Басшылығындағы алдағы өзгерістер туралы хабарлама

19 мамыр 2022
Ecology

19 мамыр, 2022 жыл. АТЫРАУ – «Теңізшевройл» ЖШС-ы (ТШО) компания басшылығындағы алдағы өзгерістер туралы ресми түрде хабарлайды. 1 маусымнан бастап Көңілқош Сүйесінов компания бас директорының орынбасары болып тағайындалады. К.Сүйесіновтың аталған лауазымға тағайындалуына оның «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) атынан халықаралық мұнай және газ жобаларында жетекші басшылық лауазымдарда болған елеулі тәжірибесі негіз болды.

ТШО бас директорының орынбасары Айбек Қрамбаев 1 маусымнан бастап, басқа жұмысқа ауысады. Айбек ТШО-да еңбек еткен екі жылдан астам уақытта компанияның мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын нығайтып, COVID-19 пандемиясы кезіндегі дағдарысты жағдайды реттеуге жетекшілік етті және қызметтің басқа да басым бағыттарына жауап беріп, қазақстандық қамтуды дамытуға қолдау көрсетті.

ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің (ҮЖББ) бас менеджері Рзабек Артығалиев кәсіпорындағы 21 жылға жуық мінсіз қызметінен кейін зейнеткерлік демалысқа шығу жөнінде шешім қабылдады. Соңғы 12 жылда ҮЖББ бас менеджері лауазымында болған ол ҚР мемлекеттік органдары құрамындағы негізгі мүдделі тараптармен, компания қызметін жүргізетін аймақтағы жергілікті тұрғындармен және ТШО ұжымымен серіктестік қарым-қатынасты тиімді жүргізуге зор үлес қосты.

«Мен әріптестеріме, серіктестеріме, Атырау облысының тұрғындарына белсенді қарым-қатынас және өзара түсіністік үшін ризашылығымды білдіремін. Отбасыма көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіргім келеді және де болашақта оларға барынша көп уақыт бөлемін деген ойдамын », - деп атап өтті Рзабек Артығалиев.

1 маусымнан бастап Дәрмен Аронов ТШО-ның ҮЖЖБ бөлімінің бас менеджері қызметіне кіріседі. Дәрменнің ҮЖЖБ бөлімінің бас менеджері лауазымына тағайындалуына оның соңғы 24 жылда халықаралық мұнай-газ жобаларында қол жеткізген кәсіби тәжірибесі мен біліктілігі негіз болды. Ол соңғы 14 жылда ҚМГ-да түрлі басшылық қызметтер атқарды, ал соңғы екі жылда ҚМГ-дағы Теңіз жобасы департаментіне басшылық етті.

«Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары қызметін қабылдаушы Көңілқош Сүйесінов:«Теңізшевройл Қазақстан экономикасы мен оның әл-ауқатына зор үлес қосудың жарқын үлгісі болып табылады.Мен үшін Қазақстан Республикасының және оның акционерлерінің игілігі үшін компанияның дамуына үлес қосу үлкен мәртебе»,-дейді.

«Теңізшевройл» ЖШС туралы

«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, сонымен бірге күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-ның қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.

ТШО 1993 жылдан бастап 2022 жылдың 1 тоқсанына дейін қазақстандық кәсіпорындарға 164 миллиард АҚШ долларынан астам тікелей қаржылық төлемдер жасады, оның ішінде қазақстандық қызметкерлердің жалақысы, қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу, мемлекеттік компанияларға төленген тарифтер мен алымдар, қазақстандық акционерге пайданы бөлу және Қазақстан үкіметіне төленетін салықтар мен роялти бар. ТШО 1993 жылдан бастап қазақстандық тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге 40,9 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салды.