ТШО Жылыой ауданының тұрғындарына жаңа аурухананы сыйға тартты

21 желтоқсан 2023
Ecology

Жылыой ауданының Құлсары қаласында «Теңізшевройл» ЖШС-нің (ТШО) «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында салынған жаңа аурухана салтанатты түрде есігін айқара ашты. Іс-шараға Атырау облысы мен Жылыой ауданының әкімдері, жергілікті тұрғындар мен белсенділер, мемлекеттік органдар мен жеке компаниялардың өкілдері қатысты. 75 орындық жаңа аурухана жергілікті халық денсаулығын қолдау мақсатында атқарылған бірлескен жұмыстардың жарқын мысалына айналды.

Жаңа медициналық кешеннің құрылысы 2020 жылдың мамырында басталды. Үш жыл ішінде денсаулық сақтау саласын жетілдіруге және Жылыой ауданының тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған заманауи медициналық орталық салып қана қоймай, аурухана эндокринология, урология, лазерлік терапия, магнитті-резонанстық томография (МРТ) сияқты бағыттарда диагностика мен емдеуді тиімдірек жүргізуге мүмкіндік беретін ең жаңа медициналық жабдықтармен және технологиялармен қамтамасыз етілді. Емдеу мен қалпына келтірудің кешенді тәсілі хирургиялық бөлім мен травматологияны ота жасалатын бөлмемен біріктірілді және бұл емделушілерге шұғыл ота жасаудан бастап жарақаттан кейінгі оңалтуға дейінгі жан-жақты көмек алуға мүмкіндік береді.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев адамдарға сапалы медицина қолжетімді болу қажеттігін баса айтты. Құлсары қаласында заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған аурухананың ашылуы бұл мәселенің шешімі болмақ. Бұл жұмыс тұрғындарымыздың игілігі үшін жалғасын табады! – деді ашылу салтанатында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов.

Аурухананың негізгі корпусы 65 төсек-орынға, ал балалар корпусы қосымша 10 төсек-орынға арналып жабдықталған. Екі ғимарат ойын алаңдарымен және ем алушылардың демалуы мен жайлылығы үшін бөлек аймақтармен қоршалған. Техникалық және ауыз суға арналған екі резервуарды орнату арқылы құрылысшылар аурухананың ең күтпеген жағдайларда үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік берді. Сондай-ақ, медициналық кешенге ас әзірлейтін жәнекір жуатын блок, гараж бен медициналық қалдықтарды өңдеу ғимараты кіреді.

- ТШО Жылыой ауданында медицинаның дамуы мен қолжетімділігін қолдауға ұмтылады, оған осы заманауи және жабдықталған кешен дәлел. Жаңа Жылыой аудандық ауруханасы тұрғындарды қарқынды медициналық қызметпен қамтамасыз етіп қана қоймай, сапалы инфрақұрылымға инвестиция салу арқылы ем алушылардың мұқтаждықтарын қанағаттандыру мен қамқорлық көрсетудің үлгісі болатынына сенімдімін, - деп атап өтті ТШО Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Дәрмен Аронов.

Бұл жоба Атырау облысының Жылыой ауданында білім беру мен денсаулық сақтау саласын дамыту мен қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытындағы ТШО-ның көптеген қадамдарының бірі ғана. 2 миллион АҚШ долларынан асатын алдыңғы бастамалар қатарына алты жедел жәрдем, арнайы техника сатып алу, аудандық мәдениет үйіне костюмдер мен музыкалық жабдықтар беру, сондай-ақ инватакси мен биге арналған арнайы мүгедектер арбасын сыйлау кірді. Сондай-ақ, "Игілік" ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында ТШО жыл сайын мектептер, балабақшалар, ауруханалар және Атырау облысында басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарын салуға 25 миллион АҚШ долларын бөледі. 30 жыл ішінде барлығы 120-дан астам нысан салынды, оның ішінде 8 мектеп пен 15 балабақша бар. Осылайша, «Теңізшевройл» ЖШС ауданның және бүкіл облыстың әлеуметтік дамуына белсенді түрде үлес қосып келеді.