Жергілікті тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 46,8 миллиардтан астам АҚШ долларын жұмсаған ТШО қазақстандық қамтуды дамытуда жетекші орында қала бермек
ТШО әлемдегі ең ірі және технологиялық күрделі кен орындарының бірін жүргізеді. Теңіздегі барлау және өндіру жұмыстарының қауіпсіздігі мен сенімділігі - бұл Қазақстанның экономикалық прогресін күшейтуде және ғаламдық энергияға деген сұранысты қанағаттандыруда табысқа жетудің бір жолы. Біздің міндетіміз – жергілікті жеткізушілер мен мамандарға мүмкіндік беру арқылы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тауарлар мен қызметтерді алу.
ТШО-ның Келісімшарт және сатып алу жоспарында қамтылған ақпарат, «Теңізшевройл» ЖШС-нің (бұдан әрі – ТШО) ақпаратта сілтеме жасалған алдағы кезеңге тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге алдын ала қажеттіліктерінің болжамы болып табылады. Жеткізушілерді алдын ала таңдауға, келісімшарт жасасу және/немесе сатып алу қызметтеріне қатысты деректердің жариялануы тек ақпарат үшін және ол ТШО-ның қандай да бір қызметті жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі немесе ТШО-ның кез келген тұлғаға оған қатысуға ұсынысы ретінде қаралмауы тиіс. Бұрын жарияланған жеткізушілерді алдын ала таңдау бойынша іс-шаралар, келісімшарттар және/немесе сатып алу іс-шаралары ТШО-ның қалауы бойынша алдын ала ескертусіз кейінге қалдырылуы, өзгертілуі немесе жойылуы мүмкін. Жаңартулардан хабардар болу үшін осы веб-сайтты тұрақты түрде қарап отырыңыз. ТШО мұндай тұлғаның ТШО-ның Келісімшарт және сатып алу жоспарында жарияланған деректерге сүйеніп шешім қабылдауына байланысты туындауы мүмкін кез келген тұлғаның кез келген залалы немесе шығындары үшін кез келген міндеттемелерден немесе жауапкершіліктен анық түрде бас тартады.
Бізге хабарласыңыз
kcdsearch@tengizchevroil.com
Жоғары вольтты кабельдер, төмен вольтты токты бөліп таратқыш тақта, трансформаторлар, қосалқы станция, қашықтан қол жеткізуді басқару станциясы
Жоғары вольтты қозғалтқыштарды жөндеу қызметі, жылу алмастырғыш құбырын алмастыру қондырғысы
Резервуарлар мен ыдыстар
Клапандар, фланецтер мен фитингтер, бұрандамалар, бұрылмалы бітеуіштер мен аралық тіректер
Талшықты-оптикалық кабель
Қалдықтарды кәдеге жарату, қауіпсіздікті сақтау тренингтері онлайн режимде, ағаш қалдықтарын шығару, қауіпсіздік киімдері
Тек 2019 жылы ТШО мен оның жеткізушілері ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша 103 қазақстандық қамту жоспарын орындады.
ТШО қауіпсіз, сенімді және үздіксіз өндірістік операцияларды жүргізу және ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын жүзеге асыруды жалғастыру үшін бүкіл әлемге танымал жабдықтың түпнұсқасын өндірушілермен (OEM) жұмыс істейді. Біздің ұзақ мерзімді келісімшарттық стратегиямыз ТШО мен жеткізушілерге жергілікті нарықтың әлеуетін дамытуға одан әрі инвестициялау үшін бірқатар мүмкіндіктер береді.
ТШО жергілікті қамтуды дамыту мүмкіндіктерін жұмыс жасап жүрген және әлеуетті жеткізушілермен бірге анықтайды
ТШО мен жеткізушілер осы мүмкіндіктер туралы келіседі және қазақстандық қамту жоспары құрылады
ТШО мен жеткізушілер келісім-шарт аясында қазақстандық қамту жоспарын рәсімдейді
ТШО әрдайым сәйкес келуін және орындалуын бақылайды
Жергілікті қамту туралы айтқанда, жетістіктеріміз атқарылған жұмыстарымыз арқылы көрінеді. ТШО үшін заңды талаптардың бірі – қазақстандық қамтуға жұмсалған шығындарды есептеу және олар жөнінде есеп беру. Жеткізушілердің ҚҚ есептеу әдістемесімен танысуын қамтамасыз ету өзіміз үшін де пайдалы. Тоқсан сайын біз жеткізушілеріміз үшін жер қойнауын пайдалану кодексінің және үкіметтің қаулыларының жекелеген аспектілерін қамтитын тиісті тренингтер өткіземіз, олар жергілікті қамтуды есептеу, негізгі Ұғымдар мен анықтамаларды және жұмсалған тауарлар мен қызметтердегі ҚҚ есептеу мысалдарын реттейді.
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) өз мамандарының сұрауларына жауап беруге тиімді көмектесетін жасанды интеллекттің жаңа құралдарын енгізуді жалғастыруда. Бұл туралы және цифрландырудың ТШО дамуының маңызды векторына қалай айналғаны жөнінде компания сарапшылары ТШО бас демеуші болған «Атырау Мұнай және Газ» Солтүстік-Каспий өңірлік 21-ші көрмесінде баяндады.
