ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) үшін анағұрлым басым міндеттердің бірі – қоршаған ортаны қорғау мәселелері. Осыған орай, кәсіпорын өзінің экологиялық көрсеткіштер деңгейін ұдайы арттырып келеді. ТШО-ның экологиялық қызметі әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылады: атмосфералық ауаны қорғау, су ресурстарын тиімді пайдалану, жер қойнауы мен жерді қорғау, қалдықтарды басқару және экологиялық сауаттылықты арттыру. ТШО-ның экологиялық саясатының негізгі қағидаттарына өндірістік операциялар кезінде бөлінетін шығарындыларды кеміту арқылы қоршаған ортаға әсерді барынша азайту, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттыру және экологиялық көрсеткіштерді жақсарту жатады.
Төменде ТШО-ның 2022 жылғы Экологиялық қызметі мен көрсеткіштеріне шолу туралы брошюрасы берілген. Сондай-ақ, жергілікті флора мен фауна туралы хабардар болу деңгейін көтеру үшін ТШО қызметін атқаратын аймақтағы флора мен фаунаның алуан түрлілігін көрсететін үш тілде бірінші суретті Анықтамалық жасалды, оны төмендегі сілтемеден таба аласыз.

popup14
block1-1

Газды алауда жағуды азайту

Rational-Water-Use

Су ресурстарын тиімді пайдалану

block1-3

Қалдықтарды басқару

block1-4

Биоәртүрлілік

Газды алауда жағуды азайту

Газды алауда жағу жаңа жабдықты іске қосу, техникалық қызмет көрсету немесе жабдықты тоқтату кезінде персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және стратегиялық нысандарды қорғау үшін жүзеге асырылады; жабдықтың зауыттың технологиялық регламентіне сәйкес жұмыс істейтінін көрсетеді. Технологиялық процестер мен жабдықтарды жаңғырту арқылы ТШО Кешенді Технологиялық Желілер (КТЖ) мен Екінші Буын (ЕБЗ) зауыттарының сенімділігін арттырды. Бұл шаралар аталған зауыттардың Қазақстандағы тиімділігі жоғары және қауіпсіз өндірістік нысандар болып қала беруіне себептігін тигізуде. 2009 жылдан бері ТШО ілеспе газды алау қондырғыларында үздіксіз жағуды тоқтатты және өндірілген газдың 99%-ын экспорт арқылы сатуда немесе кәсіпорынның өз қажеттіліктеріне пайдаланады.

Су ресурстарын тиімді пайдалану

ТШО әлеуметтік, табиғи және экономикалық ресурстың негізі болып табылатын суды тиімді пайдалана отырып, тұщы судың жоғары құндылығын жақсы түсінеді. Халық саны мен өнеркәсіптің кеңеюіне байланысты суға сұраныс артқандықтан, магистралды су құбырынан су алу көлемі шектелуде. ТШО-ның мақсаты – Келешек Кеңею Жобасы – Ұңғы Ернеуіндегі Қысымды Басқару Жобасына (ККЖ-ҰЕҚБЖ) Байланысты қызметкерлер санының өсуіне және өндірістік қуаттардың ұлғаюына қарамастан, магистралды құбырынан су алу көлемін арттырмау. 2013-2016 жылдар аралығында сарқын суларды басқару мен тұщы су ресурстарын сақтауға бағытталған кәріз тазарту қондырғылары (КТҚ) және суды қайта пайдалану (СҚП) қондырғысы іске қосылды. ҚП қондырғысы ТШО-ның су ресурстарын үнемді пайдалану жөніндегі кешенді бағдарламасының негізгі бөлігі болып табылады. СҚП қондырғысында кері осмос әдісімен КТҚ-да тазартылған сарқын суларды қайталама тазарту жүргізіледі. СҚП қондырғысында кері осмос әдісімен КТҚ-да тазартылған сарқын суларды қайталама тазарту жүргізіледі. Тазартылған су ТШО-ның өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланылады. ТШО суды үнемдеу мәдениетін насихаттау мақсатында су ресурстарын сақтау бағытындағы науқандарын тұрақты түрде өткізіп тұрады. 2022 жылы ТШО нысандарында тұщы суды үнемдеу және сарқын суларды басқару бастамаларын қолдау шеңберінде судың 49% қайта пайдаланылды.

