Теңізшевройл Калгариде өткен 24-ші Дүниежүзілік мұнай конгресіне қатысты

25 қыркүйек 2023
Ecology

Канаданың көркем Калгари қаласында 24-ші Дүниежүзілік мұнай конгресі ( әрі қарай – ДМК) аясында әлемнің түкпір-түкпір келген келген делегаттар мен жоғары лауазымды үкіметтік шенеуніктердің қатысуымен энергетика саласындағы Қазақстан-Канада ынтымақтастығының алғашқы дөңгелек үстелі өтті. Басты тақырыптардың бірі - «Энергетикаға көшу: Net Zero-ға жол» болды. ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан энергетика саласының инвестициялық тартымдылығы туралы айтты. ДМК қатысушыларының ерекше қызығушылығын Қазақстанның қалпына келетін энергияны дамыту, елді газдандыру, ESG қағидаттарын енгізу, сондай-ақ көміртегі бейтараптығына көшу жөніндегі көзқарастары бойынша жақында көтерген бастамалары болды.

Қазақстанның мұнай-газ саласын бірнеше компаниялар таныстырды: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Каспий құбыр консорциумы-Қазақстан» және «ҚБТУ» АҚ. «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Болат Закиров өз сөзінде экспорттық бағыттарды әртараптандырудың маңыздылығына және тұрақты дамуға ойластырылған көзқарасқа тоқталды.

ТШО-ның Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Дәрмен Аронов өз баяндамасында, Қазақстан мен «Шеврон» корпорациясы арасындағы 1993 жылы Қазақстандағы ең ірі компаниялардың бірін құруға мүмкіндік берген табысты серіктестіктің бастаулары туралы айтып берді. ТШО-ның қазіргі уақытта мұнай өндіру көлемі Қазақстандағы жалпы шикі мұнай өндіріс көлемінің шамамен 30% құрайды.

«1993 жылдан бастап Теңізшевройл компаниясы құрылған кезде шикі мұнай өндіру қуаты жылына 1 млн. тоннадан 2022 жылы 29 млн. тоннаға дейін өсті. Өзара тиімді әріптестіктің нәтижесінде ТШО құрылған сәттен бастап Қазақстан Республикасының бюджетіне тікелей қаржылық төлемдер көлемі 184 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазіргі таңда ТШО тәулігіне 1 миллион баррель мұнай эквивалентін өндіруге мүмкіндік беретін өзінің Келешек кенею жобасы-Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасының құрылысын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) аяқтауға жақын», - деп атап өтті Дәрмен Аронов, ТШО-ның Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері.

ТШО-ның негізгі құндылықтарының бірі - адамдар мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жауапты қызмет. 2000 жылдан бастап ТШО атмосфераға шығарындыларды өндірілген шикі мұнайдың бір метрикалық тоннасына 75% қысқартты - бұл біздің компания тарихындағы ең төменгі көрсеткіш болып саналады. Сонымен қатар, алауларда жағу көлемі 5 жыл бұрынғы деректермен салыстырғанда 57% қысқарды. Бұған шикі мұнай өндірісін ұлғайту және жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке үлес қосу арқылы қол жеткізілді. ТШО Батыс Қазақстандағы суды құнды ресурс деп таниды және компанияның суды қайта пайдалану көрсеткіштері 50% жақын.

Ол өз сөзінде ТШО-ның ықпалы өндірістен әлдеқайда жоғары екенін атап өтті. S&P Global Market Intelligence агенттігі мен КИМЭП университетінің бірлесіп жүргізген зерттеулеріне сәйкес, мультипликативті әсердің арқасында ТШО-ның әрбір жергілікті қызметкері Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі аралас салаларда тағы 41 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Зерттеу жүргізу кезеңінде алынған ақпаратқа сай бұл жылына орта есеппен 153 мыңнан астам жұмыс орнын құрайды.

Бұл тақырыптардың барлығы Дүниежүзілік мұнай конгресінде талқыланды. ҚР Энергетика министрлігі арасында халықаралық байланыстарды орнату, сондай-ақ 2024 жылы

Қазақстан мен Канаданың мұнай-газ компанияларының өзара сапарларын ұйымдастыру туралы маңызды келісімдерге қол жеткізілді.