Өнімдеріміз

«Теңізшевройл» ЖШС шикі мұнаймен қатар, табиғи газ, күкірт және сұйытылған көмірсутек газды (СКГ) да өндіреді.

Сұйытылған көмірсутек газ (СКГ)

  • ТШО СКГ-ды алдын ала біліктілігін тексеруден өткен тұтынушыларға ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша көтерме сауда нарығына сатуға көбірек көңіл бөледі.
  • ТШО көтерме спот нарығына тек «қажет болған жағдайда» қосымша өнім көлемі қолжетімді болған кезде алдын ала біліктіліктен өткен тұтынушыларға сатады.
  • ТШО бөлшектеп сату нарығында жұмыс істемейді.
products1

01

Тұтынушылар

02

Нарықтар

03

Бағалар

04

Ықтимал тапсырыс берушінің алдын ала біліктілігін тексеру талаптары

01

Тұтынушылар

ТШО ұзақ мерзімді, әртараптандырылған және білікті тапсырыс берушілер базасын құрды, бұл өз кезегінде мерзімді сатып алу келісім-шарттары бойынша сенімді өнім сатылымын қамтамасыз етеді.

02

Нарықтар

ТШО сұйытылған көмірсутекті газды Қазақстанға және экспорттық нарықтарға теміржол және теңіз арқылы жеткізіп сатады. Экспортқа сату ТШО-ның алдын ала біліктілікті тексеруден өткен тұтынушыларға Incoterms 2000 стандарты негізінде әдетте «шекараға дейін жеткізу» (DAF), «тасымал ақысы төленген» (CPT) және «межелі жерге дейін жеткізу (DAP), франко-борт (FOB) шарттары бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстандық нарық

ТШО сұйытылған көмірсутекті газды Қазақстан ішінде сатады. Сату ай сайынғы ұсыныстар сұранысы (тендер процесі) арқылы жүзеге асырылады. ТШО өнімнің қоршаған ортаға зиянсыздығына қатысты өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін СКГ-ды қазақстандық тапсырыс берушілердің түпкілікті тұтынушыларына дейін жеткізеді. ТШО тендеріне ТШО-ның алдын ала біліктілікті тексеру критерийлеріне сәйкес келетін барлық тапсырыс берушілер қатыса алады.

ТШО тендерін өткізу талаптары келесілерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

  • Бұрынғы жеткізілімдер және келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау
  • Әр өнім сорты бойынша тендерлік баға
  • Мөлшері – тендерлік талаптар шегінде болуы және тек Қазақстан аумағында ғана тұтынылуы тиіс

Экспортқа сату

ТШО-ның СКГ сату әдістері:

  • ТМД елдерімен шектесетін еуропалық аймақтарға темір жол тасымалы арқылы жеткізу
  • Қара теңіз және Жерорта теңізі аймағы елдеріне (Қара теңіз терминалынан) кемемен жеткізу

Темір жол тасымалы: ТШО барлық өнімді қауіпсіз және сенімді тасымалдау мақсатында СКГ теміржол цистерналар паркін жалға алады. ТШО Құлсары қаласынан түпкілікті бағыттарға дейін тасымалдау үшін экспедиторлық қызмет көрсету компаниялары арқылы теміржол жоспарларын алады.

Кемемен тасымалдау: Мерзімді сатып алушылар СКГ-ды әдетте өздеріне тиесілі немесе жалданған кемелермен тасымалдайды.  Кемелер ТШО және жүк тиелетін теңіз терминалы талаптарына сай болуы керек. Дереу жеткізу арқылы сатуды жүзеге асыратын тұтынушылардың көпшілігі өздерінің кемелерін немесе жалдамалы кемелерді пайдаланады.

03

Бағалар

ТШО сұйытылған көмірсутектң газды «Argus», әлемдік алдыңғы қатардағы баға белгілеуші және энергетика саласындағы деректерді жеткізуші, жариялаған СКГ баға белгіленімін пайдалана отырып, нарықтық бағамен сатады. СКГ бағасын келісу кезінде ТШО әрбір сату нарығындағы бәсекелестік ортаны ескереді.

