«Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен Құлсары қаласының бес мектебінде жаңа инклюзивті сыныптар ашылды

19 желтоқсан 2025
Ecology

17 желтоқсанда Жылыой ауданының Кұлсары қаласында ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған инклюзивті кабинеттер ашылды, олар «Теңізшевройл» ЖШС мен «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бірлескен жобасы аясында жабдықталды.

Бұл жобаның «алғашқы қарлығашы» Д. Жазықбаев атындағы №16 мектептегі кабинеттер болды. Берілген 56 шаршы метр аумақта бір мезгілде 10 педагогқа дейін жұмыс істей алады. Бір күн ішінде олар 40 балаға сабақ өткізе алады.

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова өзінің құттықтау сөзінде өңірде осындай жобалардың қажет екенін атап өтті: «Теңізшевройл» бірнеше жыл бойы Жылыой ауданына қолдау көрсетіп келеді, ал осы ашылған кабинеттер балаларымыздың дамуына оң әсерін тигізеді деп үміт етемін. Мұндай жобалар көп болсын».

Кабинеттер жаңартылған авторлық жоба үлгісі бойынша сала сарапшыларымен бірлесіп жасалды және Қазақстанның басқа қалаларында өз тиімділігін дәлелдеді. Әр мектепке жеке икемделген әдіс қолдану - балаларға өз оқу орындарында кешенді қолдау алуға мүмкіндік береді: логопедпен, психологпен және дефектологпен сабақтар өткізу, сенсориканы дамыту және танымдық қабілеттерін қолдау, сондай-ақ бейімделген физикалық терапия жүргізу.

 «Теңізшевройл» әлеуметтік жауапкершілігі мол компания ретінде біздің қызметкерлер мен олардың отбасылары тұратын Жылыой ауданының әлеуметтік дамуына тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Біз болашақ ұрпақты дамытуға және барлығына сапалы білім алуда тең жағдай жасауға ерекше көңіл бөлеміз. Бүгін мен балаларымыздың білім алуына зор мәні бар жобаның ашылу рәсіміне қатысқаныма қуанып отырмын. Бұл жоба Кұлсарыда жарқын нәтижелерге жетіп, балаларымыздың дамуына өз үлесін қосады деп үміт етемін», – деп атап өтті «Теңізшевройл» компаниясы Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Нұрмұхамед Қартабаев

Жалпы жоба аясында Құлсары қаласының 5 мектебінде (№16, №8, №7, №18 және №21) инклюзивті сыныптар және емдік дене шынықтыру кабинеттерін ашу көзделген. Бұл бастама ерекше білімді қажет ететін 158 балаға қолдау көрсетеді және тек техникалық жабдықтауды ғана емес, сонымен бірге жыл бойы әдістемелік сүйемелдеуді және педагогтарды оқытуды көздейді, оған жеке бағдарламаларды әзірлеу, біліктілікті арттыру және мамандарға тұрақты кеңес беру кіреді. Әр серіктес жобаға тең көлемде 75 млн теңгеден астам қаржы бөлді.