ККЖ-ҰЕҚБЖ

Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) ол Теңіз кен орнындағы өндірістік қуаттылықтарды арттыратын тағы бір ірі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ-ның жүзеге асуы Қазақстанға біліктілігі жоғары жергілікті жұмыс күшіy, халықаралық компаниялармен серіктестік арқылы енген технологияларды, өңірдегі жаңартылған инфрақұрылымды мұра ретінде қалдырады, бүгінде ТШО елдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосуды жалғастыруда.

pdf ККЖ-ҰЕҚБЖ

FGP-WPMP-icon

2023-дегі қазақстандық тауарлар мен қызметтерге жұмсалған каржы

Жобадағы қазақстандық қызметкерлерінің саны

Шикі мұнайдың жылдық өндірісінің
артуы

kazakhstani-citizens-employed

ККЖ-ҰЕҚБЖ өндірістік нысандары Қазақстан, Оңтүстік Корея және Италияның алаңдарында жасалған модульдерден құрастырылып салынған.

Әрқайсысы 500-ден 1800 тоннаға дейін тартатын ККЖ-ҰЕҚБЖ модульдері Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда және Италияда жасалып, Ресейдің ішкі су жолы жүйесі (...

Толығырақ
FGP-WPMP

Ersai және KCOI сияқты қазақстандық компаниялар Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында халықаралық стандарттарға сәйкес салынған 75 құрастырмалы модульдік эстакада мен 10 бақылаудың қашықтықтағы блогы құрылысын аяқтап, өздерінің техникалық қуаты мен кәсіби даярлықтарын дәлелдеді. Жұмыстың үдемелі кезінде 126-тан астам кеме жұмыс істеді, оның 40-ы жаңадан салынған немесе осы жоба үшін арнайы өзгертілген болатын. Қазақстандық «КазМорТрансФлот» компаниясы Каспий теңізінде теңіз тасымалын жүзеге асырып отырды. Жалпы алғанда, кемелер Қазақстан мен басқа пункттер арасында 140 000 км астам жүзіп өтті. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының тағы бір мұрасы – Теңіз маңындағы Прорва түбегінде модульдік жүкті қабылдау және одан әрі тасымалдау үшін салынған жаңа Жүк тасымалдау бағыты (ЖТБ). ЖТБ құрамына ұзындығы 71 км құрайтын теңіз кіру арнасы, жүк түсіру және сақтау қондырғылары және кірме жол кіреді.

projects-process1projects-process2

ТШО ККЖ-ҰЕҚБЖ жүзеге асырыла бастағаннан бері қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 13,6 миллиардтан астам АҚШ долларын жұмсады. Жоба бойынша қазақстандықтардың 91%-ға жуығы жұмыс істейді. ТШО қазақстандық компанияларды инжинирингтік, материалдық-техникалық және өндірістік қызмет көрсету үшін тартады. FGP-WPMP жобасына қатысу үшін алдын ала 2350-ден астам қазақстандық компания іріктеліп алынды, 600-ге жуық қазақстандық компаниямен 1250 келісім-шарт жасалды.

projects-process3

2021 жылдың 4 қарашасы ТШО Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының (ККЖ-ҰЕҚБЖ) жаңа өлшеу қондырғысынан қауіпсіз түрде ерте мұнай өндіруге қол жеткізді.  Жаңа өлшеу қондырғысы ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберіндегі мұнай дайындау жүйесінің бөлігі болып табылатын тиісті ұңғыма топтарымен байланысқан төрт қондырғының үшіншісі. Пайдалануға берілген 3 өлшеу қондырғысының бәрі де қазірдің өзінде тәулігіне қосымша 13 000 Тоннадан немесе 100 000 баррельден астам мұнай өндіруде, бұл қолданыстағы өндірістік нысандардың қуаттылығын қолдауға, сондай-ақ мұнай қайтарымын қалпына келтіруге бағытталған. Өлшеу қондырғысын іске қосу қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ Жобалау, құрылыс жұмыстарына және жаңа нысанға қызмет көрсетуге бірқатар қазақстандық компанияларды тартуға мүмкіндік берді.

projects-process4projects-process5

2022 ж. 3 маусым Теңіз кен орнында Біріктірілген өндірісті басқару орталығын (БӨБО) сәттімен іске қосты. Ең заманауи БӨБО-да соңғы үлгідегі цифрлық технологиялар қолданылды және де ол Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібіндегі бірегей нысан болып табылады. Нысан ТШО-ның барлық өндірістік нысандары мен зауыттарын бір орталықтан басқаруға және бірыңғай оперативтік модельге біріктіруге мүмкіндік береді.

OCCC ТШО өндіріс орындарынан 20 км қашықтықта орналасқан. Ол сонымен қатар 2200 шаршы метрді алып жатыр, бұл Теңіз кен орны операторларына оңтайлы шешімдер қабылдау, сенімділікті арттыру және өндіріс өнімділігін оңтайландыру икемділігін табуға көмектеседі. OCCC сияқты әлемдік деңгейдегі нысанның құрылысы мен пайдалануға берілуіне 30-дан астам қазақстандық компания мен 600-ден астам жергілікті қызметкер өз үлесін қосты. Іске қосу жұмыстары кезінде жергілікті жұмысшылар да жан-жақты дайындық пен бірегей тәжірибе арқылы білімдері мен дағдыларын жетілдірді.

2023

Шоқпартоғай ауылында өткен жұртшылық өкілдерімен ақпараттық кездесудің хаттамасы 4 тамыз 2023 ж

2023

Ақкиізтоғай ауылында өткен жұртшылық өкілдерімен ақпараттық кездесудің хаттамасы 3 тамыз 2023 ж

2023

Майкөмген ауылында өткен жұртшылық өкілдерімен ақпараттық кездесудің хаттамасы 3 тамыз 2023 ж

ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының тарихы