• #ТШО 06 сәуір 2024
    Теңізшевройлда жасанды интеллект қалай қолданылатыны туралы айтылды

    «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) өз мамандарының сұрауларына жауап беруге тиімді көмектесетін жасанды интеллекттің жаңа құралдарын енгізуді жалғастыруда. Бұл туралы және цифрландырудың ТШО дамуының маңызды векторына қалай айналғаны жөнінде компания сарапшылары ТШО бас демеуші болған «Атырау Мұнай және Газ» Солтүстік-Каспий өңірлік 21-ші көрмесінде баяндады.

  • #ТШО 23 ақпан 2024
    Теңізшевройл 2023 жылғы қызметінің нәтижелерін жариялады

    Атырау, Қазақстан – 23 ақпан, 2024 ж.– Бүгін «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) 2023 жылғы қызметінің нәтижелерін жариялады: шикі мұнай өндіру 28,9 миллион метрикалық тоннаны (230,6 миллион баррель) құрап, сондай-ақ атмосфераға шығарындылардың жалпы қарқындылығын 2000 жылмен салыстырғанда ең төмен деңгейге дейін төмендеді. Өткен жылы ТШО өндірген барлық құрғақ газды сату Қазақстанның ішкі нарығында жүзеге асырылды. Сондай-ақ компания жергілікті тұрғындар мен өнеркәсіптің қажеттілігі үшін сұйытылған көмірсутекті газының сенімді жеткізушісі болып қала берді.

  • #Өндіріс 20 ақпан 2024
    «Теңізшевройл» мұнай-химия саласының дамуына қолдау көрсетеді

    Теңізшевройл (ТШО) Қазақстан Республикасының (ҚР) мұнай-газ химиясы саласы мен полимерлер нарығына арналған I-ші Халықаралық Petropolymers&PetroChemicals Форумына қатысты. «Petrocouncil» мұнай-газ кеңесі ұйымдастырған іс-шараға тек отандық ғана емес, ТМД, сондай-ақ Қытай мен Түркия елдерінен келген 420-дан астам компанияның өкілдері қатысты.

  • #ТШО 05 ақпан 2024
    ТШО-да еңбек қауіпсіздігі цифрлық трансформацияның дамуына қалай әсер етеді

    «Теңізшевройл» (ТШО) Қазақстанда цифрлық индустрияның жаңа дәуірін құруға бағытталған тәжірибемен және идеялармен алмасу мақсатында ШЫҰ және ЕАЭО елдерінің мемлекеттік қызметкерлері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен министрліктерінің өкілдері ғана емес, сонымен қатар еліміздің ірі салық төлеушілері, жетекші сарапшылар мен кәсіпкерлердің басын қосқан «Digital Almaty» форумына қатысты.

  • #ТШО 30 сәуір 2024
    ТШО еріктілері су тасқыны кезінде Жылыой ауданына гуманитарлық көмек көрсетті

    6 сәуір, түнгі сағат 2-де Құлсарының алғашқы эвакуацияланған тұрғындары, олардың көпшілігі әйелдер, қарттар мен балалар Теңіз кен орны маңындағы вахталық қалашықтарға орналаса бастағанда, Теңізшевройл (ТШО) қызметкерлері бірден еріктілер тобын құрып, гуманитарлық көмек жинауды бастап кетті. 6 сәуір, таңғы сағат 10-ға дейін ТШО мен оның мердігер ұйымдарының қызметкерлері компанияның бас кеңсесінде Жылыой ауданының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинайтыны туралы хабардар болды.

  • #ККЖ-ҰЕҚБЖ 25 сәуір 2024
    ТШО Теңізде ҰЕҚБЖ жобасының нысандарын іске қосты

    Атырау, Қазақстан, 25 сәуір, 2024 жыл – «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) бірінші өлшеу станциясын төмен қысымға ауыстыра отырып және тиісті қысымды көтеру жүйесін (ҚКЖ) пайдалануға бере отырып, Теңіз мұнай кен орнында Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару (ҰЕҚБЖ) жобасының нысандарын қауіпсіз түрде эксплуатациялауды бастады.

  • #ТШО 06 сәуір 2024
    Су тасқынының салдарын жоюға ТШО 2 миллиард теңге қаражат бөлмек

    Атырау, Қазақстан – 6 сәуір, 2024 жыл – «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) осындай қиын-қыстау кезеңде Атырау облысының тұрғындарымен және Қазақстан халқымен бірге.