Жергілікті тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 46,8 миллиардтан астам АҚШ долларын жұмсаған ТШО қазақстандық қамтуды дамытуда жетекші орында қала бермек
ТШО әлемдегі ең ірі және технологиялық күрделі кен орындарының бірін жүргізеді. Теңіздегі барлау және өндіру жұмыстарының қауіпсіздігі мен сенімділігі - бұл Қазақстанның экономикалық прогресін күшейтуде және ғаламдық энергияға деген сұранысты қанағаттандыруда табысқа жетудің бір жолы. Біздің міндетіміз – жергілікті жеткізушілер мен мамандарға мүмкіндік беру арқылы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тауарлар мен қызметтерді алу.
ТШО-ның Келісімшарт және сатып алу жоспарында қамтылған ақпарат, «Теңізшевройл» ЖШС-нің (бұдан әрі – ТШО) ақпаратта сілтеме жасалған алдағы кезеңге тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге алдын ала қажеттіліктерінің болжамы болып табылады. Жеткізушілерді алдын ала таңдауға, келісімшарт жасасу және/немесе сатып алу қызметтеріне қатысты деректердің жариялануы тек ақпарат үшін және ол ТШО-ның қандай да бір қызметті жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі немесе ТШО-ның кез келген тұлғаға оған қатысуға ұсынысы ретінде қаралмауы тиіс. Бұрын жарияланған жеткізушілерді алдын ала таңдау бойынша іс-шаралар, келісімшарттар және/немесе сатып алу іс-шаралары ТШО-ның қалауы бойынша алдын ала ескертусіз кейінге қалдырылуы, өзгертілуі немесе жойылуы мүмкін. Жаңартулардан хабардар болу үшін осы веб-сайтты тұрақты түрде қарап отырыңыз. ТШО мұндай тұлғаның ТШО-ның Келісімшарт және сатып алу жоспарында жарияланған деректерге сүйеніп шешім қабылдауына байланысты туындауы мүмкін кез келген тұлғаның кез келген залалы немесе шығындары үшін кез келген міндеттемелерден немесе жауапкершіліктен анық түрде бас тартады.
Бізге хабарласыңыз
kcdsearch@tengizchevroil.com
Жоғары вольтты кабельдер, төмен вольтты токты бөліп таратқыш тақта, трансформаторлар, қосалқы станция, қашықтан қол жеткізуді басқару станциясы
Жоғары вольтты қозғалтқыштарды жөндеу қызметі, жылу алмастырғыш құбырын алмастыру қондырғысы
Резервуарлар мен ыдыстар
Клапандар, фланецтер мен фитингтер, бұрандамалар, бұрылмалы бітеуіштер мен аралық тіректер
Талшықты-оптикалық кабель
Қалдықтарды кәдеге жарату, қауіпсіздікті сақтау тренингтері онлайн режимде, ағаш қалдықтарын шығару, қауіпсіздік киімдері
Тек 2019 жылы ТШО мен оның жеткізушілері ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша 103 қазақстандық қамту жоспарын орындады.
ТШО қауіпсіз, сенімді және үздіксіз өндірістік операцияларды жүргізу және ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын жүзеге асыруды жалғастыру үшін бүкіл әлемге танымал жабдықтың түпнұсқасын өндірушілермен (OEM) жұмыс істейді. Біздің ұзақ мерзімді келісімшарттық стратегиямыз ТШО мен жеткізушілерге жергілікті нарықтың әлеуетін дамытуға одан әрі инвестициялау үшін бірқатар мүмкіндіктер береді.
ТШО жергілікті қамтуды дамыту мүмкіндіктерін жұмыс жасап жүрген және әлеуетті жеткізушілермен бірге анықтайды
ТШО мен жеткізушілер осы мүмкіндіктер туралы келіседі және қазақстандық қамту жоспары құрылады
ТШО мен жеткізушілер келісім-шарт аясында қазақстандық қамту жоспарын рәсімдейді
ТШО әрдайым сәйкес келуін және орындалуын бақылайды
Жергілікті қамту туралы айтқанда, жетістіктеріміз атқарылған жұмыстарымыз арқылы көрінеді. ТШО үшін заңды талаптардың бірі – қазақстандық қамтуға жұмсалған шығындарды есептеу және олар жөнінде есеп беру. Жеткізушілердің ҚҚ есептеу әдістемесімен танысуын қамтамасыз ету өзіміз үшін де пайдалы. Тоқсан сайын біз жеткізушілеріміз үшін жер қойнауын пайдалану кодексінің және үкіметтің қаулыларының жекелеген аспектілерін қамтитын тиісті тренингтер өткіземіз, олар жергілікті қамтуды есептеу, негізгі Ұғымдар мен анықтамаларды және жұмсалған тауарлар мен қызметтердегі ҚҚ есептеу мысалдарын реттейді.