04

Ықтимал тапсырыс берушінің алдын ала біліктілігін тексеру талаптары

ТШО барлық ықтимал тұтынушыларды коммерциялық, қаржылық, логистикалық және техникалық тұрғыдан бағалайды. Барлық ықтимал тұтынушылар ТШО-ның іскерлікті тексеру процесіндегі талаптарына сай болуы керек. ТШО сатып алушылармен коммерциялық іскерлік қарым-қатынас орнатуға басымдық береді. Барлық ықтимал тұтынушылар ұйымдастырушылық қабілетін көрсетуі және келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • СКГ өнімінің қоршаған ортаға зиянсыздығы мен қауіпсіздік талаптарын түсіну және орындау
  • Орташа және ірі СКГ түпкілікті тұтынушысы және, немесе дистрибьюторы
  • СКГ саласында кемінде 3-5 жыл практикалық және жақын арадағы тәжірибесі бар
  • СКГ қабылдау, өңдеу, сақтау және тарату бойынша жұмыстан қауіпсіз және сенімді түрде жүзеге асырылады
  • Меншікті немесе жалға алынған активтер, соның ішінде теміржол цистерналардан жүк түсіру құрылғысы, газ баллондарын толтыру станциялары, автокөліктерге жанармай құю станциялары, теміржол цистерналар, көліктер, теміржол терминалдары, теңіз терминалдары және/немесе СКГ-ды ылғи тұрақты сатып алуды қамтамасыз ететін тиісті нысандар СКГ тиеу, тасымалдау, сату және логистикалық үлкен тәжірибесі бар даярланған қызметкерлердің болуы
  • Егер дистрибьютор болса, әртараптандырылған, тұрақты, ұзақ мерзімді тұтынушылар базасы
  • Соңғы 3 қаржы жылындағы тұрақты қаржылық нәтижелері бар және келісімшарт бойынша сату
  • Көлемін қамтамасыз ету үшін алдын ала төлемдерді жүргізуге немесе кредит хатын ашуға қаржылық мүмкіндігін көрсеткен

СКГ сатып алуға сұранымның қаралуы үшін тапсырылатын құжаттар

  • Ықтимал тұтынушыны коммерциялық тұрғыдан бағалау үшін ТШО барлық ықтимал сатып алушылардан Коммерциялық сауалнаманы толтыруды талап етеді.
  • Бастапқы іскерлігін тексеру үшін ТШО барлық сатып алушылардан Бизнес сауалнамасын толтыруды сұрайды.
  • Сатып алушының жұмыс істейтін нысандары мен тиісті активтерінің алдын ала техникалық біліктілігін тексеру, ТШО қауіпсіздігін бағалау үшін Техникалық сауалнаманы пайдалана отырып, нысандарды аралап өтеді.
  • Несие төлеу қабілеттілігі мен іскерлігін тексеруді жүзеге асыру үшін ТШО сатып алушының компанияны тіркеу құжаттарын, қаржылық есептерді, банк анықтамасын және бағалауды аяқтау үшін қажет деп есептейтін басқа да құжаттарды талап етеді. Қажетті құжаттардың толық тізімін көру үшін Тапсырыс берушінің кредиттік тарихын тексеру тізіміне өтіңіз.

Барлық толтырылған құжаттарды осы мекен-жайына жіберуіңізді сұраймыз: tcolpgt@tengizchevroil.com

Documents-LPG-inquiry

Табиғи газ

ТШО құрғақ газды орташа және ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша өздерінің меншікті нысандарында пайдаланатын тұтынушыларға немесе құрғақ газды бөлшектеп сататын тұтынушыларға жеткізу үшін пайдаланатын тарату құбыржол желісі иелеріне сатуды жөн көреді.

products2

01

Тұтынушылар

02

Ықтимал тұтынушылардың алдын ала біліктілігін тексеру талаптары

01

Тұтынушылар

ТШО құрғақ газды ішкі және экспорттық нарықтағы тұтынушыларға құбыржол желісімен тасымалдау арқылы жеткізеді. Ішкі нарыққа «франко тасымалдаушы» (FCA), ал экспорттық нарыққа «шекараға дейін жеткізу» (DAF) шарттарымен ТШО-ның алдын ала біліктілігін тексеруінен өткен тұтынушыларына сатылады.

Қазақстан нарығында құрғақ газды ТШО Атырау облысында орналасқан жергілікті коммуналдық және өнеркәсіптік тұтынушыларға жеткізеді.

ТШО экспортқа және ішкі нарыққа газ жеткізуді ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты бойынша жалғастыруды жоспарлап отыр. ТШО нарықтағы барлық тұтынушыларға қолжетімділікті сақтауға мән береді, сонымен қатар тұтынушыларды әртараптандыруға тырысады.

02

Ықтимал тұтынушылардың алдын ала біліктілігін тексеру талаптары

ТШО барлық ықтимал тұтынушыларды коммерциялық, қаржылық және техникалық тұрғыдан бағалайды. Барлық ықтимал тұтынушылар ТШО-ның бизнеске шолу процесіндегі талаптарына сай болуы керек. ТШО құрғақ газды өз нысандарында пайдаланатын түпкілікті тұтынушымен немесе бөлшектеп сататын тұтынушыларға жеткізу үшін пайдаланатын меншікті тарату құбыржол желісі иелерімен коммерциялық іскерлік қарым-қатынас орнатуға басымдық танытады. Барлық ықтимал тұтынушылар ТШО тұтынушылары атану үшін ұйымдастырушылық қабілетін көрсетуі керек.