Rational-Water-Use

Қалдықтарды басқару

Қалдықтарды қауіпсіз басқару – ТШО қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі. Кәсіпорынның қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесі 3R (Reduce, Reuse, Recycle) қағидатына негізделеді: қалдықтардың пайда болу көлемін барынша азайту, сондай-ақ оларды қайта пайдалану және қайта өңдеу. Қалдықтарды басқарудың бұл тәжірибесі қалдықтарға «екінші өмір» беруге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның қалдықтарды қайта пайдалану және қайта өңдеуді дамытудағы талпынысын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда қалдықтардың 63%-дан астамы қайта өңдеу мен кәдеге жаратуға жіберіледі. Заңнаманың жаңартылған талаптарына сәйкес болу мақсатында кәсіпорын 2021 жылы құрылыс, демонтаж және тамақ қалдықтарын жинау, шығару, қайта өңдеу бойынша келісімшарттар жасады: Тамақ қалдықтары термомеханикалық өңдеуден өтіп, тыңайтқыш өнім мен техникалық су алынады; құрылыс және демонтаж қалдықтары құрамдас бөліктерге сұрыпталады және олардан қайта өңделетін қайталама материалдар бөліп шығарылады. Қалдықтарды басқару процесінде негізгі орынды Теңіз Эко Орталығы (ТЭО) алады. Бұл нысан ТШО және оның өндірістік нысандарында жұмыс атқаратын бизнес-серіктестердің қызметі нәтижесінде пайда болған қатты қалдықтарды уақытша сақтау, залалсыздандыру, қайта өңдеу және орналастыру үшін пайдалануға енгізілді. ТШО Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Жасыл қағидаттарды қолдау үшін қалдықтарды басқару бойынша бұдан да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге талпынады. Осылайша кәсіпорын ҚР нормативтік талаптары мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

popup-3

Биоәртүрлілік

Батыс Қазақстан экожүйесінің алуан түрлілігі экологиялық, рекреациялық, мәдени және эстетикалық құндылықты қамтамасыз етеді және тұрақты дамуда маңызды рөл атқарады. Тарғақтардың көбеюіне жағдай жасап, оны сақтауға бағытталған жобаны қолдау Халықаралық құстарды қорғау одағы (ХҚҚО) тарғақты құрып кету қаупі төнген құстардың тізіміне енгізген және де бұл құс даладағы ашық жайылымдарда көбейеді. 2022 жылы ТШО Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығына (ҚБСҚ) қаржылық қолдау көрсетті. Спутниктік бақылауды қамтамасыз ету және далалық зерттеулер жүргізу арқылы жер жырту салдарынан қауіп төніп тұрған тарғақ ұяларын қорғау бойынша фермерлермен бірлесе жұмыс істеуге бағытталған үш жылдық бағдарлама жүзеге асырыла бастады. Сонымен қатар ТШО құстардың көбеюі кезінде ұяларды қорғау бағдарламасын жүзеге асырады. Ұя салуды басқару жоспарларын жүзеге асырудың және дер кезінде әрекет етудің арқасында анықталған ұялардың 60%-ы белсенді болды және ұя салу балапандардың шығуымен аяқталды. Бекіре өсіру зауытын қолдау. ТШО бекіре балықтар санын көбейту мақсатында Жайық - Атырау бекіре өсіру зауытына қолдау көрсету арқылы теңіз биоалуантүрлілігін сақтау жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты – жабайы ортадан ауланатын ересек дарақтардың санын жыл сайын азайту және теңізге қайта жіберілетін аналықтардың санын арттыру. Аталған міндет төмендегі шараларды қолдау есебінен жүзеге асады: аналықтар мен шабақтарды сапалы жеммен қамтамасыз ету, оттегімен қанықтыру үшін аэраторларды, ал шаруашылық тоғандарының сыртқы түбін тереңдету жұмыстарына экскаватор сыйға тарту.  ТШО тұйық су жүйесімен қамтамасыз етілген бассейндерге арналған қысқы және жазғы су салқындатқыштарын сатып алды. Осындай шаралар нәтижесінде Жайық-Атырау бекіре өсіру Зауытында бекіре Тұқымдас аналықтардың салмағы артты. Тасталған торларды жинау жобасы. Жоба құрып кету қаупі төнген Каспий итбалығы және бекіре тұқымдас балықтардың популяциясын қорғауға және олардың өсуіне жәрдемдесуге бағытталған. 2022 жылы шамамен 3 000 кг тасталған торлар мен 1800 кг теңіз қоқыстары жиналды. 2014 жылдан бастап Каспий теңізінен 878 тасталған балық аулау торлары (23 500 кг) және 11 000 кг-нан астам теңіз қоқысы алынды.

Экологиялық мониторинг

ТШО өз қызметінің аумағында үздіксіз экологиялық мониторингтің кешенді жүйесін жүзеге асырады. Экологиялық мониторинг қоршаған ортаға әсерді уақтылы анықтау және оны азайтуға бағытталған шараларды әзірлеу мақсатында атмосфералық ауа, су және топырақ сынамаларын алуды және оларды шекті рұқсат етілген және фондық концентрациялардың белгіленген мәндердің сәйкестігіне талдауды қамтиды.
Экологиялық деректердің сапасын қамтамасыз ету үшін 2016 жылы ТШО-да әлемдік стандарттарға сай келетін жаңа технологиялар мен жабдықтар қолданылатын экологиялық зертхана сертификаттаудан өтіп, пайдалануға берілді.

Environmental-Monitoring
Atmospheric-monitoring

Атмосфералық ауа мониторингі

card-2.

