Үкіметтік емес ұйымдар Жылыой ауданында 15 жобаны жүзеге асырды

20 желтоқсан 2023
Ecology

Жылыой ауданында Үкіметтік емес ұйымдар(ҮЕҰ) әкімдік өкілдеріне, жұртшылық пен белсенділерге Құлсары қаласында өткен қорытынды жиналыс барысында «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының (ӘИБ) осы жылғы нәтижелері туралы айтып берді.

2023 жылы ӘИБ бюджеті 2,5 млн АҚШ долларына дейін артып, нәтижесінде жобалар да көбейді. Жүзеге асырылған 21 жобаның 15-і - Жылыой ауданы тұрғындарының игілігі үшін.

«Бүгін үкіметтік емес ұйымдар өңірімізде Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жыл бойы атқарылған жұмыстарының қорытындысымен бөліседі», - деді өз сөзінде Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова. – «Қоғамдық кеңістіктер», «Жарқыра», «Шектелме» сияқты жобаларды, сондай-ақ «Білім керуені» корпоративтік қорының өңірде STEAM білім беру әдісін дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарын, Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығының денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі және «Біз де адамбыз» мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту және әлеуметтендіру қорының жұмыстарын ерекше атап өткім келеді. Бұл жобалардың барлығы ТШО-ның Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының арқасында өңіріміздің дамуына үлес қосты».

Биылғы жылдың жетістіктерінің бірі жергілікті ҮЕҰ-дың санының өсуі болды. Биылғы жылдың ӘИБ қатысушылары - 3 жылыойлық ҮЕҰ болды: «Талаптан» ҚҚ, «Зейін-Атырау» ҚҚ және «Ой-сана» психологтары ҚБ. Жастарды SMM-маманы, web-дизайн, копирайтинг, мобилография, таргетинг сияқты заманауи онлайн-мамандықтарға оқыту бойынша «Жаңаша» ҚҚ-ның «Шектелме» жобасы тұрғындардың ерекше назарын аударды. Осы жоба аясында 161 адам оқудан өтіп, олардың 158-і жұмысқа орналасып, сондай-ақ онлайн-жұмыстарды орындауға тапсырыс алады.

«Жыл сайын ҮЕҰ сапасымен қатар, саны да өсуде. Егер алғашқы жылы ТШО бүкіл облыс бойынша 14 жобаға қолдау көрсеткен болса, биыл 21 жобаның 15-і - тек Жылыой ауданында ғана іске асырылуда. Біз қызметкерлер мен олардың отбасылары тұратын және жұмыс істейтін аймаққа қолдау көрсетуге қуаныштымыз», - деп атап өтті Дәрмен Аронов, ТШО Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері.

2023 жылы ТШО Теңіз кен орны орналасқан Жылыой ауданына айрықша назар аударып, ауданды дамытудың жаңа бағдарламасын іске қосты. Оның бағыттарының бірі - білім беруді дамыту, оның ішінде STEAM (Science-ғылым, Technology-технология, Engineering-инженерия, Art-өнер, Math-математика). Осы пилоттық жобаны іске асыру үшін «Caravan of knowledge – Білім керуені» КҚ жұмылдырылды, оның мамандары бірінші кезекте педагогтарды оқытты. Өйткені, осылайша жоба ұзақ мерзімді әсерін береді: мұғалімнің алған білімі жыл сайын оқушылардың жаңа буынына беріледі. Қазірдің өзінде жоба әсерлі нәтижелерін көрсетті: толық жабдықталған STEAM-зертхана ашылды, Жылыой ауданының командасы First Global Challenge халықаралық олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысты, Құлсары қаласында алғаш рет STEAM Fair Zhylyoi және тағы басқа шаралар өтті. Жоба өкілдері іс-шара қонақтары алдында осы жетістіктерімен бөлісті.

Қорытынды жиналыстарды өткізу ТШО-ның өзіндік дәстүріне айналып отыр. Ал өткен жылдан бастап тәсілі де өзгерді: мұндай жиналыстар қазір Құлсарыда да өткізілетіндіктен, Атырауда ол жергілікті халық үшін түрлі шеберлік сыныптары мен көрмелер өтетін фестивальге айналды. Іс-шара 22 желтоқсанда Атырауда Н. Балғымбаев атындағы коммуникациялар орталығында өтеді.

Айта кету керек, Теңізшевройл ӘИБ-ден басқа «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы да іске асыруда, оның аясында биыл Құлсары қаласында 75 орындық орталық аудандық аурухана ашылып, «Береке» шағын ауданында орта мектебінің құрылысы басталды. Сонымен қатар, биылғы жылы ТШО-ның қаржылық қолдауының нәтижесінде Жылыой ауданының 25 отбасысы ЭКҰ-дан өте алады. Компанияда қарттарға да ерекше көңіл бөледі – облыстың 100 зейнеткері, оның 50-і Жылыой ауданынан «Атырау» облыстық шипажайында емдеу-сауықтыру курсынан өтетін болады.

Демеушілік қолдау аясында Жылыой ауданына 6 жедел жәрдем машинасы, 4 арнайы техника, инватакси және спорт пен биге арналған 10 мүгедектер арбасы, сондай-ақ «Кең Жылыой» мәдениет үйіне сахналық костюмдер мен музыкалық жабдықтар сатып алынып, сыйға тартылды. Бұл Жылыой ауданында жүзеге асырылып жатқан жобалардың аз ғана бөлігі, өйткені компания қызметкерлері тұратын және жұмыс істейтін аймақтың әл-ауқаты Теңізшевройлдың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.