ТШО-да цифрлық мәдениетті құру барлық қызметкерлерді қажетті компьютерлік дағдылар мен білімге үйретуден басталған болатын. ТШО-дағы кез келген басқа бастама сияқты цифрлық трансформация қауіпсіз өндіріс, қызметкерлердің және технологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауға тұрақты назар аудара отырып әзірленуде. ТШО жұмысшылар мен өндірістің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретін бастамалар мен цифрлық өнімдерге басымдық береді. ТШО өз қызметкерлерінің қауіпсіздігіне және өндірістік процестің қауіпсіздігіне ерекше назар аударады.
Панельдік сессия барысында ТШО цифрлық чемпионы Марат Қуатов көрменің қатысушылары мен қонақтарына жасанды интеллектті енгізу операциялық процестерді ғана емес, болашаққа деген көзқарасты да өзгерте алатын қуатты құрал екенін айтты.
- Жасанды интеллектті пайдалану өндірісті оңтайландыруға, қауіпсіздікті жақсартуға және саладағы өзгерістерді болжауға және бейімделуге мүмкіндік береді. Жасанды интеллектті енгізу - бұл технологиялық қадам ғана емес, бұл компанияларға ұзақ мерзімді перспективада бәсекеге қабілетті және тұрақты болуға көмектесетін стратегиялық шешім, - дейді Марат Қуатов.
2020 жылға дейін компанияның назары цифрлық негіздерді дамытуға бағытталды. Кен орнын, ұңғымаларды, мұнай жинау жүйесін, зауыттар мен экспорттық құрылыстарды цифрландыру кешенді түрде IT-жүйелерді енгізу жүргізілді. Бұлтты жүйелер игеріліп, кең ақпараттық база, платформа салынды. Коронавирустық пандемия кезінде де ТШО қызметкерлердің қауіпсіздігі мен жұмысын үйлестіру үшін цифрлық платформаларды белсенді қолданды.
2020 жылы өндірістік процесті басқару жүйелері, көліктің интеллектуалды қауіпсіздігі технологиялары, Келешек кеңею жобасы - Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасында дрондар мен кеңейтілген шындық көзілдіріктерінің пилоттық бағдарламалары енгізілді.
2023 жылы Теңіз кен орнында «Кешенді технологиялық желілерінің цифрлық сыңары» бағдарламасы сәтті аяқталды. Зауыттың виртуалды сыңары ТШО сарапшыларына әртүрлі жағдайларға сценарийлер жасауға, сондай-ақ процестерді сынап, оларды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Виртуалды сыңар процестерді оңтайландыру ресурстарын тиімдірек пайдалануға, әрі шығындар мен қоршаған ортаға әсерді азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, виртуалды сыңарды енгізу жеке мысал ғана емес, цифрлық шешімдер операцияның тиімділігі мен тұрақтылығының кілті болатын болашаққа жасалған қадам болды.
Цифрландыру Теңіз кен орнындағы су ресурстарын басқаруға оң әсерін тигізді. Су есептегіштерінің көрсеткіштерін алу жүйесін табысты енгізу нысандарды Теңіз басқармасы су ресурстары секторы жұмысының тиімділігін едәуір арттырған болатын. Жүйе су есептегіштерінен деректерді қашықтан жинауға мүмкіндік беріп, көрсеткіштерді қолмен оқу қажеттілігін жояды және жұмыс қауіпсіздігін арттырады.
Компания жаңа бастамаларының бірі - жұмыс өндірісіне рұқсат беру нарядтарының (ePTW) электрондық жүйесіне көшу. Бұл құжат айналымының көлемін едәуір қысқартты және компанияға тікелей жұмысқа назар аударып, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мәселен, 2023 жылы КТЖ технологиялық 5 желісіндегі күрделі жөндеу кезінде 33 мыңнан астам электронды наряд-рұқсаттамалар ресімделіп, бұл жұмыстардың қауіпсіз және уақтылы аяқталуына ықпал етті. Құжаттардың электрондық қолтаңбасын алу мүмкіндігі бұрын көп уақытты қажет ететін процестерді жеделдетті. Бұл технологиялық бастама ТШО-ның өндірістік ортасын жаңғыртып қана қоймай, оның тиімділігі мен жеделдігін айтарлықтай арттырды.
Теңіз кен орнында деректердің үлкен көлемін өңдеу заңдылықтарды анықтауға және процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді. Машиналық оқыту алгоритмдері саладағы өзгерістерді болжау және бейімдеу үшін қолданылады.
— Біздің қызметкерлеріміздің және өндіріс қауіпсіздігі ТШО-дағы басты басымдықтарымыз болып табылады. Біз осы мақсатта жасанды интеллектті қолданамыз. Осы жасанды интеллекттің арқасында біз жұмыс ортамызды қауіпсіз және тиімдірек етеміз. Бізде осында жиырма шақты жасанды интеллект өнімі қолданылады, - деп атап өтті Марат Қуатов.
Сондай-ақ, Қуатов ТШО қазіргі уақытта инженерлердің сұраныстарына жауап бере алатын жаңа жасанды интеллект құралдарын жасап жатқанын мәлімдеді. Осы мақсатта компания мамандарының сұрауларына жауап беруге тиімді көмектесу үшін техникалық сипаттамалары бар 300-ден астам құжаттары бар қойма қолданылады.