2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.
ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.
ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.
25 тамызда Атырау облысы экология департаментінің өкілдері Теңіз кен орнына сапармен келді. Департамент басшысы Асқар Жүсіпов және ведомствоның басқа да өкілдері компанияның негізгі экологиялық нысандары: Теңіз Эко Орталығымен, суды тазалау және қайта пайдалану қондырғыларымен, сонымен бірге шығарындыларды бақылау бойынша автоматтандырылған жүйе жұмысымен танысты.
Теңізшевройл (ТШО) шығарындыларды бақылау бойынша автоматтандырылған жүйені 2024 жылы енгізіп болды, қазіргі таңда нысандар бойынша дерек нақты уақыт режимінде «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкіне» жіберіліп жатыр.
«Бүгін мен Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ компаниясы – Теңізшевройлдың өндірістік қызметімен және экологиялық нысандарымен таныстым. Біздің делегация суды тазалау және қайта пайдалану қондырғылары және Теңіз Эко Орталығы сияқты заманауи жабдықтармен жабдықталған бірегей нысандарды аралады. Біз тәуекелдерді азайту және қоршаған ортаны қорғау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыратынымызды атап өткім келеді», – деді департамент басшысы Асқар Жүсіпов.
Теңіз Эко Орталығы (ТЭО) – ТШО мен оның бизнес серіктестерінің қызметінің нәтижесінде пайда болатын қалдықтарды тиімді басқару үшін құрылған заманауи кешен. ТЭО – әр-түрлі қалдықтарды қабылдайтын, үлестіретін, қайта өңдейтін және кәдеге жарататын негізгі нысан. Орталық 2004 жылдан бері қызмет етіп келеді, заманауи жабдықтармен қамтылған, бұл қалдықтарды өңдеуді мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сай өткізуге мүмкіндік береді. ТШО қалдықтар санын азайту жолдарын үздіксіз іздейтінін, өндірістің қоршаған ортаға тигізетін әсерін біртіндеп бәсеңдету бағытында жұмыстар орындайтынын атап өткен жөн.
«ТШО қалдықтың пайда болуын барынша азайтуға және жиналып қалған қалдықтарды мүмкіндігінше қайта өңдеуге ұмтылады. 2025 жылдың 2-тоқсанының соңына қарай біз жалпы қалдықтың 82%-ын қайта өңдеп, екінші рет пайдаландық — бұл 35-тен астам қалдық түрін қамтиды.», - деп атап өтті Нұртас Кенғанов, ТШО-ның өндірісті оңтайландыру, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау департаментінің бас менеджері. - Біз сенімді әрі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жұмыс істеуге ұмтыламыз — бұл біздің компанияның негізгі қағидаттарының бірі. Соңғы 20 жыл ішінде ТШО қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған көптеген жобаларды іске асырды».
Департамент өкілдері суды тазалау және қайта пайдалану қондырғыларының жұмысымен де танысты, бұл нысандарда судың 49%-ы тазартылып, кейін қайта пайдалануға беріледі (2025 жылдың бірінші жарты жылдығындағы нәтиже бойынша). Тазартылған тұрмыстық сарқынды сулар тазалау қондырғыларынан қайта пайдалану жүйелеріне жіберіледі, онда кері осмос әдісімен қосымша тазарту арқылы техникалық судың сапасына сай келетін деңгейге дейін өңделеді, осылайша ТШО зауыттарының өндірістік қажеттіліктері қамтамасыз етіледі.
ТШО қоршаған ортаны қорғау және тиімді басқару жүйесі қағидаттарын ұстанатынын атап өткен жөн. Компания өндірістің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту жолдарын үздіксіз іздеп жүр және біртіндеп бәсеңдету бағытында жұмыстар орындап жатыр.