Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.
ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

CHESM процесі әр тарабының мiндеттерiн нақты белгiлейдi, мердігер компаниялармен тиімді өзара әрекеттесуді және мердігер компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында CHESM бағдарлама талаптарының дәйекті орындауды қамтамасыз етеді.
CHESM процесінің талаптары және оны құрайтын іс-шаралар ТШО-ның мердігер компаниялардан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қандай нәтижелер күтетінін анықтайды, сондай-ақ, мердігер компаниялардың осы талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерге және технологиялық процестерге қауіп тудыруы мүмкін жұмыстарды орындайтын мердігер компаниялар өз компанияларындағы ЕҚ/ЕҚОҚ басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сонымен қатар ТШО нысандарында кез келген жұмысты бастамас бұрын тиісті қорғаныш құралдарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуге бағытталған CHESM процесі бойынша тексеруден өтуі тиіс.
ТШО өз жұмысында екі негізгі қағиданы басшылыққа алады: жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем орындамаңыз және оны дұрыс орындауға әрдайым уақыт бар. ТШО мен серіктес компаниялардың әр қызметкері жұмысты қауіпсіз бастауды қаматамасыз етуге Жауап береді, сонымен қатар қауіпті мінез-құлық немесе соған негіз болған жағдайда кез-келген жұмысты уақытша тоқтатуға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. ТШО жұмысының қауіпсіз әдістерін басқару жөніндегі топ басқа командалармен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы басшылық қағидаттары мен рәсімдерді (ЕҚ) тұрақты енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) параспортты дамыту және ұлттық құраманы алдағы халықаралық жарыстарға дайындау мақсатында Қазақстанның отырып ойнайтын волейбол федерациясына заманауи спорт жабдығы мен шағын автобус табыстады.
Осы бастаманың шеңберінде Федерацияға әлем стандарттарына сай сертификатталған Molten волейбол доптары, кәсіби тіректер мен керек-жарақтар, оңалту құралдары, сондай-ақ команда мен жабдықтарды тасымалдауға арналған шағын автобус берілді.
Жабдықтарды тапсыру салтанатты түрде өтті, оған Қазақстан құрамасының спортшылары, Федерация мен облыс әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ «Теңізшевройл» компаниясының басшылығы қатысты.
ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Айбек Қрамбаев: «Теңізшевройл» үшін параспортты қолдау – компанияның әлеуметтік жауапкершілігі бойынша ұзақ мерзімді стратегияның бір бөлігі. Біздің миссиямыз – мұнай-газ саласында көшбасшы болумен қатар, біз жұмыс істейтін өңірлерде адами әлеуетті дамытуға, инклюзия мен тұрақтылықты арттыруға ықпал ету. Біз адамдарға білім, спорт, экология және денсаулық сақтау бағыттарында қолдау көрсетуге тырысамыз. Біз бүгін табыстаған спорт жабдығы спортшылардың жаттығуларын одан әрі тиімді етіп, оларды жаңа жеңістерге жетелеуге үлесін қосады деп сенеміз» - деп атап өтті.
Отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан құрамасы әлемдегі параволейбол көшбасшыларының бірі және элита құрамына, яғни А дивизионына кіреді. Команда өз тарихында талай биік белестерді бағындырған:
• 2025 жылғы Азия чемпионы (Ханчжоу, Қытай);
• 2025 жылғы Әлем кубогының қола жүлдегері (Форт-Уэйн, АҚШ);
• 2024 жылы Парижде өткен Паралимпиада ойындарының қатысушысы;
• Азия және әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері.
2023 жылдың 3–8 шілде аралығында Астанада өткен отырып ойнайтын волейболдан Азия чемпионатының іріктеу ойындарына ТШО бас демеуші болды. Отанында өткен турнирде күміс жүлдеге ие болған Қазақстан құрамасы 1996 жылдан бері алғаш рет Паралимпиада ойындарына тікелей жолдама алды.
«Теңізшевройл» инклюзияны, салауатты өмір салтын және тең мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған әлеуметтік және спорттық бастамаларды қолдауға дәстүрлі түрде ерекше көңіл бөледі. 1993 жылдан бері ТШО Атырау облысының халқы мен қызметкерлері үшін түрлі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға 3,6 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат бөлді.