ТШО-да цифрландыру қарқынды жүруде

24 маусым 2021
Ecology

2020 жылы әлемдік мұнай-газ өнеркәсібі пандемиямен күрес, шикізат бағасының құлдырауы және «ОPEC+» өндірісі шектеулері сияқты қиын сынақтарды бастан кешті. Қазақстандағы мұнай-газ операторлары мен инвесторларға  бизнесті жүргізудің өзгеріп жатқан жағдайларына тез бейімделуге тура келді. Атап айтқанда, цифрлық трансформация Теңізшевройл (ТШО) компаниясына өзгерістерге икемді болуға, қиындықтарды мүмкіндіктерге айналдыруға және Қазақстан Республикасы мен акционерлер алдындағы өз міндеттемелерін орындауды жалғастыруға септігін тигізді.  

COVID-19 пандемиясына қарсы күрес

ТШО пандемия басталысымен індетпен күресте цифрлық технологияларды пайдалануға белсене кірісті. Өз қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету арналған цифрлық шешімдерді тез әзірлеу және орналастыру үшін, көпфункционалды Agile scrum» топтарын  қолданды. Өткен жылдың наурыз айында, небәрі, бірнеше аптада ТШО коронавирустың таралу ауқымын қысқарту бойынша теңдесіз шараларды  жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық шешімдер қабылдады.  

Аталған цифрлық құрылғылар вирустың бастапқы кезеңдегі ықтимал өршуін анықтауға және   вирус жұқтырған қызметкерді немесе вахталық қалашықты оқшаулау бойынша  дер кезінде  шаралар қабылдауға,  мүмкіндік береді. Цифрлық ақпараттық тақталар вахта кезіндегі адамдар санын, жергілікті ауруханалар мен медициналық орталықтардағы төсек-орындардың қол жетімділігін, аурудың күнделікті деңгейін, сынама  мен оқшаулау, сонымен қатарбасқа да көрсеткіштерді бақылайды, олар жергілікті жағдай туралы нақты түсінік қалыптастырады және басшылыққа денсаулық, қызметкерлердің қауіпсіздігі мен өндірістік қызмет мәселелері бойынша негізделген шешімдер қабылдауға көмектеседі. Қазіргі таңда  дағдарысты басқару тобының цифрлық ақпараттық тақтасы пандемия басталғаннан бері ТШО ҚР Денсаулық сақтау органдарымен ынтымақтастықта 506 000-нан астам ПТР- сынамасын өткізгенін  көрсетті.

 

Табыстың өсуі

Мұнай-газ саласы пандемиямен қатар шикізат бағасының теңдесіз құлдырауы алып келген   «ОРЕС+» өндірістік шектеулерін, өндіру көлемінің қысқаруын бастан кешті. ТШО осы қиындықтарға жауап ретінде шикі мұнай өндірумен байланысты емес салалардағы кірістерді оңтайландыру тәсілдерін анықтау үшін көпфункционалды топтар құрды.  

Мәселен, Кешенді технологиялық желіде «Virtual Plant» (виртуалды зауыт) нақты уақыт режимінде күллі зауыттың бақылау-өлшеу құралының деректерін біріктіретін шешімнің көмегімен сұйытылған көмірсутек газын (СКГ) өндіру көлемі ұлғайтылды.. Сондай-ақ, Екінші буын зауытында «DMC+» бақылаушысының көмегімен газ өңдеу зауытына шикізат беру ұлғайды. Бұл технология шикі мұнайдың құрамындағы бутанды барынша көбейтуге арналған. 

Сондай-ақ, Теңізде , цифрлық технологияларды қолдану есебінен  СКГ өндірісінің артуы ОРЕС өндірістік шектеулерінің салдарын өтеуге көмектесті. Бұл мысал ТШО-ның мәселелерді мүмкіндіктерге айналдыруының, құндылықтар тізбегін оңтайландырудың және өзгерістерге тез жауап берудегі цифрлық шешімдерді қолдануының тағы бір көрінісі.

Келешек Кеңею Жобасы – Ұңғыма Ернеуіндегі Қысымды Басқару Жобасын қауіпсіз жүзеге асыру (ККЖ-ҰЕҚБЖ)

ККЖ-ҰЕҚБЖ - әлемдік мұнай-газ саласындағы жоспарлау, логистика және жүзеге асыру тұрғысындағы аса күрделі, ірі жобалардың бірі.  

