«ӘИБ» аясында құрылған жобалар

ТШО-ның үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмысының нәтижесі көптеген әлеуметтік мәселелерді шешіп, облыстың әлеуметтік өміріне оң әсерін тигізуде.

production-icon

01

«Білім бәріне»

02

«Экологика» ҚҚ

03

«Біз де адамбыз» ҚҚ

04

«Атырау. Шағын ел» «Атырау. Шағын ел»

05

«Атырау. Шағын ел» «Атырау. Шағын ел»

06

Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығы (ҚОДА)

07

«БолашақК» ҚҚ

08

«БолашақК» ҚҚ

09

МҚБ "Sezual"

10

«Тұлғалық өсу» Integrity» ҚҚ

11

«Тұлғалық өсу» Integrity» ҚҚ

12

«Ой-сана» психологтар қоғамдық бірлестігі

13

КҚ «Білім керуені» / «Caravan of knowledge»

14

Орталық Азияның Еуразиялық Қоры (ОАЕҚ)

15

Орталық Азияның Еуразиялық Қоры (ОАЕҚ)

16

«Біз де адамбыз» ҚҚ

17

«Жүректен жүрекке» ҚҚ

18

«Әлеуметтік бағдарламалар мен инновациялар Қоры» ҚҚ

19

«Зейін-Атырау»

20

«Талаптан» ҚҚ

21

«Janasha» ҚҚ

22

«Айналайын баладан» ҚҚ

«Atyrau EcoFair 2023» ғылыми көрмесі

Жобаның мақсаты: Атырау облысында қоршаған ортаны қорғауды және жасыл инновациялық технологияларды қолдануды ілгерілету.

Жасыл мектеп

Жобаның мақсаты: «Жасыл мектеп» авторлық инновациялық бағдарламасы арқылы 9 бен 14 жас аралығындағы балалар мен олардың ата-аналарына экологиялық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Мүгедектерді тиімді оңалту

Жобаның мақсаты: Атырау облысындағы арбаға таңылған мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту. Олардың қоғамға бейімделуіне жәрдемдесу, психологиялық және эмоционалдық жағдайын бақылауда қолдау көрсету, оңалту процесін жылдам және тиімді жүзеге асыру.

Ат мұратқа жеткізу

Жобаның мақсаты: тірек-қимыл органдарында ақауы бар адамдарға физикалық және психологиялық тәуелсіздікке қол жеткізуге көмектесу, олардың жаңа, өзгермелі жағдайларға бейімделуіне мүмкіндік беру.

Ат мұратқа жеткізу

Жобаның мақсаты: тірек-қимыл органдарында ақауы бар адамдарға физикалық және психологиялық тәуелсіздікке қол жеткізуге көмектесу, олардың жаңа, өзгермелі жағдайларға бейімделуіне мүмкіндік беру.

Жылыойда жұқпалы емес ауруларды емдеу және халықты ақпараттандыруды жақсарту

Жобаның мақсаты: Жылыой ауданы тұрғындарын жұқпалы емес аурулар туралы хабардар ету және емдеуді жақсарту.

Атырау облысында «Ерте қолға алу бағдарламасын» жүзеге асыру

Жобаның мақсаты: балалық шақтағы мүгедектікті барынша азайту, өмір сүру сапасын жақсарту және жүйке-психо-моторлы ақаулары бар балалар мен олардың отбасыларының әлеуметтік интеграциясына жәрдемдесу мақсатында Атырау облысында «ерте қолға алу» бағдарламасын жүзеге асыру.

Атырау облысының оңалту саласындағы мамандардың әлеуетін арттыру

Жобаның мақсаты: Атырау облысындағы жергілікті медицина қызметкерлерінің оңалту саласындағы әлеуетін арттыру және емдеудің тиімді нәтижелеріне қол жеткізу үшін пациенттердің ата-аналары мен туыстарын оңалту үдерісіне белсенді түрде тарту.

Музыкаға арналған электронды алфавиттік Брайль жаттықтырушысы

Жобаның мақсаты: сапалы білім беруге, сауаттылықты арттыруға, еңбек құқықтарын жүзеге асыруға және көру қабілеті нашар жастарды әлеуметтік оңалтуға жәрдемдесу.

Кәсіптік бағдар – мамандықты саналы таңдау

Жобаның мақсаты: әр баланың мамандық таңдаудағы жеке қабілеттерін анықтап, дамыту және балалардың өз бетінше өмір сүру дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа ұрпақ мектебі

Жобаның мақсаты: облыс мектептерінде (Атырау қаласы және Атырау облысы Жылыой ауданы) Z және альфа ұрпақтары үшін білім беру ортасын құру.

Инклюзивті білім беру бойынша педагогтерді ғылыми-әдістемелік бағытта қолдау

Жобаның мақсаты: 2023 жылы ғылыми-әдістеме арқылы инклюзивті білім беретін 125 педагогтың кәсіби біліктілігін қалыптастыру және жетілдіру.

«STEAM білім беруді дамыту»

Жобаның мақсаты: аймақта STEAM білім беруді дамыту бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру.

Жылыой ауданы мен Боранқұл ауылындағы (Маңғыстау облысы) қоғамдық кеңістіктер

Жобаның мақсаты: жергілікті бастамашыл топтар мемлекеттік органдармен серіктестікте қауымдастықтың анағұрлым ауқымды инфрақұрылымдық мәселелерін шешу.

Атыраудағы қоғамдық орындар

Жобаның мақсаты: Атырау қаласының белсенді азаматтарының билікпен серіктестікте жалпы халық үшін қоғамдық кеңістіктерді жақсартуы.

Кедергісіз Атырау

Жобаның мақсаты: қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдарды (мысалы, мүгедектер, кішкентай балалары бар арбаға таңулы ата-аналар, 7 жасқа дейінгі балалар, уақытша жарақат алған, қарт және жүкті әйелдер), сарапшылар мен барлық белсенді азаматтарды әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі және оны шешудің ықтимал жолдары туралы ақпараттандыру.

Корпоративтік волонтерлікті дамыту

Жобаның мақсаты: Теңізшевройлдың корпоративтік волонтерлік және әлеуметтік жауапкершілігін дамыту және енгізу.

«Жарқыра» - Атырау облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

Жобаның мақсаты: Атырау қаласы мен Атырау облысында қоғамдастықтың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерін бизнестің тұрақты шешімін қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық әлеуметтік бастамаларды ілгерілету.

«Қадам» әйелдерді және олардың бизнес - бағдарын қолдау жобасы

Жобаның мақсаты: халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың экономикалық тәуелсіздігін нығайту.

Жас кәсіпкер – жалында

Жобаның мақсаты: Ақкиізтоғай ауылының жастары мен жоғары сынып оқушыларына кәсіпкерліктің негізгі принциптерін үйрету және жаңа технологияларды пайдалана отырып, бизнес-идеяларын жүзеге асыруға көмектесу.

Шектелме

Жобаның мақсаты: Жылыой ауданының 14-29 жас аралығындағы жастарын еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімдеп, заманауи мамандықтарды меңгеруіне ықпал ету.

«Шабыт» сәндік-қолданбалы өнер мектебі

Жобаның мақсаты: Мақат ауданындағы 5-18 жас аралығындағы балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, қолөнерге бейімдеу.