Кредиторлармен байланыс

ККЖ-ҰЕҚБЖ сыртқы несие берушілермен байланыс

2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.

ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.

ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.

factory.0c0fccf

Жалпы шолу

ТШО-ның несие берушілермен байланыс тобы несие берушілермен қарым-қатынасты жақсарту үшін құрылды. Мекеме жөніндегі жалпы ақпарат және басқа да тиісті ақпарат пайдалы сілтемелер бөлімінде қолжетімді. Компанияның қаржылық ақпаратына қол жеткізу үшін ағымдағы облигация иелері, несие берушілер бізбен байланыса алады. Мұндай ақпарат, қауіпсіздігін үшінші тарап қамтамасыз ететін Merril Datasite базасында сақталады. Ақпарат алуға рұқсат қажет болса, «Байланыс ақпараты» бөліміне өтіңіз.

overview

Байланыс ақпараты

Байланыс үшін арналған электрондық пошта:
   tcolr@tengizchevroil.com

Ағымдағы облигация иелері хатты сенімгер басқарушыға келесі эл.пошта арқылы жібереді:

Contact-Information

Кредиттік рейтинг

Рейтинг агенттігі
  • Standard & Poor’s
  • Moody’s
Соңғы талдау
  • 07/10/2022
  • 09/12/2022
Әлемдік рейтинг
  • BB+
  • Baa2
Болжам
  • Теріс
  • Тұрақты
Веб-парақ

ТШО жаңалықтары

ТШО барлық жаңалықтары

ТШО Теңізде ҰЕҚБЖ жобасының нысандарын іске қосты

сәу. 25, 2024, 09:09 AM by Nurtay Nudiyev
Атырау, Қазақстан, 25 сәуір, 2024 жыл – «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) бірінші өлшеу станциясын төмен қысымға ауыстыра отырып және тиісті қысымды көтеру жүйесін (ҚКЖ) пайдалануға бере отырып, Теңіз мұнай кен орнында Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару (ҰЕҚБЖ) жобасының нысандарын қауіпсіз түрде эксплуатациялауды бастады.

Бұл Теңізде өндірісті кеңейтудің жалпы жобасындағы маңызды кезең болып табылады. ҰЕҚБЖ - ұңғымалардың ернеуіндегі қысымды төмендету және кейіннен қолданыстағы зауыттарға қысымды арттыру есебінен Теңіздегі көмірсутектерді өңдеу зауыттарының жұмысын толық қуатта (жылына шамамен 28 млн тоннаға дейін) ұстап тұруға арналған. Қосымша ҚКЖ компрессорлары іске қосылып, қалған өлшеу станциялары осы жылдың соңына дейін қайта жабдықталатын болады.

ТШО-ның, «ККЖ» деп аталатын, Келешек өндірісті кеңейту жобасының соңғы кезеңі 2025 жылдың бірінші жартысында аяқталады деп жоспарлануда. Бұл ТШО-ға Теңізде шикі мұнай өндіру көлемін жылына тағы 12 миллион тоннаға (күніне 260 000 баррель) ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Бұл біздің Келешек кеңею жобамызды қауіпсіз аяқтаудағы маңызды қадам, сондай-ақ біздің негізгі өндірісіміздің Теңізде сенімді жұмыс істеуіне көмектеседі», - деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон. «Бұл межеге қол жеткізу ҚР Үкіметінің және басқа да көптеген маңызды мүдделі тараптардың, соның ішінде біздің серіктестеріміздің, мердігерлік ұйымдардың, біз жұмыс істейтін қауымдастықтардың, дарынды мен жұмыстарына адал қызметкерлеріміздің тұрақты қолдауынсыз мүмкін болмас еді», - деп қосты Кевин Лайон.

Бүгінгі таңда ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасы аясында ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 18 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салды. Сонымен қатар, 4000-ға жуық жергілікті жұмысшылар ҚКЖ жобасына өздерінің үлестерін қосу үшін арнайы дайындықтан өтті.

«Мен халықаралық компаниялармен әріптестік пен технологиялар алмасуының нәтижесінде құнды тәжірибе жинақтаған қазақстандық компаниялардың жетістіктерімен мақтанамын», - деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов.

«Теңізшевройл» ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын қауіпсіз аяқтауға жәрдемдесу үшін өз серіктестері мен ҚР Үкіметімен ынтымақтастықты жалғастырады.