«ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫ - ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНА» ЖУРНАЛИСТЕР КОНКУРСЫ

29 маусым 2021
Ecology

«Теңізшевройл» кәсіпорны осымен оныныншы рет жергілікті ақпарат құралдарымен  және Қазақстан Журналистер Одағы облыстық ұйымымен бірлесе отырып, Атырау облысының бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің еңбегіне шығармашылық конкурс өткізіп отыр. Облыстық қалам иелерінің жұмыстары 9 номинация бойынша бағаланды. Бұл жолы конкурсқа 23 жеке журналистен ғана  материал түсті. Оның 11-і басылым түріндегі БАҚ-нан, 8-і тележурналист,  1-і фототілші және 3-і телеоператор. Конкурстың қазыларалқасы облысымыздың тәжірибелі де, білікті журналистерінен тұрды. Олар  апта бойы  конкурс материалдарын жан-жақты қарап, саралап шықты. 

«Қазақстан мұнайы - ел экономикасына» тақырыбындағы конкурс өткен жылдың қыркүйек айында қорытындылануы тиіс еді. Амал не, әлемді жайлаған пандемия жоспарлы шараның кейін жылжуына, яғни бүгінгі күнге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өтуіне әкеп тіреді. 

«Біз елдің экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдары рөлінің зор екендігін жақсы білеміз. Қай кезеңде де елді қоғам тынысынан хабардар етіп, шынайы да нақты ақпараттарды жедел жеткізіп, кез келген оқиғаға  салиқалы да салмақты талдау жасап, сараптама жасайтын журналистердің еңбегі ерекше. Олардың өңіріміздегі мұнай-газ саласының дамуына да өз үлестерін қосып, жағымды жаңалықтарды жария қылудағы еңбектері өлшеусіз. Әсіресе, әлемді шарпыған індет алқымнан алған тұста вирус ошағынан тікелей хабар, репортаж таратып, билік пен халықтың арасындағы алтын көпір болғандарыңызды кім жоққа шығарады. Баршаңызды төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!»- деді «Теңізшевройл» ЖШС-нің үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері,қазыларалқасының төрағасы Рзабек Артығалиев. 

Жеңімпаздар тізімі: 

«Үздік телеоператор» номинациясы бойынша: 

  • 1-орын. Өнербек Жаңабай, «Қазақстан» РТРК» АҚ
  • 2-орын. Нұрбол Муғалім, «Астана» телеарнасы
  • 3-орын. Амантай Матенов, «Хабар-24» агенттігі

«Үздік фототілші» номинациясы бойынша: 

1-орын. Ануар Әбілғазиев, «Прикаспийская Коммуна» газеті

«Жас қалам»  номинациясы бойынша: 

  • 1-орын. Өмірбек Кенжеахмет, «Мерейлі мекен» журналы
  • 2-орын. Динара Қанбетова, «Прикаспийская Коммуна» газеті

«Мемлекеттік немесе /не орыс  тіліндегі үздік  телерепортаж»  номинациясы бойынша: 

  • 1-орын. Зейін Ерғалиева,  «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы
  • 2-орын. Айымгүл Хайруллина,  «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы
  • 3-орын. Гүлфәни Ерсайынова,  «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы

«Басылым  түріндегі  орыс  тілді  БАҚ-та жарияланған үздік мақала»  номинациясы бойынша:

  • 1-орын. Марина Қуанышева, «Прикаспийская Коммуна» газеті
  • 2-орын.  Алма Тұрганова, «Прикаспийская Коммуна» газеті
  • 3-орын. Светлана Новак, «Прикаспийская Коммуна» газеті

«Басылым  түріндегі мемлекеттік тілдегі  БАҚ-та жарияланған үздік мақала»  номинациясы бойынша: 

  • 1-орын. Таңатар Дәрелұлы, «Sakhara»газеті
  • 2-орын. Меңдібай Сүмесінов, «Атырау» газеті 
  • 3-орын. Амандық Абдол, «Атырау» газетінің  atr.kz сайты

«Республикалық БАҚ-тың үздік  меншікті  тілшісі»  номинациясы бойынша: 

  • 1-орын. Базаргүл Ізімова, «Астана» телеарнасы
  • 2- орын. Асланбек Шығыр, «Хабар-24» агенттігі
  • 3-орын. Жандос Темірғали, «Қазақстан» РТРК» АҚ

«Облыстағы таңдаулы БАҚ» номинациясы бойынша: 

«Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы  

«Бас Жүлде»  номинациясы бойынша:  

Любовь Монастырская, «Прикаспийская Коммуна» газеті  

«Қазылар алқасының көзайымы»:

  • Нұргүл Рамазанова, «Қазақстан» РТРК» АҚ  Атырау облыстық филиалы
  • Гүлназ Кәрімжан, «Қазақстан» РТРК» АҚ  Атырау облыстық филиалы

Ынталандыру сыйлықтары:

  • Жұлдыз Төлеухан, «Қазақстан» РТРК АҚ  Атырау облыстық филиалы 
  • Анжелика Ли, «Прикаспийская Коммуна» газеті
  • Надежда Шильман, «Прикаспийская Коммуна» газеті
  • Майра Оразғалиева, «Атырау» газеті