«Теңізшевройл» жергілікті бизнестің дамуына қолдау көрсететін алпауыттардың бірі болып қала береді

20 қараша 2023
Ecology

Атырау қаласында ХІ «Казнефтегазсервис-2023» жыл сайынғы конференциясы өтті. Аталмыш шараға 150-ден астам отандық компаниялар мен мұнай-газ операторлары, оның ішінде «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) қатысты. ТШО өкілдері компанияда қазақстандық қамту қалай дамып жатқанын, сондай-ақ Жылыой ауданының кәсіпкерлеріне арналған «Тандау» жобасы туралы айтып берді.

Ағымдағы жылдың үш тоқсанында ТШО шамамен 3,2 миллиард АҚШ доллар сомасына қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алуға, оның ішінде 2 миллиард АҚШ долларынан астам Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы аясында жұмсалды. 2022 жылы ТШО соңғы 6 жылда қазақстандық қамтудың ең жоғары үлесіне – 70% жетсе, биыл бұл көрсеткіш 72% құрады. Осылайша ТШО жергілікті бизнесті дамытудағы негізгі драйверлердің бірі болып қала береді.

- Биыл ТШО тарихында алғаш рет қазақстандық «АтырауНефтеМаш» ЖШС (АНМ) компаниясы салмағы 100 тонналық, ал биіктігі 37 метрге жететін қондырғы жасап шығарды. Қондырғы жыл сайынғы күрделі жөндеу жұмыстары барысында ауыстырылды. . Колонна құрастыру барысында ең жаңа технологиялар қолданылды: коллона байланыстырушы түтікшелері, арматура, металл конструкциялары, бақылау-өлшеу құралдары, электр және басқару жүйелерімен жабдықталған - мұның бәрі жергілікті өндірушілердің потенциалын растайды, - деп атап өтті ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов.

Сонымен қатар, Ақтау қаласындағы мұнай-газ өнеркәсібіне арналған сыйымдылық жабдықтары мен металл конструкцияларын өндіру зауытында бірнеше қондырғы – үш күкіртсіздендірілген газ кептіргіші, байытылған аминге арналған жинағышы және төмен қысымды салқындатқышы жасап шығарылды.

- Әйгілі S&P Global халықаралық консалтингтік компаниясы жүргізген зерттеуге сәйкес, жергілікті тауарлар мен қызметтерге жұмсалған әрбір доллар экономикалық айналымының қосымша тағы бір долларға өсуіне себепші болады. Бұл ТШО-ның тікелей және жанама экономикалық әсері Қазақстан экономикасының қозғаушы күштерінің біріне айналдырады, - деді Көңілқош Сүйесінов.

Конференция барысында ТШО-ның қазақстандық қамтуды дамыту бөлімінің өкілдері жергілікті компаниялармен кездесіп, қазақстандық компаниялардың ТШО конкурстарына қатысуына қатысты практикалық сұрақтарға жауап берді. ТШО өкілдері компанияның техникалық талаптары туралы түсіндіріп, Жылыой ауданындағы шағын бизнесті қолдауға арналған «Тандау» бағдарламасы туралы айтып өтті. Осы жоба аясында ауданның 35 тұрғыны іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, өздерінің бизнес-идеяларын іске асыруға 4,5 млн теңгеге дейінгі сомаға пайызсыз қарыз алды. Осылайша ТШО облыстағы шағын бизнесті дамытуға өз үлесін қосуда.