Кредиторлармен байланыс

ККЖ-ҰЕҚБЖ сыртқы несие берушілермен байланыс

2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.

ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.

ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.

factory.0c0fccf

Жалпы шолу

ТШО-ның несие берушілермен байланыс тобы несие берушілермен қарым-қатынасты жақсарту үшін құрылды. Мекеме жөніндегі жалпы ақпарат және басқа да тиісті ақпарат пайдалы сілтемелер бөлімінде қолжетімді. Компанияның қаржылық ақпаратына қол жеткізу үшін ағымдағы облигация иелері, несие берушілер бізбен байланыса алады. Мұндай ақпарат, қауіпсіздігін үшінші тарап қамтамасыз ететін Merril Datasite базасында сақталады. Ақпарат алуға рұқсат қажет болса, «Байланыс ақпараты» бөліміне өтіңіз.

overview

Байланыс ақпараты

Байланыс үшін арналған электрондық пошта:
   tcolr@tengizchevroil.com

Ағымдағы облигация иелері хатты сенімгер басқарушыға келесі эл.пошта арқылы жібереді:

Contact-Information

Кредиттік рейтинг

Рейтинг агенттігі
  • S&P Global Ratings
  • Moody’s
Соңғы талдау
  • 02/09/2026
  • 14/07/2026
Әлемдік рейтинг
  • BBB
  • Baa2
Болжам
  • Тұрақты
  • Тұрақты
Веб-парақ

ТШО жаңалықтары

ТШО барлық жаңалықтары

Теңіздегі техникалық шолу: қауіпсіз әрі сенімді өндірістік қызмет басты назарда

қаз. 6, 2026, 14:01 by Assabay, LLP]

5 қазанда Теңізде өндірістік сенімділік пен тиімділік мәселелеріне арналған көшпелі Operations Reliability & Performance Review техникалық жиыны өтті. Оған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ірі жобалар департаментінің директоры Жандос Жылқайдаров, Chevron Eurasia вице-президенті Дилан Морган және ТШО басшылығы қатысты.

Кездесуде өндірістік көрсеткіштер, өндіріс тиімділігі, техникалық қызмет көрсетудің басым бағыттары, сондай-ақ Теңіздегі өндірістік қызметтің қауіпсіздігі мен сенімділігін одан әрі арттыру мүмкіндіктері талқыланды.

Техникалық сессиялар барысында ТШО Теңіздегі өндірістік нысандардың қауіпсіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған қолданыстағы бастамалар мен тәсілдерді таныстырды.

Қатысушылар сондай-ақ алдағы уақытта назар аударуды және жетілдіруді қажет ететін бағыттар бойынша техникалық пікір алмасты.

Кездесу қорытындысында тараптар Теңіздегі қауіпсіз, сенімді әрі тиімді өндірістік қызметті қамтамасыз ету үшін техникалық ынтымақтастықты жалғастырудың, инновациялық шешімдерді енгізудің және үздіксіз жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.