Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.
ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

CHESM процесі әр тарабының мiндеттерiн нақты белгiлейдi, мердігер компаниялармен тиімді өзара әрекеттесуді және мердігер компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында CHESM бағдарлама талаптарының дәйекті орындауды қамтамасыз етеді.
CHESM процесінің талаптары және оны құрайтын іс-шаралар ТШО-ның мердігер компаниялардан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қандай нәтижелер күтетінін анықтайды, сондай-ақ, мердігер компаниялардың осы талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерге және технологиялық процестерге қауіп тудыруы мүмкін жұмыстарды орындайтын мердігер компаниялар өз компанияларындағы ЕҚ/ЕҚОҚ басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сонымен қатар ТШО нысандарында кез келген жұмысты бастамас бұрын тиісті қорғаныш құралдарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуге бағытталған CHESM процесі бойынша тексеруден өтуі тиіс.
ТШО өз жұмысында екі негізгі қағиданы басшылыққа алады: жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем орындамаңыз және оны дұрыс орындауға әрдайым уақыт бар. ТШО мен серіктес компаниялардың әр қызметкері жұмысты қауіпсіз бастауды қаматамасыз етуге Жауап береді, сонымен қатар қауіпті мінез-құлық немесе соған негіз болған жағдайда кез-келген жұмысты уақытша тоқтатуға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. ТШО жұмысының қауіпсіз әдістерін басқару жөніндегі топ басқа командалармен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы басшылық қағидаттары мен рәсімдерді (ЕҚ) тұрақты енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
Компания мамандары өндірістік процестерге жасанды интеллектіні енгізу жолдарын, болашақ өнеркәсіпке арналған цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағыттарын таныстырды.
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы бизнес өкілдерін, мемлекеттік органдарды, инвесторларды, стартап қауымдастықтарын және әлемнің жетекші сарапшыларын біріктірген AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумына қатысты. Форум — Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық алаң. Биылғы іс-шара жасанды интеллекті, цифрлық экономиканы және технологиялық кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналды. Ұйымдастырушылардың мәліметіне сәйкес биыл форумға 20 мыңнан астам адам мен 100-ден астам технологиялық компания қатысты.
.jpg?sfvrsn=cdd7cd5c_5)
Форум барысында ТШО өкілдері өндірістік қызметтің қауіпсіздігін, сенімділігі мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні қолдану тәжірибесін бөлісті.
ТШО-ның өндірістік бақылау бойынша кеңесшісі Дияз Еспаев жабдыққа болжам негізінде техникалық күтім жасау үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану әдісі туралы баяндады.
«Жасанды интеллект бізге өндірістік деректің ауқымды көлемін талдап, жабдық жұмысындағы өзгерістерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Соның арқасында компания инженерлері ықтимал ақауларды олар туындамай тұрып болжай алады. Бұл өндірістік процестердің сенімділігін арттыруға және активтерді тиімді пайдалануға ықпал етеді», – деп атап өтті Дияз Еспаев.

Сарапшыларға арналған басқа алаңда ТШО-ның өндірістегі ақпарат технологиялары менеджері Алпамыс Шұртабаев Industry 5.0 технологиялары мен жасанды интеллектіні кең ауқымда енгізудің негізі ретінде өнеркәсіптік цифрлық инфрақұрылымды дамытуға қатысты компанияның ұстанымын түсіндірді.
«Жасанды интеллектті тиімді қолдану үшін технологиялар ғана емес, сенімді цифрлық инфрақұрылым болғаны да маңызды. Өндірістік деректер, жүйелер мен жабдықтар ақпаратты қауіпсіз тарататын, есептеу мүмкіндіктерін беретін және цифрлық шешімдерді нақты өндірістік процестерге енгізетін біртұтас экожүйе ретінде жұмыс істеуі тиіс», – деп атап өтті спикер.

Қазір ТШО өндірістік және бизнес-процестерге заманауи технологияларды енгізу арқылы цифрлық трансформация бағытын жүйелі түрде дамытып келеді. Цифрлық шешімдер активтерді басқару процесін жетілдіруге, жабдықтардың сенімділігін арттыруға, дерекке сүйенетін шешім қабылдауға және өндіріс қауіпсіздігін одан әрі күшейтуге қосымша мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.
AI & Digital Bridge 2026 форумы технологиялық қауымдастық өкілдерімен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы цифрлық трансформацияның нақты нәтижелерін көрсетуге тағы бір мүмкіндік берді.