Жер асты суларының мониторингі

card-3

Сарқын сулардың мониторингі

card-4

Топырақ мониторингі

Атмосфералық ауа мониторингі

Атмосфералық ауа сапасы қоршаған ортаны қорғауда маңызды рөл атқарады, ал ауа мониторингі Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Атмосфералық ауа мониторингінің нәтижелері ағымдағы әсерді дұрыс бағалауға және қажет болған жағдайда атмосфералық ауаға түсетін жүктемені жеңілдету жөнінде алдын алу шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді. ТШО өзінің қызмет ету аумағында және санитарлық қорғау аймағында (СҚА), сондай-ақ қызметкерлер тұратын жерлерде және Жаңа Қаратон ауылында атмосфералық ауа мониторингінің бірнеше түрін

Жүзеге асырады:

  • Алау қондырғысы астындағы мониторинг
  • СҚА шекарасындағы атмосфералық ауа мониторингі
  • Шығарындылар көздеріндегі мониторинг
  • Қызметкерлер тұратын жерлерде және Жаңа Қаратон ауылында атмосфералық ауа сапасын бақылау
  •  

    Қызмет аумағында және СҚА шекарасында қоршаған ортаны бақылайтын 12 автоматтандырылған стационарлық қоршаған ортаны бақылау станциясы (ҚОБС) орналасқан. ҚОБС ауадағы күкіртсутектің (H2S), көміртегі тотығының (СО), азот тотықтарының (NO, NO2), метанның (СН4), күкірт қостотығының (SO2) құрамын анықтауға арналған заманауи газ талдау жүйелерімен жабдықталған. Әрбір ҚОБС толық автоматты режимде тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді.

    Атырау облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде, ТШО 2021 жылдан бастап төрт ҚОБС-тан атмосфералық ауаның сапасы бойынша деректерді онлайн режимінде беруді қамтамасыз етеді.

    Күкіртсутектің (H2S), күкірт қостотығының (SO2), көміртегі тотығының (CO), азот тотықтарының (NO, NO2), метанның (СН4) концентрациялары мен метеорологиялық көрсеткіштер орташаланып, 30 минут сайын Қазгидромет РМК-ға онлайн режимде беріледі. Теңіз мұнай кен орнындағы ауа сапасы туралы деректер «AirKz» мобильді қолданбасы және атмосфералық ауа сапасының интерактивті картасы арқылы халыққа қолжетімді.

Жер асты суларының мониторингі

Сынамалар Теңіз және Королев кен орындарындағы өнеркәсіптік нысандардың қасында орналасқан 125 бақылау ұңғымасынан, сондай-ақ өндірістік нысандардан қашықтықта орнатылған 11 фондық ұңғымадан алынады. 2022 жылы ТШО сынама алу сенімділігін арттыруға бағытталған Қолданыстағы жер асты суларының мониторинг желісін жаңғырту жобасын аяқтады. Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған жер асты суларының мониторингі желісі ККЖ-ҰЕҚБЖ объектілерінде бақылау жүргізу үшін 7 гидромониторлау ұңғымасына кеңейтілді.

Сарқын сулардың мониторингі

ТШО белгіленген төгінділер лимиттеріне сәйкестікті қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде сарқын суларға мониторинг жүргізеді. Сарқын сулар буландырғыш тоғандарға және айдау ұңғымаларына айдау алдында тазарту қондырғыларында бақыланады. Сынамалар алу мерзімі бекітілген бағдарламаға және аналитикалық бақылау кестелеріне сәйкес келеді.

Топырақ мониторингі

Өндірістік нысандар аумағындағы топырақ жағдайын бақылауды қамтамасыз ету үшін ТШО-да 55-тен астам сынама алу нүктелері бар. Сынамалар алуға арналған алаңдар ТШО өндірістік нысандар аумағының шегінде орналасқан. Топырақ сынамаларын талдау ҚР заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханаларда бекітілген әдістер бойынша жүргізіледі.

Жасыл аумақтарды абаттандыру және күтіп ұстау

2020-2021 жылдары аумағы 3 гектар жел телімін көгалдандыру жұмыстары жүргізілді:  2400 астам ағаш көшеттері отырғызылды.      •  Аумағы 1 га 1-ші телі...

Толығырақ

Жасыл аумақтарды абаттандыру және күтіп ұстау

2020-2021 жылдары аумағы 3 гектар жел телімін көгалдандыру жұмыстары жүргізілді:

2400 астам ағаш көшеттері отырғызылды.

  • Аумағы 1 га 1-ші телім Атырау-Доссор орталық автомобиль жолының бойында, Атырау қаласына кіреберісте Геолог ауылындағы емхана алдында.
  • Көшеттер 2020 ж. күзінде отырғызылды, суару - 2021 ж. суару мерзімі бойы жүргізілді
  • Телім Атырау қаласының әкімшілігіне 2021 жылдың күзінде акт бойынша тапсырылды
  • Аумағы 1 га 2-ші телім Самал ықшам ауданында орналасқан
  • Көшеттер 2021 жылдың көктемінде отырғызылды, суару - 2021 ж. суару мерзімі бойы жүргізілді
  • Телім Атырау қаласының әкімшілігіне 2021 жылдың күзінде акт бойынша тапсырылды
  • Аумағы 1 га 3-ші телім де Самал ықшам ауданында орналасқан, көшеттер 2021 жылдың күзінде отырғызылды. Суару 2022 жылдың суару мерзімінде жүргізіледі, әрі қарай Атырау қаласының әкімшілігіне 2022 жылдың күзінде тапсырылатын болады.

