Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.
ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

CHESM процесі әр тарабының мiндеттерiн нақты белгiлейдi, мердігер компаниялармен тиімді өзара әрекеттесуді және мердігер компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында CHESM бағдарлама талаптарының дәйекті орындауды қамтамасыз етеді.
CHESM процесінің талаптары және оны құрайтын іс-шаралар ТШО-ның мердігер компаниялардан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қандай нәтижелер күтетінін анықтайды, сондай-ақ, мердігер компаниялардың осы талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерге және технологиялық процестерге қауіп тудыруы мүмкін жұмыстарды орындайтын мердігер компаниялар өз компанияларындағы ЕҚ/ЕҚОҚ басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сонымен қатар ТШО нысандарында кез келген жұмысты бастамас бұрын тиісті қорғаныш құралдарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуге бағытталған CHESM процесі бойынша тексеруден өтуі тиіс.
ТШО өз жұмысында екі негізгі қағиданы басшылыққа алады: жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем орындамаңыз және оны дұрыс орындауға әрдайым уақыт бар. ТШО мен серіктес компаниялардың әр қызметкері жұмысты қауіпсіз бастауды қаматамасыз етуге Жауап береді, сонымен қатар қауіпті мінез-құлық немесе соған негіз болған жағдайда кез-келген жұмысты уақытша тоқтатуға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. ТШО жұмысының қауіпсіз әдістерін басқару жөніндегі топ басқа командалармен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы басшылық қағидаттары мен рәсімдерді (ЕҚ) тұрақты енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
17 желтоқсанда Жылыой ауданының Кұлсары қаласында ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған инклюзивті кабинеттер ашылды, олар «Теңізшевройл» ЖШС мен «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бірлескен жобасы аясында жабдықталды.

Бұл жобаның «алғашқы қарлығашы» Д. Жазықбаев атындағы №16 мектептегі кабинеттер болды. Берілген 56 шаршы метр аумақта бір мезгілде 10 педагогқа дейін жұмыс істей алады. Бір күн ішінде олар 40 балаға сабақ өткізе алады.
Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова өзінің құттықтау сөзінде өңірде осындай жобалардың қажет екенін атап өтті: «Теңізшевройл» бірнеше жыл бойы Жылыой ауданына қолдау көрсетіп келеді, ал осы ашылған кабинеттер балаларымыздың дамуына оң әсерін тигізеді деп үміт етемін. Мұндай жобалар көп болсын».
Кабинеттер жаңартылған авторлық жоба үлгісі бойынша сала сарапшыларымен бірлесіп жасалды және Қазақстанның басқа қалаларында өз тиімділігін дәлелдеді. Әр мектепке жеке икемделген әдіс қолдану - балаларға өз оқу орындарында кешенді қолдау алуға мүмкіндік береді: логопедпен, психологпен және дефектологпен сабақтар өткізу, сенсориканы дамыту және танымдық қабілеттерін қолдау, сондай-ақ бейімделген физикалық терапия жүргізу.

«Теңізшевройл» әлеуметтік жауапкершілігі мол компания ретінде біздің қызметкерлер мен олардың отбасылары тұратын Жылыой ауданының әлеуметтік дамуына тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Біз болашақ ұрпақты дамытуға және барлығына сапалы білім алуда тең жағдай жасауға ерекше көңіл бөлеміз. Бүгін мен балаларымыздың білім алуына зор мәні бар жобаның ашылу рәсіміне қатысқаныма қуанып отырмын. Бұл жоба Кұлсарыда жарқын нәтижелерге жетіп, балаларымыздың дамуына өз үлесін қосады деп үміт етемін», – деп атап өтті «Теңізшевройл» компаниясы Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Нұрмұхамед Қартабаев.

Жалпы жоба аясында Құлсары қаласының 5 мектебінде (№16, №8, №7, №18 және №21) инклюзивті сыныптар және емдік дене шынықтыру кабинеттерін ашу көзделген. Бұл бастама ерекше білімді қажет ететін 158 балаға қолдау көрсетеді және тек техникалық жабдықтауды ғана емес, сонымен бірге жыл бойы әдістемелік сүйемелдеуді және педагогтарды оқытуды көздейді, оған жеке бағдарламаларды әзірлеу, біліктілікті арттыру және мамандарға тұрақты кеңес беру кіреді. Әр серіктес жобаға тең көлемде 75 млн теңгеден астам қаржы бөлді.