Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.
ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

CHESM процесі әр тарабының мiндеттерiн нақты белгiлейдi, мердігер компаниялармен тиімді өзара әрекеттесуді және мердігер компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында CHESM бағдарлама талаптарының дәйекті орындауды қамтамасыз етеді.
CHESM процесінің талаптары және оны құрайтын іс-шаралар ТШО-ның мердігер компаниялардан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қандай нәтижелер күтетінін анықтайды, сондай-ақ, мердігер компаниялардың осы талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерге және технологиялық процестерге қауіп тудыруы мүмкін жұмыстарды орындайтын мердігер компаниялар өз компанияларындағы ЕҚ/ЕҚОҚ басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сонымен қатар ТШО нысандарында кез келген жұмысты бастамас бұрын тиісті қорғаныш құралдарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуге бағытталған CHESM процесі бойынша тексеруден өтуі тиіс.
ТШО өз жұмысында екі негізгі қағиданы басшылыққа алады: жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем орындамаңыз және оны дұрыс орындауға әрдайым уақыт бар. ТШО мен серіктес компаниялардың әр қызметкері жұмысты қауіпсіз бастауды қаматамасыз етуге Жауап береді, сонымен қатар қауіпті мінез-құлық немесе соған негіз болған жағдайда кез-келген жұмысты уақытша тоқтатуға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. ТШО жұмысының қауіпсіз әдістерін басқару жөніндегі топ басқа командалармен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы басшылық қағидаттары мен рәсімдерді (ЕҚ) тұрақты енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
«Теңізшевройл» ЖШС 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең тартымды жұмыс беруші болып танылды. Компания бұл марапатты төртінші жыл қатарынан алып отыр. Рейтингті ANCOR компаниясының тапсырысы бойынша The Talentist. Employer brand perception тәуелсіз компаниясы жұмыс берушінің брендін қабылдау серпінін кеңінен зерттеу аясында құрды.
«Бұл марапат – әрбір қызметкердің өсуіне, жетілуіне, әлеуетін дамытуға бағытталған үздіксіз жұмысымыздың нәтижесі, — деп атап өтті Теңізшевройлдың Адам ресурстарын басқару бөлімінің бас менеджері Кәмшат Байжанова. — Қызметкерлер - компаниямыздың ең құнды ресурсы екеніне нық сенеміз, олардың маман және тұлға ретінде өсуіне инвестиция салуды жалғастырамыз».
«Жылдың үздік жұмыс берушісі» марапаты бүкіл ел бойынша мыңдаған жұмыс іздеушілер мен компаниялардың қызметкерлері арасында жүргізілген тәуелсіз сауалнамаға негізделген. Қатысушылар ұйымдарды тұрақтылық, мансаптық өсу мүмкіндіктері, еңбек жағдайлары, жалақы деңгейі, корпоративтік бедел және жұмыс пен өмірдің тепе-теңдігі сияқты критерийлер бойынша бағалайды. Жұмыс беруші ретінде тартымдылығы 69,28% көрсеткішімен ТШО бірінші орынды иеленді.
«Жұмыс іздеушілердің таңдауы – жүйелі жұмыстың, мәдениеттің жоғары деңгейінің және жұмыс беруші брендіне деген сенімнің нәтижесі», - деп атап өтті ANCOR Орталық Азия бас директоры Валерия Петрунина.
ТШО қызметін бастағалы бері қазақстандық мамандарды өндіріс пен басқару процестеріне барынша тартуға ұмтылады. Бұл әсерлі нәтижелерге әкелді: 1-тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстан азаматтары ТШО-ның жалпы қызметкерлерінің 95,5%-ын құрайды. 1993 жылы бұл көрсеткіш небәрі 50%-ды құраған.
ТШО бастамшылдықты, білімге ұмтылысты және жауапкершілікті қолдайды. Компания қызметкерлерді көшбасшылық дағдыларды дамыту, функцияаралық жобаларға және халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламаларына қатысу арқылы өзін-өзі танытуға ынталандырады. 2012 жылы ұйымдық құрылымның барлық деңгейлеріндегі қызметкерлер арасында көшбасшылық дағдыларын жүйелі дамытуға бағытталған «Теңізшевройлда көшбасшылықты дамытудың құрылымдық бағдарламасы» тұжырымдамасы әзірленді және бекітілді.
Дарынды қызметкерлерді тарту және жұмыста қалдыру үшін ТШО ауқымды әлеуметтік пакетті ұсынады, таланттарды басқару және әл-ауқат стратегияларын жүзеге асырады, өзгешеліктерді құрметтеуді және ортақтастыруды, адалдық пен сенімді және командалық жұмысты қамтитын ұйымдық мәдениетті қолдайды.
ТШО қызметкерлерінің техникалық және кәсіби біліктілігін арттыру – бұл жұмыс орнында оқыту, жұмыстан тыс оқыту, тәлімгерлік және кәсіби қасиеттерді бағалауды қамтитын
кешенді тәсіл. Сонымен қатар мұнай-газ саласындағы жас мамандардың техникалық кәсіби дағдыларын дамытуды жеделдетуге арналған 5 жылдық ТШО «Horizons» бағдарламасы бар.
Коучинг қызметі, тәлімгерлік бағдарламасы, Қазақстанда да, шетелде де біліктілігін арттыру мүмкіндіктері, магистр дәрежесін алу үшін қаржылық қолдау, тұрғын үй несиесі бойынша көмек көрсету бағдарламасы, кешенді медициналық сақтандыру пакеті – бұл ТШО қызметкерлеріне ұсынатын мүмкіндіктердің бір бөлігі ғана. Ал «No1 жұмыс беруші» сыйлығын алу – жүйелі әрі ұзақ мерзімді еңбектің жемісі. «№1 жұмыс беруші» марапатын алу – жүйелі және ұзақ мерзімді жұмыстың нәтижесі.