2022 жылы Самал ықшам ауданында тағы 2 га жерге көшет отырғызу жоспарланып отыр.

Сондай ақ, ТШО мен Атырау облысының әкімшілігі арасында Меморандум жасалды, оның аясында төмендегі іс-шаралар жоспарланып отыр:

6 жыл (2021-2027жж.) бойы жыл сайын жарамды жерлерге ағаш отырғызуға қаржы бөлу:

  • Атырау қаласының жерлеріне ағаш отырғызу (594 га)
  • Құлсары қаласында көшет отырғызу (50 га)
  • Көшеттерді отырғызатын және оларға күтім жасайтын мердігерлік ұйымды таңдау жөніндегі техникалық талаптар әзірленді.

ТШО Құлсарыда 9000 ағаш отырғызуды бастап, 15 гектар жерге жұмысты бастап кетті.

Environmental-Monitoring

Әлеуметтік инвестиция

«Теңізшевройл» ЖШС-ның (ТШО) әлеуметтік бастамалары Атырау облысының әрбір тұрғыны мен қоғамдастығының шексіз әлеуетін ынталандыруға және ашуға бағытталған. ТШО денсаулық сақтау, білім беру және экономикалық даму жүйелерінің қолжетімділігі мен жетілдірілуін қамтамасыз ете отырып, адамдар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге ұмтылады.

motivation_img

«Игілік» бағдарламасы Атырау облысындағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының (балабақшалар, мектептер, спорт ғимараттары, саябақтар және т.б.) құрылысына бағытталған.

Жалпы қоры 50 млн АҚШ долларын құрайтын «Атырау Бонус Қоры»(1993-1998) әлеуметтік бағдарламасы аяқталғаннан кейін, 1999 жылы жаңартылған ерікті «Игілік»әлеуметтік-инфрақұрылымдық даму бағдарламасы басталды. Бағдарламаның 2013 жылдан бастап жылдық бюджеті 25 млн АҚШ долларын құрады.

SGI

ТШО мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашты

«Игілік»Атырау облысының инфрақұрылымдық дамуына қуатты серпін берді. Облыс орталығы мен Жылыой ауданын көркейткен жаңа, заманауи ғимараттар, көпфункционалды медициналық клиникалар мен орталықтар, жақсы жабдықталған мектептер мен басқа да оқу орындары пайда болды. Бағдарламақоры сумен жабдықтау және электр желілері жүйелерін жаңғыртуға, қала ішілік шағын аудандар мен ауылдық елді мекендердің көптен күткен газбен қамтылуына мүмкіндік берді.

«Игілік» бағдарламасы арқылы жүзеге асатын жобалар туралы шешім Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп қабылданады. Басты критерийлер: тұрақтылық, жергілікті тұрғындардың аса маңызды қажеттіліктеріне бағытталу, тұрғындардың басым бөлігіне пайда әкелу, ең бастысы – жобалар Атырау облысы тұрғындарының әлеуетін ашуға мүмкіндіктер туғызуы тиіс.

«Игілік» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылы төмендегі нысандар құрылысы жүзеге асуда:

Central-Hospital-Kulsary
Құлсары қаласындағы орталық аурухана
Central-Stadium-Kulsary
Құлсары қаласында Орталық стадион
Kindergarten-Koktem-Atyrau
Атырау қаласы, Көктем ықшам ауданындағы балабақша
Kindergarten-Zhuldyz-Atyrau
Атырау қаласы, Көктем ықшам ауданындағы балабақша
construction-school-Tushchykudyk
Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылындағы мектептің қосымша ғимараты
Construction-school-Zhumabayev-Atyrau
Атырау қаласындағы Жұмабаев атындағы мектеп
 
popup-1.7aaf613

Құлсары қаласындағы орталық аурухана

  • Құрылыс мердігері – «Бекболатовтар Құрылыс Компаниясы» ЖШС;
  • Құрылыстың басталуы: 2019 жылдың мамыры – 2022 жылдың соңы;
  • Құрылыс алаңы – 8 465 м2;
  • Аурухананың жобасы Атырау облысының құрылыс басқармасымен ТШО-ға жүзеге асыруға берілді және оны «Полиграм» ЖШС жобалау компаниясы әзірледі және 27.09.2019 жылғы №15-0231/19 Мемлекеттік сараптамадан өтті;
  • Үйінділерді айдау үшін қарастырылған, өйткені. жоба жұмыстың бұл түрін қамтымайды;
  • Құрылыс алаңында: 55 орындық 2 қабатты аурухана ғимараты, қабылдау бөлмесі, 10 төсектік балалар бөлімі, 10 төсектік жұқпалы аурулар корпусы, кір жуатын бөлме, 3 автокөлікке арналған гараж, қазандық, қоғамдық тамақтандыру. блок, бақылау-өткізу пункті, трансформаторлық қосалқы станция, дизель генераторы, дезинфекцияға арналған сарай, қайта өңдеу ғимараты, демалыс аймағы, балалар алаңдары (ландшафт аймақтары) және абаттандыру;
  • Негізгі корпус ғимаратына: терапевтік бөлім, реанимация бөлімі, хирургиялық бөлім, травматология, урология, физиологиялық бөлім, патология-гинекология бөлімі;
 
