Энергетика министрі мен Теңізшевройл акционерлері компания мұнайшыларын 30 жылдық мерейтоймен құттықтады

07 сәуір 2023
Ecology

«Теңізшевройл» компаниясын құру туралы келісімге қол қойылуының 30 жылдығында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, компанияның акционерлері – «Шеврон» Еуразиялық бөлімшесінің, «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.», «Лукойл» өкілдері «Шаңырақ» вахталық кентінде компания қызметкерлерін құттықтады.

Қонақтар мұнайшылардың сіңірген еңбегін атап өтіп, компанияның ондаған мың жұмыс істеп жүрген және бұрынғы қызметкерлеріне, әсіресе кен орнын ашқан және оның табысының негізін қалаған Теңіз ізашарларына шексіз алғыстарын білдірді.

«Келісімге қол қою кезінде жобаның алдына бірден нақты мақсат қойылды – мұнайды қауіпсіз және үздіксіз өндіру, Қазақстан бюджетіне төлемдерді уақтылы жасау және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз ТШО-ның 30 жыл бойы осы міндеттемелерін мінсіз орындап жатқанына қуаныштымыз», - деп ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.

 

Әлемде Теңізге кең орнына ұқсас және мұнай алу үшін газ айдау әдісі қолданылатын аз ғана кен орындар бар. Жоғары қысымды газды айдау тәсілі – отандық мұнай-газ саласында сирек кездеседі. Бұл әдістек Теңіз кен орнында ғана қолданылады.. ТШО-ның коллекторды жобалау саласында жоғары технологиялық мүмкіндіктері кен орнын дәлірек сипаттауға, мұнайды өндіруді оңтайландыруға және оны алуды барынша арттыруға мүмкіндік береді.

 

Заманауи технологиялардың дамуы бұрын тиімсіз саналған жаңа мұнайлы қойнауқатты игеруге мүмкіндік береді. Теңіз кен орнындағы жүзеге асырылатын жобалардың ерекшелігі – олар технологиялық жағынан күрделі, қауіпсіздік техникасын сақтау талаптары жоғары, ауқымды және көптеген мамандарды тартуды талап етеді. Осы жобаларда өндірістің сапалы өсуіне бағытталған бірегей инновациялық шешімдер қолданылады.

 

ТШО-ның оң әсері отандық мұнай-газ өнеркәсібінен асып түсті және қоғам мен мемлекет қызметінің көптеген өрістеріне, сондай-ақ Қазақстан экономикасының аралас салаларына таралды.

«Теңіз - «Шеврон» дүниежүзілік портфелінің тәжісіндегі асыл тас,.Мен үшін бүгін осындай бір маңызды сәтті сіздермен бірге атап өту үлкен құрмет. «Шеврон» және оның серіктестері Келешек кеңею жобасын қауіпсіз аяқтап, және осы жобаны өндіріске ойдағыдай енгізу үшін қолымыздан келетінімізді аямаймыз», - деді «Шеврон» Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс.

 

Теңізшевройл қызметкерлері инфрақұрылымды дамытуға, жер қойнауын пайдалану және бизнес стратегиясы саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруге септігін тигізіп, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және азаматтық қоғам деңгейінің сапалы өсуіне тың серпін берді.

"Біз қызметкерлерімізге инвестиция салып, жаңа технологияларды қолдандық, сондай-ақ өндіріс қуатын жылына небәрі 1 миллион тоннадан 29 миллион тоннаға дейін ұлғайттық, ал жақын арада бұл көрсеткішті 40 миллион тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Кевин Лайон, «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры.

 

Қонақтар мен компания қызметкерлері Теңіз ізашарларына ризашылық білдірудің ең жақсы тәсілі – олардың мұрасын қауіпсіздік пен сенімділікке, еңбек мәдениеті, инновациялар, үнемі жетілдіру және жетістіктерге жету арқылы бағалауды жалғастыру деп келісті.Мыңдаған ТШО қызметкерлерінің қажырлы еңбектері, өз ісіне шынайы берілгендігі, адалдығы – компанияның ең құнды активі. ТШО өз тарапынан адал еңбегімен экономиканың және саланың дамуына елеулі үлес қосуды жалғастырады.