Кредиторлармен байланыс

ККЖ-ҰЕҚБЖ сыртқы несие берушілермен байланыс

2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.

ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.

ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.

factory.0c0fccf

Жалпы шолу

ТШО-ның несие берушілермен байланыс тобы несие берушілермен қарым-қатынасты жақсарту үшін құрылды. Мекеме жөніндегі жалпы ақпарат және басқа да тиісті ақпарат пайдалы сілтемелер бөлімінде қолжетімді. Компанияның қаржылық ақпаратына қол жеткізу үшін ағымдағы облигация иелері, несие берушілер бізбен байланыса алады. Мұндай ақпарат, қауіпсіздігін үшінші тарап қамтамасыз ететін Merril Datasite базасында сақталады. Ақпарат алуға рұқсат қажет болса, «Байланыс ақпараты» бөліміне өтіңіз.

overview

Байланыс ақпараты

Байланыс үшін арналған электрондық пошта:
   tcolr@tengizchevroil.com

Ағымдағы облигация иелері хатты сенімгер басқарушыға келесі эл.пошта арқылы жібереді:

Contact-Information

Кредиттік рейтинг

Рейтинг агенттігі
  • Standard & Poor’s
  • Moody’s
Соңғы талдау
  • 27/06/2025
  • 19/06/2025
Әлемдік рейтинг
  • BBB-
  • Baa2
Болжам
  • Тұрақты
  • Тұрақты
Веб-парақ

ТШО жаңалықтары

ТШО барлық жаңалықтары

Қазақстандық қамтуды дамыту – басты назарда

шіл. 24, 2025, 11:39 by Zhanar Baizhumash

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен үш ірі мұнай-газ операторларының, оның ішінде Теңізшевройл (ТШО) компаниясының қатысуымен  мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық (IMB орталығы) мүшелерінің жыл сайынғы кездесуі өтті.

Кездесу кезінде IMB орталығының өкілдері өткен жылдағы жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті, сондай-ақ қазақстандық компанияларды дамыту және олардың құзыреті мен біліктілігін арттыру бойынша алдағы жоспарларды талқылады. Соңғы жылдары IMB орталығы операторлардың қажеттіліктерін саралау, қазақстандық өндірушілер нарығын бағалау, өндіріс орындарын аралау және операторлардың техникалық талаптарын нақтылау бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізді.

Энергетика министрі әрекеттерді біріздендіру және одан бұрын келісілген уағдаластықтардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. «Біз серіктестеріміздің Қазақстан экономикасына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз, бірақ сонымен бірге жаңа шешімдер қабылдау мүмкіндігін де көріп отырмыз. Біздің концептуалды мақсатымыз – алып жобалардың айналасында толыққанды тәуелсіз өнеркәсіптік кластер құру. Бүгінгі таңда бұл ұлттық экономикалық тұрақтылыққа тікелей қатысты мәселе», - деді ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

ТШО отандық өндірушілердің біліктілігін арттыру және олқылықтарын анықтау бағытында IMB-орталығы жүргізіп жүрген жұмысты қолдайды, бұл сенімді әрі экономикалық тұрғыдан тиімді жеткізушілер базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

ТШО-ның бас директоры Уильям Лакоби «ТШО компаниясы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту Қазақстан үшін стратегиялық мәселе екенін түсінеді және біз тауарларда, жұмыстарда және қызметтерде қазақстандық қамтуды дамытуға үздіксіз ұмтылатын боламыз. Жергілікті компаниялардың халықаралық стандарттарға, әсіресе қауіпсіздік техникасына қатысты талаптарға бейімделуге дайын болуы аса маңызды, себебі Қазақстандағы мұнай кен орындары техникалық жағынан өте күрделі», - деп атап өтті.

ТШО 1993 жылдан бері 51 миллиард АҚШ долларына жуық қазақстандық қамтушылардың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін пайдаланды және қазіргі таңда қазақстандық қамтудың үлесі 70%-ға жақындады. ТШО-ның қазақстандық қамту үлесі алуан түрлі және Атыраудан тыс өңірлерді қамтиды, бұл елдің бірнеше аймақтарында экономиканың дамуына септігін тигізеді.

IMB-орталығының отандық мұнай-газ саласындағы тауарларын дамыту бағытындағы іс-шараларын күшейту үшін жаңа мандат әзірленіп, операторлармен келісілді. Қазақстандық қамтуды дамытуды одан әрі қолдау және жергілікті тауар өндірушілерін барынша тарту мақсатында тендер тәртібіне өзгерістер жасалып, тендер өткізу арнайы тәсілдері енгізілді.

IMB-орталығымен бірлескен жұмыс нәтижесінде өткен жылы ТШО техникалық күтім, жөндеу және өндіріс қызметтері және қорғаныс материалдарын жеткізу жөніндегі ұзақ мерзімді келісімшарттарға, бірнеше меморандумдар мен келісімдерге қол қойды, қазіргі таңда олар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2024 жылдан бері ТШО 16 қазақстандық өндірушілердің біліктілік деңгейін саралаудан өткізіп, оларды ТШО-ның бекітілген өндірушілер тізіміне қосты, осылайша, аталмыш компаниялардың ТШО-ның талаптарына және стандарттарына сай екенін мойындады.

Жуырда қол жеткізген табысты нәтижелер қатарынан атап өтсек, 10,5 миллион АҚШ долларынан асатын жабдықты жеткізуге отандық және жергіліктендірілген компанияларға 4 сатып алу тапсырысына қол қойылды.

Жақында ТШО-ның қазақстандық қамтуды дамыту тобы  IMB-орталығымен бірге Қазақстанның барлық аймақтарын жүйелі түрде тексеру және жергілікті өндірушілердің мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында ТШО-ның ауқымды жоспары аясында шымкенттік өндірушілердің нысандарына іссапармен барды.

IMB-орталығы 2021 жылы үш ірі мұнай-газ операторы: Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. компанияларының қолдауымен Қазақстанның мұнай-газ саласындағы OEM өндірушілерін жергіліктендіру және тауарлардағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту арқылы өндірісті дамыту мақсатында құрылды.