Жергілікті тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 46,8 миллиардтан астам АҚШ долларын жұмсаған ТШО қазақстандық қамтуды дамытуда жетекші орында қала бермек
ТШО әлемдегі ең ірі және технологиялық күрделі кен орындарының бірін жүргізеді. Теңіздегі барлау және өндіру жұмыстарының қауіпсіздігі мен сенімділігі - бұл Қазақстанның экономикалық прогресін күшейтуде және ғаламдық энергияға деген сұранысты қанағаттандыруда табысқа жетудің бір жолы. Біздің міндетіміз – жергілікті жеткізушілер мен мамандарға мүмкіндік беру арқылы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тауарлар мен қызметтерді алу.
ТШО-ның Келісімшарт және сатып алу жоспарында қамтылған ақпарат, «Теңізшевройл» ЖШС-нің (бұдан әрі – ТШО) ақпаратта сілтеме жасалған алдағы кезеңге тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге алдын ала қажеттіліктерінің болжамы болып табылады. Жеткізушілерді алдын ала таңдауға, келісімшарт жасасу және/немесе сатып алу қызметтеріне қатысты деректердің жариялануы тек ақпарат үшін және ол ТШО-ның қандай да бір қызметті жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі немесе ТШО-ның кез келген тұлғаға оған қатысуға ұсынысы ретінде қаралмауы тиіс. Бұрын жарияланған жеткізушілерді алдын ала таңдау бойынша іс-шаралар, келісімшарттар және/немесе сатып алу іс-шаралары ТШО-ның қалауы бойынша алдын ала ескертусіз кейінге қалдырылуы, өзгертілуі немесе жойылуы мүмкін. Жаңартулардан хабардар болу үшін осы веб-сайтты тұрақты түрде қарап отырыңыз. ТШО мұндай тұлғаның ТШО-ның Келісімшарт және сатып алу жоспарында жарияланған деректерге сүйеніп шешім қабылдауына байланысты туындауы мүмкін кез келген тұлғаның кез келген залалы немесе шығындары үшін кез келген міндеттемелерден немесе жауапкершіліктен анық түрде бас тартады.
Бізге хабарласыңыз
kcdsearch@tengizchevroil.com
Жоғары вольтты кабельдер, төмен вольтты токты бөліп таратқыш тақта, трансформаторлар, қосалқы станция, қашықтан қол жеткізуді басқару станциясы
Жоғары вольтты қозғалтқыштарды жөндеу қызметі, жылу алмастырғыш құбырын алмастыру қондырғысы
Резервуарлар мен ыдыстар
Клапандар, фланецтер мен фитингтер, бұрандамалар, бұрылмалы бітеуіштер мен аралық тіректер
Талшықты-оптикалық кабель
Қалдықтарды кәдеге жарату, қауіпсіздікті сақтау тренингтері онлайн режимде, ағаш қалдықтарын шығару, қауіпсіздік киімдері
Тек 2019 жылы ТШО мен оның жеткізушілері ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша 103 қазақстандық қамту жоспарын орындады.
ТШО қауіпсіз, сенімді және үздіксіз өндірістік операцияларды жүргізу және ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын жүзеге асыруды жалғастыру үшін бүкіл әлемге танымал жабдықтың түпнұсқасын өндірушілермен (OEM) жұмыс істейді. Біздің ұзақ мерзімді келісімшарттық стратегиямыз ТШО мен жеткізушілерге жергілікті нарықтың әлеуетін дамытуға одан әрі инвестициялау үшін бірқатар мүмкіндіктер береді.
