ТШО: шығарындыларды қысқарту мақсатындағы үздіксіз жетілдіру

24 тамыз 2022
Ecology

ТШО-ның басты басымдығы қызметкерлері мен қоршаған ортаны қорғау болып табылады. Компания шығарындыларды азайту бағытында бірінші жыл жұмыс істеп отырған жоқ. Біз өз нысандарымызды қауіпті, әрі сенімді әдіспен пайдаланатынымызға сенеміз, әрі өндірістік қызметті жақсарту қоршаған ортаға ықпалды барынша азайтудың басты факторы. ТШО 2000 жылдан бері шығарындыларды азайту бағытындағы жобаларға 3 млрд АҚШ долларынан астам қаржы құйды. Қазірдің өзінде елеулі нәтиже бар. 2000 жылы компания ауаға жіберілетін шығарындылар қарқындылығын 65%-ға төмендетті. Ал 2021 жылдың аяғында алауда жағудың жалпы көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 59 %-ға азайды.

Десек те, ТШО бұнымен тоқтамайды. Алда атқарылар іс көп, біз шығарындыларды қысқартуды жетілдіру үшін өндіріс жолдарын бейімдеу мүмкіндіктерін іздеуді жалғастырамыз.

Теңіз кен орнында өндірістік қызметті жақсартуға ықпал ететін инновациялық шешімдерді іздеу тоқтамайды. ТШО қызметкерлерінің таяудағы бастамасы құбырлардан шығатын көмірқышқыл газының шығарындыларын , яғни зауыт бу қазандықтарынан бөлінетін шығарындыларды жылына шамамен 165 мың тоннаға қысқартуға мүмкіндік берді. АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау агенттігінің парниктік газ баламаларының калькуляторына сәйкес, бұндай қысқарту жыл бойына АҚШ-тағы 32000-нан астам үйді энергиямен қамтамасыз етуге жетеді.

Екінші буын зауыты (ЕБЗ)дайын өнімді шығару үшін екі бу генераторын пайдаланады. Бұрын қондырғылар суық ауа режимінде жұмыс істейтін, өйткені бұл турбиналық шығарындылардың тиімді режимімен салыстырғанда анағұрлым сенімді нұсқа болып саналды.ТШО-ның жұмыс тобы егер бу генераторының екеуін де турбинаның пайдаланылған газ режиміне ауыстырса, қондырғы тиімді және сенімді жұмыс істей алады деп болжады.

Инженерлер бірнеше жыл бойы осы теорияны тексеріп, көптеген тәуекелдерді бағалап, суық ауа генераторларындағы және турбиналық генераторлардағы жақсартуларды салыстырды . Осы процесс барысында бұрын турбиналық газдарды шығару режимінің сенімділігін арттыруға мүмкіндік бермейтін механикалық проблемалар анықталып, түзетілді.

ТШО қызметкерлері осындай жұмыс нәтижесінде 2021 жылы екі генераторды турбиналық газды шығару режиміне көшірді. Бір жылдан соң, енгізілген инновацияның тиімділігін бағалауға мүмкіндік туды.ТШО отынды аз жұмсап, көмірқышқыл газы шығарындыларын қысқартты.

«Аталған технология тиімділікті арттыруға,әрі көмірқышқыл газы шығарындыларын азайтуға ықпал етеді»,-дейді ЕБЗ-ның өндіріс жөніндегі суперинтенданты Данияр Бижанов.