Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.
ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

CHESM процесі әр тарабының мiндеттерiн нақты белгiлейдi, мердігер компаниялармен тиімді өзара әрекеттесуді және мердігер компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында CHESM бағдарлама талаптарының дәйекті орындауды қамтамасыз етеді.
CHESM процесінің талаптары және оны құрайтын іс-шаралар ТШО-ның мердігер компаниялардан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қандай нәтижелер күтетінін анықтайды, сондай-ақ, мердігер компаниялардың осы талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерге және технологиялық процестерге қауіп тудыруы мүмкін жұмыстарды орындайтын мердігер компаниялар өз компанияларындағы ЕҚ/ЕҚОҚ басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сонымен қатар ТШО нысандарында кез келген жұмысты бастамас бұрын тиісті қорғаныш құралдарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуге бағытталған CHESM процесі бойынша тексеруден өтуі тиіс.
ТШО өз жұмысында екі негізгі қағиданы басшылыққа алады: жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем орындамаңыз және оны дұрыс орындауға әрдайым уақыт бар. ТШО мен серіктес компаниялардың әр қызметкері жұмысты қауіпсіз бастауды қаматамасыз етуге Жауап береді, сонымен қатар қауіпті мінез-құлық немесе соған негіз болған жағдайда кез-келген жұмысты уақытша тоқтатуға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. ТШО жұмысының қауіпсіз әдістерін басқару жөніндегі топ басқа командалармен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы басшылық қағидаттары мен рәсімдерді (ЕҚ) тұрақты енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) мұнай-газ саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, халықаралық инвесторлардың, операторлардың, мұнай сервистік ұйымдардың және сала сарапшыларының басын қосқан KazDrilling: Upstream of Kazakhstan 2026 III жыл сайынғы конференциясына қатысты.
Пленарлық сессияда сөз сөйлеген ТШО Бас директоры Уильям Лакоби мұнай-газ саласының болашақтағы бәсекеге қабілеттілігі тек озық технологиялар мен өндірістік тиімділікке ғана емес, сонымен қатар жергілікті компанияларды дамытуға, елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға және қазақстандық мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты екенін атап өтті.
«Біз бұрғылау саласындағы қазақстандық қамтуды дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстың нақты нәтижелерін көріп отырмыз. Химиялық өнімдерді жергіліктендіру, отандық өндірушілермен ынтымақтастықты кеңейту және олардың жоғары технологиялық қызметтер көрсетуге табысты біліктіліктен өтуі Қазақстанның өнеркәсіптік секторының әлеуеті артып келе жатқанын және оның мұнай-газ саласының жоғары талаптарына сай екенін көрсетеді», – деді Уильям Лакоби.
Компания құрылғаннан бері қазақстандық жеткізушілерден сатып алынған тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемі 52,6 миллиард АҚШ долларына жетті. Тек 2025 жылдың өзінде отандық жеткізушілерден шамамен 1,8 миллиард АҚШ долларына тауарлар мен қызметтер сатып алынды. Нәтижесінде жергілікті өндірушілерден сатып алынатын өнім көлемінің ұлғаюы есебінен қазақстандық қамту үлесі 71 пайызға жетті.
Тауарлар санатында да айтарлықтай ілгерілеу байқалды. Егер 2024 жылы бұл санаттағы қазақстандық қамтудың нақты үлесі 7 пайызды құраса, 2025 жылы көрсеткіш 15 пайызға дейін өсті.
Компанияның стратегиялық бизнес-серіктестеріндегі персоналды қазақстандық мамандармен қамту деңгейі басшылық лауазымдарды қоса алғанда 95 пайыздан асады. Жұмыс орындарын құрумен қатар, олар инженерлердің, ғалымдардың және техникалық мамандардың кәсіби дамуына бағытталған бастамаларды, білім беру бағдарламаларын, тағылымдамаларды және жоғары оқу орындарын қолдау арқылы адами капиталды дамытуға инвестиция салуда.
«Біз қазақстандық қамтуды ел болашағына салынған инвестиция ретінде қарастырамыз. Жергілікті компанияларды дамыту ұзақ мерзімді әрі жүйелі тәсілді талап етеді. Сондықтан біз олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жеткізу тізбегіндегі қатысуын кеңейтуге бағытталған бастамаларды дәйекті түрде жүзеге асырып келеміз», – деп атап өтті Уильям Лакоби.
Конференция аясында ТШО мамандары техникалық сессияларға да қатысып, бұрғылау, өнімдер мен қызметтерді жергіліктендіру, сондай-ақ қазақстандық жеткізушілердің әлеуетін дамыту бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. 78b6d043-4130-45dd-bdf9-0a754726aec0.jpg?sfvrsn=b9e1cd5c_5)