Маңғыстау облысындағы үкіметтік емес ұйымдар 2019 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысын ұсынды

19 ақпан 2020
Ecology

«Теңізшевройл» ЖШС демеушілік көмек көрсеткен Маңғыстау облысындағы жеті үкіметтік емес ұйымдар 9 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Ақтаудағы жалпы жиналыс барысында осы жобалар туралы және 2020 жылға арналған алдағы жұмыс туралы азаматтық белсенділер айтып өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, 2018 жылдан бастап «Теңізшевройл» ЖШС Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) жүзеге асыруына байланысты Маңғыстау облысындағы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын қаржыландырып келді. Құрамалы модульді эстакадалар ERSAI өндіріс алаңында жасалды, жоба бойынша жүктерді тасымалдау бағыттарының жартысы, сондай-ақ инертті жүктерді түсіру және уақытша сақтау жұмыстары осы аймақта жүзеге асырылды, сондықтан бизнестің корпоративті жауапкершілігі аясында ТШО Маңғыстаудағы бірқатар әлеуметтік жобаларды қолдауға шешім қабылдаған болатын», - деп түсіндірді үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.

2019-2020 жылдарға арналған Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын (ӘИБ) жүзеге асыру үшін «Теңізшевройл» ЖШС жалпы 2 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді. Бағдарлама конкурстық негізде гранттар беру арқылы жергілікті ҮЕҰ-дың әлеуметтік жобаларын қолдауға бағытталған болды.

2019 жылы Маңғыстау мен республикалық ҮЕҰ жүргізген жұмыстары экотуризм, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік кәсіпкерлік және мүгедектерді оңалту бағыттарына қатысты болды. Елді мекендерде демалыс аймақтары, ойын алаңдары мен спорт алаңдары, ана мен бала бөлмелері, оңалту орталықтары, көшбасшылық мектептер пайда болды. Жалпы алғанда, әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының тікелей және жанама бенефициарлары Маңғыстау облысының 20 мыңнан астам тұрғыны болды.

Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасымен қатар, ТШО Маңғыстау облысында бірнеше демеушілік жобаларын жүзеге асырды. Кәсіпорын Қызылсай ұлттық паркіне қажетті жабдықтар мен қайықтар сатып алып берді, Боранқұл ауылында футбол алаңдарын салды, робототехника сыныбын ашты және Құрық ауылында Мәдениет үйін жабдықтады.

2020 жылы ТШО ӘИБ аясында аймақтағы қоғамдық ұйымдармен жұмысты жалғастыруға ниетті.