Табиғи газ сатып алуға сұранымның қаралуы үшін тапсырылатын құжаттар

  • Бастапқы бизнеске шолуды қосу бастау үшін ТШО барлық сатып алушылардан Бизнес сауалнамасын егжей-тегжейлі толтыруды сұрайды.
  • Несие төлеу қабілеттілігі мен іскерлігін тексеруді жүзеге асыру үшін ТШО сатып алушының компанияны тіркеу құжаттарын, қаржылық есептерді, банк анықтамасын және бағалауды аяқтау үшін қажет деп есептейтін басқа да құжаттарды талап етеді. Қажетті құжаттардың толық тізімін көру үшін Тапсырыс берушінің кредиттік тарихын тексеру тізіміне өтіңіз.

Барлық толтырылған құжаттарды осы мекен-жайына жіберуіңізді сұраймыз: mtadmin@tengizchevroil.com

Documents-LPG-inquiry

Күкірт сату стратегиясы

ТШО күкіртінің барлық ықтимал тұтынушыларға және арадағы маркетингті қолдау компанияларына құрылымдық және әділ түрде қарауды қамтамасыз ету үшін ТШО өзінің күкірт сату стратегиясын үздік салалық тәжірибе негізінде әзірледі.

products3

01

Тұтынушылар

02

ТШО келесі басымдықтар негізінде нарықтарға сатады

01

Тұтынушылар

  1. ТШО күкіртті тікелей түпкілікті тұтынушыларға сатуды жөн көреді
  2. ТШО күкіртті арадағы маркетингті қолдау компаниясына келесі шарттар негізінде ғана сатады:
    • Түпкілікті тұтынушының ТШО күкіртін тікелей сатып алу үшін ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және/немесе қаржылық мүмкіндіктері болмаған жағдайда
    • Түпкілікті тұтынушы ТШО күкіртін сатып алу үшін түпкілікті тұтынушы жұмыс істеуге дайын бір маркетингті қолдау компаниясын сұраған жағдайда
    • Біліктілігі, күкірт саудасы бойынша тәжірибесі, күкірт сату саласында дәлелденген табысты жұмыс тәжірибесі, ұйымдастырушылық, логистикалық және/немесе қаржылық мүмкіндіктері негізінде ТШО мен түпкі тұтынушы арасындағы жалғыз арадағы маркетингті қолдау компаниясы ретінде ТШО бекіткен жағдайда
02

ТШО сауда тізбегінің барлық қатысушыларының бизнесті шолуын бағалауға міндетті.

  1. ТШО-дан соңғы тұтынушыға дейін сату тізбегінің барлық қатысушылары үшін талап етілетін іскерлік шолуды орындау үшін сұрауды жүргізетін маркетингтік қолдау компаниясы соңғы пайдаланушыны қоса алғанда, сату тізбегіндегі әрбір компания туралы толық ақпаратты ұсынуы керек.
  2. ТШО келесі басымдықтар негізінде нарыққа сатуды жүзеге асырады:
    • Сұраныс негізінде Қазақстанның түпкі тұтынушылары
    • ТШО мен үшінші тараптың меншігіндегі сұйық күкіртке арналған теміржол цистерналарының сыйымдылығы негізінде ТМД елдеріндегі сұйық күкірттің түпкілікті тұтынушыларына
    • Түйіршіктелген күкірт өндіру қуаты немесе түйіршіктелген күкіртті жөнелтуге арналған экспорттық терминалдың қуаты шегінде тұтынатын шетелдік және ТМД елдеріндегі түпкілікті тұтынушылар
    • Теңіз кенішіндегі кесек күкіртті өндіру қуатының шегінде немесе теміржол әлеуетінің шегінде тұтынатын Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі кесек күкірттің түпкілікті тұтынушылары

Қажетті құжаттар

ТШО-ның іскерлікті тексеру талаптарына сәйкес келу үшін ТШО-дан бастап, түпкілікті тұтынушы талап еткен жағдайда, арадағы маркетингтікті қолдау компаниялар арқылы ТШО күкіртін тұтынатын түпкі тұтынушыларға дейінгі бүкіл сатылым тізбегіндегі қатысушыларды білу қажет. ТШО-ның іскерлікті тексеру процесі күкірт сату стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Іскерлікті тексеру процесінің бөлігі ретінде ТШО күкірт сату сауалнамасы және бизнес сауалнама толтырылуы керек.

Барлық толтырылған құжаттарды осы мекен-жайына жіберуіңізді сұраймыз: tcosst@tengizchevroil.com

Documents-LPG-inquiry