popup-2.72cac96

Құлсары қаласында Орталық стадион

  • Құрылыс мердігер ұйымы ЖШС «ABS Limited»;
  • Құрылыстың басталуы: 2020 жылдың желтоқсаны – 2022 жылдың қазаны
  • Құрылыс алаңы – 4 758,01 м2;
  • Барысы: 97%
  • ЖП «Ешимкулов Н.Т.» жобалау компаниясы мемлекеттен өтті. 2019 жылғы 11 қарашадағы № 15-0269/19 сараптамасы;
  • Техникалық қадағалауды «Шебер» ЖШС жүзеге асырады.
  • Үйінділерді айдау үшін қарастырылған, өйткені. жоба жұмыстың бұл түрін қамтымайды;
  • Тамақтану және бейнебақылау орнатылған қосымша тұрақпен қамтамасыз етілген.
  • Спорт кешеніне: VIP трибунасы бар 3000 орындық трибунасы бар бас стадион, қысқы маусымда жаттығуға арналған ашық стадион және жабық бассейн, асхана, спорт залы, жаттығу залы, билет кассасы және күзет бар. бөлме, трансформаторлық қосалқы станция. Кешен бір мезгілде бірнеше спорт түрінен сабақ өткізуге мүмкіндік береді және күніне 3250 адамға дейін қабылдайды.
 
popup-3.8d1f727

Атырау қаласы, Көктем ықшам ауданындағы балабақша

  • Құрылыс мердігері ЖШС «Диар и Компания»;
  • Құрылыстың басталуы: 2021 жылдың желтоқсаны – 2022 жылдың қыркүйегі
  • Құрылыс алаңы – 1584,0 м2;
  • Барысы: 66%
  • «Эдемстрой» ЖШС жобалау компаниясы мемлекеттен өтті. 2019 жылғы 22 қазандағы № 15-0253/19 сараптама;
  • Техникалық қадағалауды «Даму» ЖШС жүзеге асырады.
  • Шамамен штат саны – 50,2 бірлік.
  • Үйінділерді айдау үшін қарастырылған, өйткені. жоба жұмыстың бұл түрін қамтымайды;
  • Балабақша екі қабатты ғимаратта орналасқан және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған, 7 топ (160 бала) бар. Балабақшаның құрамына: топтық камералар, музыкалық және спорттық іс-шаралар залы, медициналық мекемелер, қызмет көрсету және тұрмыстық үй-жайлар, тамақтандыру бөлімі, кір жуу, қосалқы және техникалық бөлмелер, жуынатын бөлмелер және қызметкерлер бөлмелері кіреді, үй-жайлар қажетті жиһаздармен, жабдықтармен жабдықталған. және күндізгі күтімге қажетті құралдар, балалардың болуы және оқу үдерісі. Балабақшаға кіреді: балабақша ғимараты, ойын алаңдары, спорт алаңы, қазандық, 60м3 шұңқыр, дизель блогы, КТПН, автотұрақ.
 
popup-img

Атырау қаласы, Көктем ықшам ауданындағы балабақша

  • Құрылыс мердігері «Егеменді Құрылыс» ЖШС;
  • Басталуы – 2021 жылдың желтоқсаны;
  • Аяқталу – 2022 жылғы желтоқсан;
  • Құрылыс алаңы – 1590,0 м2;
  • Жер көлемі – 1,0 га.
  • Барысы: 69%
  • «Эдемстрой» ЖШС жобалау компаниясы мемлекеттен өтті. 02.10.2019 ж. No 15-0236/19 сараптама;
  • Техникалық қадағалауды «Барко» ЖШС жүзеге асырады.
  • Үйінділерді айдау үшін қарастырылған, өйткені. жоба жұмыстың бұл түрін қамтымайды;
  • Балабақша екі қабатты ғимаратта орналасқан және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған, 7 топ (160 бала) бар. Балабақшаның құрамына: топтық камералар, музыкалық және спорттық іс-шаралар залы, медициналық мекемелер, қызмет көрсету және тұрмыстық үй-жайлар, тамақтандыру бөлімі, кір жуу, қосалқы және техникалық бөлмелер, жуынатын бөлмелер және қызметкерлер бөлмелері кіреді, үй-жайлар қажетті жиһаздармен, жабдықтармен жабдықталған. және күндізгі күтімге қажетті құралдар, балалардың болуы және оқу үдерісі. Балабақшаға кіреді: балабақша ғимараты, ойын алаңдары, спорт алаңы, қазандық, 60м3 шұңқыр, дизель блогы, КТПН, автотұрақ.
 