ТШО жобаның қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстардың уақытында орындалуын қамтамасыз ететін SWIFT цифрлық шешімін іске қосты. SWIFT - бұл жүйенің аяқталуын болжауға және жұмыс ауқымын жоспарлауға арналған интеграцияланған бағдарламалық жасақтама, әрі ККЖ-ҰЕҚБЖ-ның қиын-қыстау жолындағы қызметін тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

SWIFT интеграцияланған жобалық топтар  үшін шешім қабылдау үрдісін үздіксіз жетілдіреді, оларға жұмысты тиімді дайындауға және орындауға көмектеседі, сонымен қатар келесі жұмыс кешеніне өтпес бұрын тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл бағдарламалық шешім сонымен қатар жобалық құжаттаманың жабылуын қадағалайды, сондықтан пайдалануға беру жөніндегі ақпарат топтарға кез келген уақытта қолжетімді.

SWIFT ТШО-ға оннан астам жүйелерден ақпаратты біріктіру және мыңдаған жеке монтаждау жұмыстарының кешендерін үйлестіру арқылы құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуын көрнекі түрде ұсынады, бұл көлемді құрылыстан жүйелік құрылыс жұмыстарына тиімді көшуді қамтамасыз етуге көмектеседі. Құрылыстың аяқталу жағдайы мен жұмыс кешені деңгейіндегі жүйелер туралы біріктірілген және тұтас түсініктің болуы жоба үшін пайдалану жағдайындағы өзгерістерге тез ден қоюға, тәуекелдерді анықтауға және оларды қажетті уақытта азайту бойынша тиісті шараларды қолдануға аса маңызды мүмкіндік береді.

 

Цифрлы мәдениет

ТШО-да «цифрлық технологияларға көшу» - бұл жай ғана технологияларды енгізу  емес, бұл өнімділікті үздіксіз жақсартып, құн құрудың барлық тізбегі бойынша құндылықты барынша арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық мәдениетті құру деп біледі. Цифрлық мәдениетті құру барлық қызметкерлерді қажетті цифрлық дағдылармен қамтамасыз етуден басталады. Оқыту  платформалары ТШО-ның әуесқой әзірлеушілер қауымдастығы арқылы ТШО-да ауқымды шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді, бірақ инновация мәдениеті ТШО-ның жыл сайынғы «Цифрлық киіз үй» іс-шараларынан жақсы көрінеді, онда қызметкерлер тек оқып қана қоймай, дағдыларын дамытып, оларды , нақты бизнес-міндеттерді шешуге арналған бір күндік «хакатон» марафонында қолданады.

Өткен жылғы «Цифрлық киіз үй» тақырыбы жасанды интеллект және компьютерлік оқыту болды. ТШО-ның елу қызметкері мәліметтер туралы ғылым бойынша бірнеше курстардан өтіп, жақында алған дағдыларын қолдануға болатын құралдар жиынтығымен танысты. Іс-шара барысында қатысушыларға нақты бизнес-проблема және тиісті деректер жиынтығы ұсынылды, сондай-ақ ТШО басшылығы тобының мүшелерінен тұратын қазылар алқасына өз ұсыныстарын ұсынуды қоса алғанда, деректер ғылымы бойынша жобаны әзірлеудің толық циклін аяқтауға 6 сағат берілді.

Нәтижелер әсерлі болды және ТШО-ның инновациялық рухын көрсетті. «Цифрлық киіз үй» сияқты бастамалардың көмегімен цифрлық мәдениетті құру ұйымның барлық деңгейлерінде жаңа идеяларды алуға және ТШО-да жаңашылдық пен топтық жұмыс рухын нығайтуға мүмкіндік береді. Адамдар - ТШО-ның басты құндылығы және олар бүкіл ұйымның цифрлық трансформациясын басқарады.

Цифрлық трансформация жалғасуда

Жүзеге асырылғанына бірнеше жыл болса да, ТШО-ның цифрлық трансформация процесі әлі де бастапқы сатысында. ТШО-ның цифрлық трансформация процесі бастапқыда қосымша құндылық тудыратын икемді цифрлық жобаларды іске асыру бойынша компанияның мүмкіндіктерін кеңейтуге назар аудара отырып, саланың елеулі проблемалары мен әлемдегі оқиғаларға жауап ретінде қайта құру кезеңінде жалғасты..

ТШО-ның болашағы жарқын, себебі цифрлық технологиялар компанияның үздіксіз жетілуі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші рөл атқарады. ТШО үшін цифрлық трансформация стратегиялық маңызды міндет болып табылады және Қазақстандағы жетекші компания ретінде алдағы жылдары цифрлық технологияларды енгізу есебінен Қазақстан Республикасы мен акционерлер үшін құндылықты барынша ұлғайтуды бұрынғысынша ұстанады.