5 қазанда Теңізде өндірістік сенімділік пен тиімділік мәселелеріне арналған көшпелі Operations Reliability & Performance Review техникалық жиыны өтті. Оған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ірі жобалар департаментінің директоры Жандос Жылқайдаров, Chevron Eurasia вице-президенті Дилан Морган және ТШО басшылығы қатысты.
Кездесуде өндірістік көрсеткіштер, өндіріс тиімділігі, техникалық қызмет көрсетудің басым бағыттары, сондай-ақ Теңіздегі өндірістік қызметтің қауіпсіздігі мен сенімділігін одан әрі арттыру мүмкіндіктері талқыланды.
f0a6ab52577266428434ff0000af314c.jpg?sfvrsn=58d4cd5c_7)
Техникалық сессиялар барысында ТШО Теңіздегі өндірістік нысандардың қауіпсіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған қолданыстағы бастамалар мен тәсілдерді таныстырды.
.jpg?sfvrsn=59d4cd5c_7)
Қатысушылар сондай-ақ алдағы уақытта назар аударуды және жетілдіруді қажет ететін бағыттар бойынша техникалық пікір алмасты.
.jpg?sfvrsn=5ad4cd5c_7)
Кездесу қорытындысында тараптар Теңіздегі қауіпсіз, сенімді әрі тиімді өндірістік қызметті қамтамасыз ету үшін техникалық ынтымақтастықты жалғастырудың, инновациялық шешімдерді енгізудің және үздіксіз жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.