popup-img

Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылындағы мектептің қосымша ғимараты

  • Құрылыс мердігері – «Тоныкөк құрылыс» ЖШС
  • Құрылыстың басталуы: 2021 жылдың мамыры – 2022 жылдың соңы;
  • Құрылыс алаңы – 1 929,93 м2;
  • Құрылыс алаңына мыналар кіреді: 3 қабатты ғимарат. Салынып жатқан кеңейтімде: 72 орындық асхана; 108 орындық акт залы; спорт залы; 25 шоты бар 14 сынып.
  • 1-қабатта асхана, спорт залы, екі оқу бөлмесі, гардероб. 2-қабатта акт залы, оқу залы, кітап қоймасы, мұғалімдер бөлмесі және оқу кабинеттері орналасқан. Сыныптар жиһаздармен және орг. стандарттарға сәйкес технология. Мұғалімдер саны 28 адам
 
popup-img

Атырау қаласындағы Жұмабаев атындағы мектеп

  • Құрылыс мердігері «АРСМ» ЖШС;
  • Басталуы – 2022 жылдың наурызы.
  • Аяқталу – 2023 жылдың қыркүйегі.
  • Құрылыс алаңы – 6461,45 м2;
  • Алып жатқан жер аумағы 0,9324 га.
  • Барысы: 11%
  • «A&K-Ali Company» ЖШС жобалау компаниясы 2022 жылғы 22 шілдедегі № OEXP-0002/22 емтиханын тапсырды.
  • Техникалық қадағалауды «Барко» ЖШС жүзеге асырады.
  • Мектеп техникалық жер асты және техникалық қабаты бар 2 қабатты ғимарат. Мектептің жобалық қуаты ауысымына 300 оқушыны құрайды. Кабинеттердің құрамы келесі жылдарға арналған оқу жоспарын ескере отырып, Білім және ғылым министрлігінің бекітуімен қабылданды. Сондай-ақ жобада инклюзивті білім беру, яғни мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға тарту, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуына қол жеткізу мүмкіндігі ескерілген. Кіріктірілген (инклюзивті) білім берудің негізгі мақсаты – дамуында кемістігі бар балалардың танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес тұрғылықты жері бойынша білім алу құқығын жүзеге асыру, олардың әлеуметтік бейімделуі және қоғамға интеграциялануы. Балаңызды тәрбиелеу мен дамытуда отбасының рөлін арттыру. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың мектепке физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін лифт, пандус, арнайы жиһаздар қарастырылған.
  • Ғимаратқа негізгі кіреберіс вестибюль арқылы өтеді, одан студенттердің негізгі қозғалыс жолдары, асханаға, спорт залына, әкімшілік кабинеттеріне, медициналық кабинетке өту жолдары бөлінеді. Оқушылардың сырт киімдері мен жеке заттарын сақтау үшін қабырғалардың бойындағы сауықтыру оқу блоктарында жеке металл шкафтар орнату жоспарлануда.
  • Ғимараттың бірінші қабатында бастауыш сыныптарға арналған оқу блогы, өндірістік үй-жайлар блогы бар мектеп асханасы, спорт залы және 5-9 сыныптарға арналған оқу шеберханаларының блогы орналасқан.
  • Мектептің екінші қабатында жоғары сыныптардың оқу блогы, әдістемелік кабинет, ақпараттық орталық үй-жайлары (кітапханалар), оның ішінде медиа кітапханалар, оқу орындары бар. Оқу залында әдебиеттерді қабылдау және тарату үшін ақпараттық пункт ұйымдастырылған. Кітапхана 20 орындық. Сақтау қоры 10 мың бірлікті құрайды.

“Игілік” жобаларының картасы (жобаны таңдаңыз)

map_us_link
planned

жоспарланған

under-construction

салынуда

finished

аяқталды

30-million-US-dollars
25 (млн. АҚШ доллар)

2023 ж. «Игілік» бағдарламасының бюджеті

Over-100
120-ден астам

«Игілік» бағдарламасы шеңберінде салынған нысандар (мектептер, балабақшалар, спорт ғимараттар және басқалар)

popup-img

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТА-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП

  • Құрылыс мерзімі – 2012-2017 жж.
  • Оқушылар саны – 624
  • Жоспарланған педагогтар саны – 102
popup-img

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТУТҰҒЫР

popup-img

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП

Атырау қаласындағы №4 ықшамауданда №30 орта мектеп құрылысы

  • 2001 жылы пайдалануға берілді
  • Ашылғаннан бергі түлектер саны – 10 мыңнан астам
  • Оқушылар саны – 1200
  • Ашылған жұмыс орны – 150-ден астам
popup-img

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ГИМНАЗИЯ

  • Құрылыс мерзімі – 2014-2016 жж.
  • Оқушылар саны – 320
  • Жоспарланған педагогтар саны – 37
popup-img

