• #ДҚҚ 28 қараша 2025
    ТШО қауіпсіздік мәдениетін дамыту саласындағы тәжірибесімен бөлісті

    28 қарашада «Теңізшевройл» (ТШО) мердігер ұйымдарға арналған 2025 жылғы Мердігерлердің еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғау барысын бақылау (CHESM)- Еңбек қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жүйесі бойынша форум өткізді. Компания әр қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бизнестің тұрақты өсуін қолдау үшін ортақ жауапкершіліктің, ашықтықтың болуы және озық тәжірибені енгізу маңызды екенін атап өтті.

  • #ДҚҚ 14 қараша 2025
    ТШО еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша үздік тәжірибелерімен бөлісті

    14 қарашада Атырауда өткен «KazService HSE Forum» аясында «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік тәжірибелері туралы баяндады. Бұл тәжірибелер ТШО-ға аталмыш салада қауіпсіздік деңгейі мен корпоративтік мәдениет бойынша көшбасшылықты сақтауға мүмкіндік береді.

  • #Жобалар 10 қараша 2025
    ТШО Атырауда инжиниринг саласындағы тәжірибесімен бөлісті

    7 қарашада Атырауда Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы жобалау және инжиниринг бойынша жетекші сарапшыларды біріктірген II жыл сайынғы PetroEngineering дөңгелек үстелі өтті. Қатысушылардың қатарында ірі мұнай-газ операторлары, оның ішінде күрделі инженерлік жобаларды іске асыру тәжірибесі мен тәсілдерін таныстырған «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) да бар.

  • #Әлеуметтік жобалар 07 қараша 2025
    «Теңізшевройл» Қазақстанның отырып ойнайтын волейбол федерациясына техника мен жабдық табыстады

    «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) параспортты дамыту және ұлттық құраманы алдағы халықаралық жарыстарға дайындау мақсатында Қазақстанның отырып ойнайтын волейбол федерациясына заманауи спорт жабдығы мен шағын автобус табыстады.