ТШО жергілікті қамтуды дамыту мүмкіндіктерін жұмыс жасап жүрген және әлеуетті жеткізушілермен бірге анықтайды
ТШО мен жеткізушілер осы мүмкіндіктер туралы келіседі және қазақстандық қамту жоспары құрылады
ТШО мен жеткізушілер келісім-шарт аясында қазақстандық қамту жоспарын рәсімдейді
ТШО әрдайым сәйкес келуін және орындалуын бақылайды
Жергілікті қамту туралы айтқанда, жетістіктеріміз атқарылған жұмыстарымыз арқылы көрінеді. ТШО үшін заңды талаптардың бірі – қазақстандық қамтуға жұмсалған шығындарды есептеу және олар жөнінде есеп беру. Жеткізушілердің ҚҚ есептеу әдістемесімен танысуын қамтамасыз ету өзіміз үшін де пайдалы. Тоқсан сайын біз жеткізушілеріміз үшін жер қойнауын пайдалану кодексінің және үкіметтің қаулыларының жекелеген аспектілерін қамтитын тиісті тренингтер өткіземіз, олар жергілікті қамтуды есептеу, негізгі Ұғымдар мен анықтамаларды және жұмсалған тауарлар мен қызметтердегі ҚҚ есептеу мысалдарын реттейді.
2025 жылғы 25 сәуірде Астана қаласында «Теңізшевройл» (ТШО) үш қазақстандық компаниямен жалпы құны 10,5 млн АҚШ долларынан асатын жабдықтарды жеткізуге қатысты төрт келісімге қол қойды. Аталған келісімдер өз алаңында әлемнің 20 елінен 1500-ден астам қатысушылардың басын қосқан Қазақстан машина жасаушыларының XII форумының аясында жасалды. ТШО осы іс-шараның бас демеушісі болды.
Қазақстан машина жасаушыларының жыл сайын өтетін форумы отандық компанияларға бәсекеге қабілетті деңгейге шығуға және ірі тапсырыс берушілермен жаңа қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік береді. Ресми мәліметтерге сәйкес, 2024 жылы машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 10% артты. Демек, соңғы 5 жылда қазақстандық машина жасаушылардан ТШО сатып алу көрсеткіші 43% құрады.
Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі Құдайберген Арымбек мырза атап өткендей: «Сала бойынша барлық инвестициялық жобаларды, оның ішінде 3 оператордың – «Теңізшевройл», «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» – ірі жобаларын іске асыру кезінде, олар сатып алатын мұнай-газ жабдықтары және машина жасау тауарлары бойынша қазақстандық қамтуды дамытуға ерекше назар аударылады».
Қол қойылған келісім-шарттар Теңіз кен орнында қауіпсіз әрі сенімді өндірістік қызметті қамтамасыз ету үшін қажет: қазақстандық компаниялар өндірген жабдықтар күрделі жөндеулер мен ағымдағы жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын болады. Мәселен, «АтырауНефтеМаш» ЖШС Клаус жану камерасын, «Sewon-Vertex Heavy Industry» ЖШС жанарғы оқпаны мен тотықтырғыш колоннасын, ал «Honeywell Automation Controls System» ЖШС кластер-шкафын дайындайды. «Honeywell» компаниясы өз өндірісін Қазақстанда жергіліктендіргенін айта кету қажет, ал жабдықты жеткізу жөніндегі бұл келісім өткен жылы ТШО және IMB орталығымен бірге жасалған үшжақты ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жүзеге асып жатыр.
«Қазақстандық қамту – еліміз үшін стратегиялық маңызы жоғары мәселе, және біз елішілік құндылықты одан әрі дамытуға барынша қолдау көрсетуге тырысамыз. Бұл, әсіресе, отандық компаниялар шығаратын өнімдердің жеткізілімі бағытына қатысты. Ал осы аталған төрт келісімге қол қойылуы – Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетінің жоғары екенін айқын дәлелдейді», – деді ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов.
1993 жылдан бері ТШО қазақстандық жеткізушілерден жалпы сомасы шамамен 50,5 миллиард АҚШ долларына тең тауарлар мен қызметтерді сатып алды. Тек 2024 жылы ғана қазақстандық қамту үлесіне жұмсаған шығындары шамамен 3 млрд АҚШ долларын құрады.