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАЛАБАҚША

  • Атырау қаласы (60 жұмыс орны ашылды, балалар саны - 280)
popup-img

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ РЕТРО САЯБАҚ

  • Құрылыс мерзімі – 2015-2017 жж.
  • Құрылыс алаңы – 3,5 га
  • Жасыл желек – 700-ден астам ағаш көшеттер
popup-img

ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕКІ БАЛАБАҚША

  • Құлсары қаласы (балалар саны - 290)
popup-img

ЖАҢА ҚАРАТОН КЕНТІНДЕГІ БАЛАБАҚША

  • Жаңа Қаратон кенті (балалар саны -280)
popup-img

ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНДА АЛТЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ

popup-img

ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНДАҒЫ ТӨРТ БАЛАБАҚША

  • Шоқпартоғай ауылы (43 жұмыс орны ашылды, балалар саны - 160)
  • Ақкиізтоғай ауылы (балалар саны -160)
  • Тұрғызба ауылы (балалар саны -160)
  • Қосшағыл ауылы (балалар саны -160)
popup-img

ДОССОР КЕНТІНДЕГІ БАЛАБАҚША

ccii

ИНДЕРБОР КЕНТІНДЕГІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ

  • Құрылыс мерзімі – 2016-2017 жж.
  • Бір мезгілде 400-ге дейін келушіні қабылдай алады
popup-img

ЕСБОЛ АУЫЛЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ

  • Құрылыс мерзімі – 2016-2017 жж.
  • Бір мезгілде 300-ге дейін келушіні қабылдай алады
popup-img

БӨДЕНЕ АУЫЛЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ

  • Құрылыс мерзімі – 2016-2017 жж.
  • Бір мезгілде 200-ге дейін келушіні қабылдай алады
popup-img

ЫНТЫМАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕП

  • Құрылыс мерзімі – 2016-2017 жж.
  • Оқушылар саны – 120
popup-img

МАХАМБЕТ АУЫЛЫНДАҒЫ БАЛАБАҚША

  • Махамбет ауылы (13 жұмыс орны ашылды, балалар саны - 280)

Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2010 жылы өз жұмысын бастады. Бағдарлама білім беруді, денсаулық сақтауды қолдауға, халықты еріктілер қозғалысы мен экономикалық дамуға бағытталды. Аталған бағдарлама шеңберінде 2010-2021 жылдары жалпы құны шамамен 11,1 млн. АҚШ долларын құрайтын 108 жоба жүзеге асырылды.

2022 жылы бағдарлама бюджеті 2,3 миллион АҚШ долларын құрады. Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) жүзеге асыратын жобалардың бенефициарлары балалар, ересектер, зейнеткерлер, аз қамтылған отбасылар, көп балалы отбасылар, мүгедек балалар және Атырау облысы халқының басқа да көптеген өкілдері болып табылады.

SGI

Қажеттіліктерді бірлесіп бағалау

Қажеттіліктерді бірлесіп бағалаудың (ҚББ) мақсаты– қоғамдастықтың неғұрлым маңызды әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларын немесе қажеттіліктерін анықтау және оларды қалай шешу керектігі туралы идеяларды зерделеу болып табылады.  Тәуелсіз ҚББ-ның зерттеуі негізінде қолдауды қажет ететін салалар анықталады.

  • Бағдарлама Атырау облысы және Маңғыстау облысы Боранқұл ауылының тұрғындарына бағытталған
  • Жобалар бизнес-мақсаттарға және халықтың қажеттіліктерін бірлесіп бағалау нәтижелеріне негізделген
  • Құрамына ТШО-ның түрлі бөлімдерінің өкілдері кіретін әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңес жобаларды ашық түрде іріктейді
  • Гранттар тек коммерциялық емес ұйымдарға беріледі(жеке тұлғалар немесе коммерциялық ұйымдар қарастырылмайды)
Products

Жобаларды таңдау кезеңдері

01

Кезең

ЖОБАЛАРДЫ ІРІКТЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

02

Кезең

ЖОБАЛАРДЫ ІРІКТЕУ КРИТЕРИАЛДАРЫНЫҢ МЫСАЛДАРЫ

01

ЖОБАЛАРДЫ ІРІКТЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

  • Жоба жеке тұлғалар үшін емес
  • Жоба нақты коммерциялық бизнесті қолдамайды
  • Жоба спорттық командаларға демеушілік жасамайды
  • ҮЕҰ әскери, саяси немесе діни ұйым болмауы керек
  • Жоба ӘИБ географиясы шеңберінде жоспарланады - егер бұл жоба ұлттық маңызға ие болмаса
  • Жоба ӘИБ тақырыптарының бірі шеңберінде жоспарланады
  • Бюджет тек сапарларды немесе жарыстарға қатысу ақысын қамтымайды
  • Жобаның көлемі мемлекеттік мекемелер үшін жай операциялық шығынарды өтемейді
  • Жоба «Игілік» бағдарламасы шеңберінде қамтылуы мүмкін инфрақұрылым нысандарын салу үшін жоспарланбайды
  • Жобаның көлемі мен бюджеті тек бір нәрсе сатып алуды білдірмейді
  • Бюджеттің негізгі бөлігі күрделі жөндеу жүргізуге құйылмайды
02