Атырауда облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен су тасқынына қарсы іс-шараларға белсене атсалысқан азаматтар мен компанияларды марапаттау рәсімі өтті. Марапатталғандардың қатарында су басқан Құлсары қаласының тұрғындарына көмек көрсету үшін 2 млрд теңге бөлген «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) болды.
«Жағдайдың ауырлығын түсіне отырып, біздің біртұтас халқымыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, су тасқыны қаупінің алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Біз іс жүзінде «Біздің күшіміз - бірлікте» деген ұранның жай сөз еместігін дәлелдедік. Су тасқынымен күрес Атыраудың тарихында, ал азаматтарымыздың ерлігі әрқайсымыздың есімізде қалады», - деп атап өтті Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов.
Өңірдегі алғашқылардың бірі болып, ТШО су басқан Құлсары тұрғындарына көмек көрсету үшін 2 млрд теңге бөлді. 2 сәуірде жергілікті биліктің алғашқы сұраныстарынан кейін компания Жылыой ауданының тұрғындарына көмекке келді. Құлсары қаласын судан қорғау мақсатында барлығы 100-ге жуық арнайы техника жөнелтіліп, жұмысшылар үшін тамақ ұйымдастырылды, 2 ай бойы ауданға 550 мың литрден астам жанар-жағармай тегін жеткізілді.
6 сәуірге қараған түні ТШО өз автобустарымен Жылыой ауданының 7000 астам тұрғынын Теңіз кен орнындағы мердігер компаниялардың вахталық қалашықтарына эвакуациялады. Олар маусым айына дейін Теңізде тұрып, үйлеріне аман-есен оралды.
"Теңізшевройл әрдайым қиын-қыстау кезеңде жергілікті қоғамдастыққа қолдау көрсетуге ұмтылады. Осы сәттерде жергілікті билікпен ынтымақтастаса отырып, күш-жігерімізді біріктіру, ауыртпалықтармен күресуге ықпалын тигізетінін көріп отырмыз. Біз мыңдаған қызметкерлеріміз тұрып, жұмыс істейтін, сондай-ақ компаниямыз өз қызметін жүзеге асыратын өңір тұрғындарының әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне үлес қоса алатынымызды мақтан тұтамыз", - деп атап өтті ТШО құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері Әсет Құрманбаев.
Сонымен қатар, ТШО өз отбасына қолдау көрсету мақсатында қайта оралуы қажет барлық қызметкерлердің әл-ауқатына айтарлықтай нұқсан келтірмей сәтті қамтамасыз етті.
ТШО еріктілері де белсенді жұмыс істеді: бас кеңсенің қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері және мердігерлұйымдардың қызметкерлері бір күнде 4,5 тоннадан астам гуманитарлық көмек, соның ішінде жеке гигиена заттары, ойыншықтар мен кітаптар жинап, жүкті Теңіз кен орнына ұшақтармен жөнелтті. Гуманитарлық көмек қабылдау пункті компанияның кеңсесінде жұмыс істеді.
Атырауда, халық арасында «Черная речка» деп аталып кеткен Сарыөзек өзенінің бойында ТШО ұзындығы 8 шақырымнан астам бөгет салды. Құрылысқа 100-ге жуық қызметкер мен 60-тан астам түрлі техника жұмылдырылды. Биіктігі 3 метрлік болған инженерлік құрылым қаланы үлкен судан қорғауға көмектесті.
Сондай-ақ, ТШО мен мердігер компаниялар Құлсары қаласында қалыпты өмірді қалпына келтіруге көмек көрсетті. Компания суды соруға арналған сорғыларды, вакуумдық машиналарды және басқа да арнайы техникаларды, сондай-ақ жанар-жағармайды ұсынды.
Сонымен қатар, Жылыой ауданының Құлсарыдағы тұрғындарына ауыз су тапшылығына байланысты бөтелке суын жеткізуді ұйымдастырды. ТШО қысқа мерзімде 24 000 литр бөтелкедегі суды Құлсары қаласына жедел түрде жеткізіп берді. Су көп балалы отбасыларға, балалар мен қарттарға үлестірілді.