Теңізшевройл ЭКСПО 2026 аймақтық экологиялық саммитіне қатысты

23 сәуір 2026
Ecology

Астанада экологиялық жауапты даму мен жасыл экономикаға көшуге арналған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының қатысуымен «RES 2026 EXPO» халықаралық жасыл технологиялар және тұрақты шешімдер көрмесі өтті. Іс-шараға 30 елдің 300-ден астам өкілдері қатысты.

«Теңізшевройл» ЖШС (бұдан әрі – ТШО) RES 2026 EXPO көрмесінің демеушісі болып, оның бағдарламасы аясында өзінің экологиялық көрсеткіштерін ұсынды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғы сөзінде «мұнай мен газдың ірі өндірушісі бола тұра, біздің еліміз өзіне тұрақты энергетика саласындағы мақсаттарды қоюда» деп атап өтті.

ТШО өз қызметінде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының стратегиялық бағыты мен мемлекеттің экологиялық саясатын ұстанады.

«Қоршаған ортаны қорғау ТШО өндірістік қызметінің біртұтас ажырамас бөлігі. Компания заманауи технологияларды енгізу және экологиялық бақылаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету арқылы қоршаған ортаға әсерді дәйекті түрде азайтады», - ТШО-ның өндірісті оңтайландыру, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология жөніндегі бас менеджері Нұртас Кенганов атап өтті. 

ТШО-да тұрақты даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуде: өндірістік процестерде пайдаланылатын судың шамамен 50% қайта пайдаланылса, ал қалдықтардың 78% қайта өңделеді. Бұл нәтижелерге қолжету экологиялық жобаларға, басқару жүйелеріне және заманауи технологияларға көпжылдық инвестиция салудың арқасында мүмкін болды.

ТШО тәжірибесі өнеркәсіптік дамуды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараумен ұштастыруға болатындығын айқындайды.