ЖОБАЛАРДЫ ІРІКТЕУ КРИТЕРИАЛДАРЫНЫҢ МЫСАЛДАРЫ

  • Жергілікті тұрғындардың қажеттіліктері мен басымдықтарын қолдау
  • Экономикалық тиімділік
  • Әлеуетті дамыту
  • Тұрақты даму
  • Жобаны бағалауға және бақылауға болады
  • Негіздеу
  • Табысқа жету үшін жоғары әлеуетті көрсету
  • Инновациялық және жобаны қашықтықтан онлайн форматта орындау мүмкіндігі

2023 ж. әлеуметтік жобаларды іріктеу процесі

timeline_arrow
juneМаусым
timeline_arrow
julyШілде
timeline_arrow
augustТамыз
timeline_arrow
septemberҚыркүйек
timeline_arrow
octoberҚазан
timeline_arrow
novemberҚараша
timeline_arrow
decemberЖелтоқсан
timeline_arrow
januaryҚаңтар

Демеушілік және сыйға тарту

ТШО жыл сайын Атырау облысы тұрғындарының игілігіне арналған арнайы сұраныстарды қолдауға қаражат бөледі. 2015 жылдың бірінші жартысында Атырау облыстық кардиологиялық орталығына, Атырау облыстық балалар ауруханасына, сондай-ақ Мақат, Индер, Махамбет...

Толығырақ
SGI

Демеушілік және сыйға тарту

2019 жылы ТШО Атырау қаласы мен Жылыой ауданына «Ankai» маркалы 50 қалалық жолаушылар автобусын сатып алуға демеушілік көмек көрсетті. Сатып алынған автобустар мүмкіндігі шектеулі адамдар мен балаларды арбамен тасымалдау үшін арнайы механикалық пандустармен жабдықталған, барлық техникалық стандарттарға және автокөлікке қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келеді. ТШО пандемия кезінде коронавируспен күреске, халықты қолдауға және Атырау облысына медициналық жабдықтар мен керек-жарақтарды сатып алуға 18 миллион АҚШ долларынан (7,7 миллиард теңге) астам қаржы бөлді. Сонымен қатар, 2021 жылдың желтоқсанында Атырау қаласы мен Атырау облысының 14 ауруханасына жалпы құны 6,2 млн. АҚШ доллары тұратын реанимациялық бөлімшелерге, перинаталдық бөлімшелерге арналған аса маңызды медициналық жабдықтар,атап айтқанда, жаңа туған нәрестелер үшін жоғары санаттағы аппараттар мен өкпені инвазиялық емес әдіспен желдету жүйелері, емделуші мониторлары, КТ аппараттары, хирургиялық құрылғылар, флюрография автокөлегі және т.б. сатып алуға мүмкіндік беретін жоба қолға алынды. Компания облыс интернаттарына да көмек көрсетеді. Атаулы жобаларды жүзеге асырудан басқа, корпоративтік еріктілер қозғалысы шеңберінде ТШО қызметкерлері бастамашылық еткен қайырымдылық акциялары мен бағдарламалары барысында түскен қаражат жетімдер мен өзге де әлеуметтік осал санаттағы балаларды қолдауға бағытталады.

  • #ТШО 30.04.2024
    ТШО еріктілері су тасқыны кезінде Жылыой ауданына гуманитарлық көмек көрсетті

    6 сәуір, түнгі сағат 2-де Құлсарының алғашқы эвакуацияланған тұрғындары, олардың көпшілігі әйелдер, қарттар мен балалар Теңіз кен орны маңындағы вахталық қалашықтарға орналаса бастағанда, Теңізшевройл (ТШО) қызметкерлері бірден еріктілер тобын құрып, гуманитарлық көмек жинауды бастап кетті. 6 сәуір, таңғы сағат 10-ға дейін ТШО мен оның мердігер ұйымдарының қызметкерлері компанияның бас кеңсесінде Жылыой ауданының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинайтыны туралы хабардар болды.

  • #ККЖ-ҰЕҚБЖ 25.04.2024
    ТШО Теңізде ҰЕҚБЖ жобасының нысандарын іске қосты

    Атырау, Қазақстан, 25 сәуір, 2024 жыл – «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) бірінші өлшеу станциясын төмен қысымға ауыстыра отырып және тиісті қысымды көтеру жүйесін (ҚКЖ) пайдалануға бере отырып, Теңіз мұнай кен орнында Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару (ҰЕҚБЖ) жобасының нысандарын қауіпсіз түрде эксплуатациялауды бастады.

  • #ТШО 06.04.2024
    Су тасқынының салдарын жоюға ТШО 2 миллиард теңге қаражат бөлмек

    Атырау, Қазақстан – 6 сәуір, 2024 жыл – «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) осындай қиын-қыстау кезеңде Атырау облысының тұрғындарымен және Қазақстан халқымен бірге.