ТШО мердігерлермен жұмыс жасаудың жаңа тәсілін ұсынды

29 қараша 2023
Ecology

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) техникалық қызмет көрсету және өндірісті пайдалану саласында мамандандырылған 60-тан астам қазақстандық компанияларға ТШО тендерлеріне қатысудың техникалық талаптары, сондай-ақ жаңартылған жұмыс көлемін айқындау стратегиясы туралы толық ақпарат беру мақсатында форум өткізді. Осылайша, ТШО қазақстандық компанияларды сатып алуларға қатысуға шақырады және одан әрі өсу мүмкіндіктері туралы ұсыныстар беру арқылы оларға бағыт-бағдар береді.

«Теңізшевройл» өндірістік және өңдеу қуаттарын дамыту бойынша қарқынды күрделі жобалардың қарбалас кезеңін сәтті аяқтап шықты, бұл 30 жыл бойы компанияның әлемдік кәсіпорындар қатарында тұрақтануына мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта ТШО ірі жобаларды инвестициялаудан негізгі өндіріс нысандарының тиімді, интеграцияланған жұмысына көбірек көңіл бөлуге көшуде. ТШО техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы Джеррод Хант атап өткендей, соңғы жылдар ішінде ТШО күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде үлкен тәжірибе мен білім жинады, бұл әрі қарайғы техникалық қызмет көрсету жобалары үшін құнды болары сөзсіз.

- Мердігер компаниялармен нәтижелі және экономикалық өзара тиімді серіктестікті қамтамасыз ету үшін жұмыс көлемін анықтау қағидаттарын және өзара әрекеттесу ережелерін өзгерту қажет. Келешектегі әлеуетті жергілікті жеткізушілер бізге осы маңызды үдерісте көмектесетініне сенімдімін», - деді Джеррод Хант.

Форум барысында ТШО өндіріс менеджері Грегори Габель өндіріс тиімділігін қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылатын Теңіз кен орны нысандарындағы күрделі жөндеу жұмыстары туралы айтты.

– 2023 жылғы күрделі жөндеу жұмыстары аясында ауыстырылған аса маңызды жабдықтар Атырау мен Ақтау қалаларында жасап шығарылды. Бұл Қазақстанда машина жасаудың дамып келе жатқанын және ТШО қауіпсіздік, сапа және экономикалық тиімділік бойынша ТШО стандарттарына сәйкес қазақстандық қамтуды дамытуға мүмкіндіктер жасауді әрі қарай да жалғастыратын болады, - деп атап өтті Грегори Габель.

Соңғы үш онжылдықта Қазақстан бойынша ТШО мердігерлері өз мүмкіндіктерін дамытып, алға жылжыды, сондықтан ТШО болашақта жергілікті кәсіпорындар жұмыстың жоғары сапасы мен қауіпсіздік мәдениетін, сонымен қатар шығындарды басқару дағдылары мен инновациялық бизнес шешімдерін көрсетеді деп күтеді. Қазақстандық қамтуды дамыту бөлімінің өкілі форумға қатысушыл арды жұмыс нәтижелері мен тендерлік рәсімдердің ерекшеліктері туралы хабардар етті.

«Біз жұмыс пен қызметіміздің жаңа көлемін тиімді қолдап, жетілдіре алатын жоғары білікті және бәсекеге қабілетті жергілікті компанияларды тендерге қатысуға тартқымыз келеді», - деді қазақстандық қамтуды дамыту және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу тобының жетекшісі Олжас Лұқманов.

1993 жылдан бері ТШО қазақстандық жеткізушілерден 46,8 миллиард АҚШ долларынан астам қаражатқа тауарлар мен қызметтерді сатып алды. S&P Global зерттеулеріне сәйкес, ТШО-ның қазақстандық жеткізушілерге жұмсаған тікелей шығындарының әрбір доллары Қазақстан экономикасы үшін ЖІӨ-нің бір доллардан сәл астамына сәйкес келеді.