құрайды. Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен үш ірі мұнай-газ операторларының, оның ішінде Теңізшевройл (ТШО) компаниясының қатысуымен мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық (IMB орталығы) мүшелерінің жыл сайынғы кездесуі өтті.
Кездесу кезінде IMB орталығының өкілдері өткен жылдағы жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті, сондай-ақ қазақстандық компанияларды дамыту және олардың құзыреті мен біліктілігін арттыру бойынша алдағы жоспарларды талқылады. Соңғы жылдары IMB орталығы операторлардың қажеттіліктерін саралау, қазақстандық өндірушілер нарығын бағалау, өндіріс орындарын аралау және операторлардың техникалық талаптарын нақтылау бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізді.
Энергетика министрі әрекеттерді біріздендіру және одан бұрын келісілген уағдаластықтардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. «Біз серіктестеріміздің Қазақстан экономикасына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз, бірақ сонымен бірге жаңа шешімдер қабылдау мүмкіндігін де көріп отырмыз. Біздің концептуалды мақсатымыз – алып жобалардың айналасында толыққанды тәуелсіз өнеркәсіптік кластер құру. Бүгінгі таңда бұл ұлттық экономикалық тұрақтылыққа тікелей қатысты мәселе», - деді ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.
ТШО отандық өндірушілердің біліктілігін арттыру және олқылықтарын анықтау бағытында IMB-орталығы жүргізіп жүрген жұмысты қолдайды, бұл сенімді әрі экономикалық тұрғыдан тиімді жеткізушілер базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
ТШО-ның бас директоры Уильям Лакоби «ТШО компаниясы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту Қазақстан үшін стратегиялық мәселе екенін түсінеді және біз тауарларда, жұмыстарда және қызметтерде қазақстандық қамтуды дамытуға үздіксіз ұмтылатын боламыз. Жергілікті компаниялардың халықаралық стандарттарға, әсіресе қауіпсіздік техникасына қатысты талаптарға бейімделуге дайын болуы аса маңызды, себебі Қазақстандағы мұнай кен орындары техникалық жағынан өте күрделі», - деп атап өтті.
ТШО 1993 жылдан бері 51 миллиард АҚШ долларына жуық қазақстандық қамтушылардың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін пайдаланды және қазіргі таңда қазақстандық қамтудың үлесі 70%-ға жақындады. ТШО-ның қазақстандық қамту үлесі алуан түрлі және Атыраудан тыс өңірлерді қамтиды, бұл елдің бірнеше аймақтарында экономиканың дамуына септігін тигізеді.
IMB-орталығының отандық мұнай-газ саласындағы тауарларын дамыту бағытындағы іс-шараларын күшейту үшін жаңа мандат әзірленіп, операторлармен келісілді. Қазақстандық қамтуды дамытуды одан әрі қолдау және жергілікті тауар өндірушілерін барынша тарту мақсатында тендер тәртібіне өзгерістер жасалып, тендер өткізу арнайы тәсілдері енгізілді.
IMB-орталығымен бірлескен жұмыс нәтижесінде өткен жылы ТШО техникалық күтім, жөндеу және өндіріс қызметтері және қорғаныс материалдарын жеткізу жөніндегі ұзақ мерзімді келісімшарттарға, бірнеше меморандумдар мен келісімдерге қол қойды, қазіргі таңда олар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2024 жылдан бері ТШО 16 қазақстандық өндірушілердің біліктілік деңгейін саралаудан өткізіп, оларды ТШО-ның бекітілген өндірушілер тізіміне қосты, осылайша, аталмыш компаниялардың ТШО-ның талаптарына және стандарттарына сай екенін мойындады.
Жуырда қол жеткізген табысты нәтижелер қатарынан атап өтсек, 10,5 миллион АҚШ долларынан асатын жабдықты жеткізуге отандық және жергіліктендірілген компанияларға 4 сатып алу тапсырысына қол қойылды.
Жақында ТШО-ның қазақстандық қамтуды дамыту тобы IMB-орталығымен бірге Қазақстанның барлық аймақтарын жүйелі түрде тексеру және жергілікті өндірушілердің мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында ТШО-ның ауқымды жоспары аясында шымкенттік өндірушілердің нысандарына іссапармен барды.
IMB-орталығы 2021 жылы үш ірі мұнай-газ операторы: Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. компанияларының қолдауымен Қазақстанның мұнай-газ саласындағы OEM өндірушілерін жергіліктендіру және тауарлардағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту арқылы өндірісті дамыту мақсатында құрылды.