«Теңізшевройл» ЖШС бірқатар оқшауландыру мен технологиялар трансферті бастамаларын жариялады

20 қыркүйек 2019
Ecology

«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Имер Боннер дөңгелек үстел аясында кәсіпорынның БТӨ-тауарларын оқшауландыру бойынша жүзеге асырып жатқан бірқатар бастамалары туралы хабарлады. Оның айтуынша, ТШО ірі жеткізушілермен бірге халықаралық стандарт клапандарын шығаруға, сондай-ақ Қазақстан аумағында сол құралдарға қызмет көрсету мүмкіндігін беретін келісімдерге қол жеткізді. Сонымен қатар, елімізде жақын арада екі тәжірибелі-оқу орталығы жұмыс істей бастайды. Аталған келісімдер ТШО-ның ұзақ мерзімді стратегиясында қазақстандық қамтуды дамыту жоспарлары аясында қабылданды.

«ТШО-ның Теңіз кен орны мен елдің мұнай-газ саласының талаптары үшін қажетті құрал-жабдықтардың бастапқы өндірушілерімен ұзақ мерзімді келісім-шарттары бар. Осы ұзақ мерзімді келісім-шарттар аясында қазақстандық қамтуды дамыту жоспарлары әзірленіп, бүгінгі таңда осы стратегияның кейбір нәтижелерін жариялағалы тұрмын», - деді Имер Боннер.

Сонымен, ТШО бас директорының айтуынша, «Шнайдер Электрик» ЖШС Атырау қаласында энергетика және жабдықтау жүйелерін автоматтандыру саласындағы мамандарына дәріс беруге арналған оқу орталығын ашады. Бұл оқу орны энергетика саласының түлектерін халықаралық стандарттар бойынша кәсіби сертификаттаудан өткізетін елдегі алғашқы орталыққа айналады. Имер Боннердің айтуынша, оқу орталығының ашылуы 2019 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған.

Қазақстандықтарға әлемдік деңгейдегі білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік беретін тағы бір жоба Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің базасында автоматтандыру орталығы мен тәжірибелік зертхана болады. Бұл алаңды ашу туралы келісімге технологиялық процестерді басқару жүйелерін автоматтандыру саласындағы әлемдік көшбасшысы Honeywell Kazakhstan кәсіпорнымен келісім-шарт аясында қол қойылды. Айтылғандай, бұл орталықтың есіктері 2019 жылдың қазан айында ашылады.

Cameron және MRC кәсіпорындары «Теңізшевройл» ЖШС-мен жасалған келісімдер аясында клапандардың өндірісін оқшауландыруды жоспарлауда. Атап айтқанда, Cameron Теңіз кенішінің аумағында жетекті және орбиталық клапандарды құрастыру, жөндеу және қызмет көрсету орталығын ашуды жоспарласа, ал MRC мұнай-газ саласында халықаралық лицензия бойынша неғұрлым сұранысқа ие клапандардың өндірісін бастауға ниетті.

Имер Боннердің айтуынша, ТШО жеткізушілермен бірге ұзақ мерзімді келісім-шарттар аясында қазақстандық қамтуды дамытудың жүзге жуық жоспарын әзірледі.

ТШО-ның ұзақ мерзімді келісімшарттарында қазақстандық қамтуды дамыту жоспарлары 2016 жылдан бастап қолданылып келеді және өзін тиімді құрал ретінде көрсетті. Осындай келісім-шарттардың бірі Қазақстанда оналасқан Британдық AVON Protection лицензиясы бойынша күләпар түріндегі респираторлардың өндірісі оқшауланды. «QHSE-AkBarys» ЖШС қазақстандық кәсіпорны лицензиар болды.

«Теңізшевройл» ЖШС-гі тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесі үздіксіз өсіп келеді. 1993 жылы қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалған қаржы көлемі 27 млн АҚШ долларын құрады, 2003 жылы бұл көрсеткіш 500 млн. АҚШ долларынан асып түсіп, ал он жылдан кейін 2013 жылы ТШО отандық өндіріс тауарлары мен қызметтерін сатып алуға 2,3 млрд. АҚШ долларын жұмсады. Салыстыратын болсақ: ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 2,1 млрд. АҚШ долларына жетті. 1993 жылдан бері ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 30 млрд. астам АҚШ доллларын жұмсаған.